27 Мамыр 2017   


  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Жатарда оқылатын дұғалар

Жатарда оқылатын дұғалар

Төсекке жатарда оң алақанды оң бетке қойып оң жанымен, бетті құбылаға қаратып ұйықтау сүннет болып табылады. Жатарда төсекке дәретті болып жату және жатарда оқылатын дұғаларды оқып жату керек.

Сәйид Абдулхаким Аруаси хазреттері былай деген:

Төсегіңе дәретпен, Әузу Бисмилләһ айтып жат! Оң жағыңмен, құбылаға қарап жат! Оң алақаныңды оң жақ жағыңның астына қой! “Әузу Бисмилләһ” пен бір Аят-әл-күрсиді оқы! Сосын Бисмилләһпен үш Ихлас, бір Фатиха, сосын бір реттен Фалақ және Нас сүрелерін оқы! Кейін үш рет истиғфар дұғасын, яғни «Әстағфируллаһ-әл-азыйм әлләзи ла илаһа илла һу» деп оқы! Үшіншісінде «әл-хаййәл қаййумә уә әтубу иләйһ» деп қос. Содан кейін он рет «Тәуәккәлту алаллаһ уә ла хаулә уә лә қууата илла биллаһ» дұғасын оқы! Оныншысын оқығанда «-һил алийул азыйм әлләзи ла илаһә илла һу» деп қосып оқы! Сосын «Аллаһуммәғфир ли уә ли уәлидәййә уә лил-муъминина уәл му’минат», бір рет «Аллаһумма салли алә сәййидина Мухаммәд», бір рет «Аллаһумма Раббәна атина фиддунйа хасанәтән уә фил ахирати хасанәтән уә қина азабәннар би рахматика йа Әрхамаррахимин», үш, он, қырық немесе жетпіс рет истиғфар, яғни «Әстағфируллаһил-азим...» және бір рет кәлима-и тәуһид, яғни «Ла илаһә иллаллаһ, Мухаммәдун расулуллаһ» деп оқы! (Ислам ахлақы)

 

Әр түні Әмәнаррасулу-ді оқыған адам түндерін ғибадатпен өткізгендей сауапқа қауышады. Түнде жатарда Тәбарәкә сүресін оқыған адам қабір азабынан сақталады, Қадір түнін ғибадатпен өткізгендей сауапқа қауышады.

Әр түні Ясин сүресін оқыған адам таңын кешірілген болып қарсы алады.

Әр түні жатарда жүз рет «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар» деп оқыған адам, өзін есепке тартқанда күнәларын кешірткен болады.

 

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Төсекке кіргенде үш рет “Әстағфируллаһ-әл-азыйм әлләзи ла илаһа илла һуәл хаййул қаййум уә әтубу иләйһ” деп оқыған адамның күнәлары, теңіз көбігіндей көп болса да, кешіріледі.» (Тирмизи)

«Жатар алдында Фатиха және Ихлас сүрелерін оқыған адам, өлімнен басқа барлық жамандықтан сақ болады.» (Бәззар)

«Жатар алдында Мүлк (Тәбәрәкә) сүресін оқымастан ұйықтама! Өйткені өлген жағдайда қабірде саған жолдас болады.» (Әйухәл уәләд Илмихалы)

«Құранда отыз аяттық бір сүре бар. Оқыған адамға кешірілгенге дейін шапағат етеді. Ол – “Тәбәракәлләзи би йәдиһил мүлк” деп басталатын сүре.» (И. Ахмед)

«Расулуллаһ Сәжде сүресі мен Мүлк сүресін оқымастан ұйықтамайтын.» (Тирмизи)

«Жатарда Аятәл Күрсиді оқыған адамға шайтан жақындай алмайды.» (Шәуәхидун-Нубууә)

 

Бастырылудан құтылу үшін дұға

Бастырылудан құтылу үшін жатар кезде төсекке дәретпен жату керек. Әузу-бисмилләһ айтып, оң жағымен құбылаға қарсы жатып, оң алақанды бетіне қойып жату керек. Аят-әл курси, үш Ихлас, Фатиха, Фәлақ және Нас сүрелерін оқу керек. Одан кейін үш рет «Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу» оқып, үшіншісіне «Әл хаййул қаййума уә әтубу иләйһ» деп қосу керек. Одан кейін он рет «Лә хаула уә лә қууата иллә билләһ» оқып, оныншысына «..һил алийил азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу» деп қосу керек!

Құрайш сүресін түнде жатарда 11 рет оқу керек.

Төмендегі хадис шәрифтерде білдірілген дұғаларды оқу керек:

«Бисмилләһилләзи лә йәдурру мә’асмихи шәй ун фил әрди уә лә фиссама’и уә хуәссәми’ул алим» дұғасын азанда 3 рет оқығанға кешке дейін, кешке оқығанға азанға дейін ешқандай бәле келмейді.» (Ибн Мажа)

«Әузу бикәлимәтил-ләһит-таммәти мин шәрри мә халәқа» дұғасын оқығанға, сол жерден кеткенге дейін ешнәрсе зиян бере алмайды.» (Мүслим)