19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Аят-әл күрси оқу

Аят-әл күрси оқу

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аят-әл күрсиді ықыласпен оқыған адамның, адам мен жануар ақылары және парыз қарыздарынан басқа бүкіл күнәлары кешіріледі. Яғни тәубелері қабыл болады. Сүйікті пайғамбарымыз: «Мүмин бір Аят-әл күрси оқып барлық өлілердің рухтарына бағыштаса, мүминдердің қабірлері көз көре алмайтындай түрде кеңейеді және өлілер оның рухына дұға етеді» деген. Хазреті Әли де: «Қабір азабынан құтылу үшін Аят-әл күрсиді көп оқу керек» деген.

Данышпандар әрдайым үйден шығарда міндетті түрде Аят-әл күрсиді оқитын еді. Аят-әл күрси мутлақ қорған. Бір күні Имам Раббани хазреттері үйінде жұбайымен бірге отырған кезінде, терезеден сырттағы адамдардың біріне қарап күлімдейді. Жұбайы, «Неге күлдіңіз?» деп сұрағанында былай дейді:

«Бір мұсылманды көрдім, кетіп бара жатқанында шайтан оң жағынан тиісті, оң жағындағы періштелер басынан ұрды, солға өтті. Сол жақтан тиісті, сол тараптағы періштелер де оны ұрды, алдына өтті. Алдынан да таяқ жеп, артына өтті. Ол жақтан да соққы жегеннен кейін жоғалып кетті. Әлгі адамға зиянын тигізе алмады. Өйткені бұл мүмин үйінен шығарда Аят-әл күрсиді оқыған еді. Аят-әл күрси оқылған кезде періштелер оның айналасына алқа жасайды, шайтан жақындай алмайды. Жатарда оқылған кезде де жақындай алмайды. Тиіскісі келгендерді періштелер осылай бейбақ етеді. Сондықтан, үйге кірерде, шығарда, жатарда Аят-әл күрсиді оқу керек.»

Бір адам да жұмыс бабымен басқа қалаға кетеді. Әйелі сол күні кір жуып, күні бойы үй істерімен айналысып қатты шаршап жатады. Ұрылар: «Не болса да, үйдің иесі жоқ, осы түні мына үйді тонайық» деседі. Түн жарымында келеді. Қараса, үйдің айналасы жартыға дейін дуалмен қоршалған. Қанша тырысса да, дуалды асып өте алмайды. Екінші түні де келеді, бұл жолы дуал төбеге дейін қоршалған болады. Тағы да ештеңе істей алмай қайтады. Үшінші күні ұрылар үйдің иесін базарда көріп, жанына келіп, «Аға, бізді кешіріңіз, ғажайып нәрселер болғаны үшін айтып жатырмыз. Сіз кеткеннен кейін сіздің үйіңізді тонауға бардық, бірақ тонай алмадық. Күндіз үйдің айналасында дуал жоқ еді, түнде келген кезде үйдің айналасында жартылай дуал бар еді. Екінші түні келдік, бұл жолы дуал төбеге дейін еді» деп айтып береді. Бұл адам үйіне келгеннен кейін әйеліне болғандарды айтып береді де: «Бұлай болуы үшін қандай дұға оқыған едің?» деп сұрайды. Әйелі: «Бірінші күні қатты шаршаған едім, Аят-әл күрсиді соңына дейін бітіре алмай ұйықтап қалыппын. Екінші күні толық оқып ұйықтадым» деген екен. Олай болса, әр мүмкіндікте Аят-әл күрсиді оқуды мүлт жібермеу керек.