14 - Шәууал, 1445 жыл.
     23 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Харам істеуде исрар ету (қайтпау)

Харам істеуде исрар ету (қайтпау)

38 - Күнә істеуге қасд ету (бел байлау), оны аз істесе де, сол күнәда табан тіреп одан қайтпағандық болады. Қасд ету (Бел байлау) – ниет етумен, қалаумен және шешім қабылдаумен іске асады. Шешім қабылдап күнәны бір рет жасаса да күнәда исрар (табандылық) болады. Еш жасамаса, бірақ әрқашан жасауға бел байласа, істеймін деп шешім қабылдауы исрар болмайды. Әрдайым істеуге шешім қабылдап және істеп өкінсе, тәрк етсе, бұл күнәда исрар болмайды. Қайтадан істеп тағы тәубе етсе, тағы исрар болмайды. Күнде көп рет жасап, әрбірінен кейін тәубе ету де күнәдан қайтпау болмайды. Тәубе еткенде, күнә істегеніне өкініп қайғыру және күнәдан дереу бас тарту және бұдан былай қайталамауға шешім қабылдау шарт. Бұл үш шартты жасамай, тек қана тілімен тәубе ету, өтірікшілік болады. Кіші күнәларда исрар ету (қайтпау), үлкен күнә болады. Бұл бір үлкен күнәны бір рет жасаудан да үлкен күнә. Тәубе еткенде үлкен күнә да кешіріледі. Кішкентай күнәні кіші көру үлкен күнә болады. Кішкентай күнә істегенін мақтанып айту, үлкен күнә болады. Кішкентай күнә істеген адамды ғалым және салих деп санау да үлкен күнә. Кіші күнә жасағанда да, Аллаһу та’аладан және Оның азабынан қорқу қажет. Аллаһу та’аладан ұялмаса және азапқа ұшырайтынын ойламаса үлкен күнә болады.