19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Ахлақ ілімі және Ислам дінінде Ахлақ тәрбиесі

Ахлақ ілімі және Ислам дінінде Ахлақ тәрбиесі

Көңіл мен рухтың жағдайларын және істерін зерттейтін ілімге «Ахлақ ілімі» делінеді. Адамның жалғыз кезіндегі бұл жағдайлар мен істер тоғыз бап ретінде білдірілген. (Біз кітабымызға бұлардың тек алты бабын ғана енгіздік.)

 

БІРІНШІ БАП

Бұл жерде мінездердің түрлері, жақсы және жаман нәрселер баяндалады. Мінез – көңіл мен рухтың әдеті, яғни үйреніп қалған нәрсесі деген сөз. Осы әдетпен, ойлануды қажет етпей әрекет етеді.  Орныққан мінезге «әдет» делінеді. Өткінші болған мінезге «жағдай» делінеді. Мысалы күлу, ұялу – бұлар жағдай. Жомарттық, батылдық – бұлар әдет. Ахлақ, яғни мінез деген кезде әдет түсініледі. Кейде жақсылық жасау мінезден болмайды. Әрдайым қайырымдылық істеп жүрсе, жомарт мінезді делінеді. Әрдайым, бірақ өзін қинап істейтін болса, жомарт мінезді болмайды. Оңайлықпен, қуана-қуана істесе мінез делінеді.

Жақсы және жаман амал істеуге адамның мінезі себеп болады. Немесе жақсы және жаман болмаған нәрсеге себеп болады. Біріншісіне «Ізгілік» немесе жақсы мінез делінеді. Жомарттық, шәжаат, яғни батылдық, жұмысақтық осыған жатады. Екіншісіне «Рәзалат» (масқаралық) немесе жаман мінез делінеді. Сараңдық және еркектерде қорқақтық осыған жатады. Үшіншісіне ізгілік те, рәзалат те делінбейді. «Өнер» делінеді. Тігіншілік, егіншілік осыған жатады. Бұл кітапта біріншісі мен екіншісі баяндалады.

Көңіл (жүрек) мен рухтың екі қуаты болатынын алғы сөздің соңғы бетінде айтқан едік. Біріншісі, «Қууа-и алима» және «Мудрика» деп аталатын «ұғыну қуаты» еді. Бұл қуатқа «Нутқ» және «Ақыл» деген едік. Бұл қуатпен ақыл қабыл ете алатын нәрселерін түсінеді. Екіншісі, әрекет еткізетін «Қууа-и амилә» (іс атқарушы қуаты) еді. Екі қуаттың әрбірі екіге бөлінеді. Ақылдың бірінші бөлігіне «Хикмети назари», екінші бөлігіне «Хикмети амали» делінеді. Іс атқарушы қуаттың бірінші бөлігіне «Шәһует» делінеді, бұл ләззатты, зауықты нәрселерге қауышуды қалайтын қуат. Екінші бөлігіне «Ашу» делінеді, бұл ұнатпайтын нәрселерден ұзақ тұруды қалайтын қуат. Осы төрт қуаттан әртүрлі амалдар пайда болады. Бұл амалдар ақылға сай, жақсы, нұқсан болудан және тым асырып жіберуден құтылған болса, бұларды істеген мінез ізгілік (жақсы мінез) болады. Нормасына жетпейтін нұқсан немесе нормасынан асып кететін артық істерді жасайтын мінез рәзалат (шәрменделік) болады. Ақылдың назари қуаты жақсы дамыған болса, ол мінезге «Хикмет» делінеді. Екінші қуаты болған «Хикмети амали» қуаты жақсы қалыптасқан болса, ол мінезге «Әділет» делінеді. Көңіл мен рухтың іс атқарушы қуаттарының шәһуани қуаты жақсы орныққан болса, ол мінезге «Ұят» делінеді. Ашулық бөлігі керекті деңгейінде болса, ол мінезге «Батылдық» делінеді. Жақсылықтардың басы – осы төрт мінез. Әділеттің азы-көбі болмайды. Қалған үшеуінің асып кетуі және нормаға жетпей қалуы адам үшін рәзалат (масқаралық) болады. Хикмет қуатының керегінен асып кетуі «Жәрбәза», яғни білгішсіну болады. Ал нұқсан болуы «Бәладат», яғни ақымақтық болады. Әділеттің артығы мен нұқсаны болмайды. Бірақ терісі болады, ол «Зұлымдық» болады. Ұят қуатының нормадан асып шектен шығып кетуі «бұзылғандық» (ұятсыздық) болады. Ал нұқсан болып нормасына жетпей қалса «Хумуд», яғни аса ұялшаңдықпен табиғи қажеттіліктерінің алдында осал болып тоқтап тұру болады. Батылдық қуатының шектен тыс болуы «Тәһәуур», яғни құтырғандық болады. Кем болуы – қорқақтық. Ахлақтың бұл түрлері Имам Ғазали хазреттерінің «Ихйа» кітабында осылай баяндалған. Абдулғани Наблусидің «Хадиқат-ун Нәдийа» кітабында да жазылған. Бұл кітап арап тілінде, Стамбұлда «Хақиқат кітап үйі» тарапынан офсеттік жолымен басылған. Кейбір ғалымдардың айтуынша хикмет, ұят және батылдық қуаттары бір араға жиналса, сонда адамда «әділет» қуаты пайда болады.

Жәрбәза (білгішсіну) мінезді адам рухтың түсіну қуаты болған ақылын дәйім қулық жасау, өсек айту, масқаралау үшін қолданады. Бәладат (ақымақ) мінезді адам ақиқаттарды қақпайтын түсінігі бір түрлі болады. Ондайлар жақсы-жаман нәрселерді бір-бірінен ажырата алмайды. (Мысалыға әһли бидғат болған мазһабсыздар осы тайпаға жатады.) Тәһәуур (психопат, құтырған) мінезді адам өзін отқа-суға ұра беретін, ойламай қауіпке тастайтын болады. Әліне қарамай өзінен күшті дұшпанмен төбелесуге шығады. Қорқақ болған адам сабыр ете алмайды. Шыдамсыз, төзімсіз жылауық болады. Ондайлар ақысын ажыратып ала алмайды. Осындай рухани қуаттарын нормадан төмен не асқан халде ұстайтын бұзық мінезді адам тамақтануда және үйленуде мәкруһтар мен харамдарға беріледі. Ондайлар жаман істерден зауық алғыш боп келеді. Хумуд мінезді адам да халал болған ләззаттарды, заңды болған қалауларды, табиғи қажеттіліктерді істеуге ұялып-қысылып тәрк етеді. Нәтижеде не өзі құриды, не нәсілі тоқтайды.

Адамдардың бүкіл жақсы мінездері жоғарыда айтылған төрт мінезден туындайды. Адамның бойында осы төрт мінез бар болса, сонымен абырой табады, ел ішінде мақталып-мадақталады. Тіпті өз тегімен, туыстарымен мақтанатын адамдар, оларда дәл осы мінездер болғаны үшін мақтанады.