19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Шәжаат пен әділетке ұқсаған жаман мінездер

Шәжаат пен әділетке ұқсаған жаман мінездер

4) Шәжаатқа (ержүректілікке, батылдыққа) ұқсаған жаман мінез де мынадай болады: Ондайлардың шәжаат, батылдық танытуы – шәжаат мінезіне қол жеткізіп, тәһәуур (ашушаңдық) және қорқақтық деген жаман мінездерден құтылу үшін емес. Дүниелікке, мал-мүлікке, абыройға қол жеткізу үшін өзін осындай қауіпке тастайды. Немесе атақты болуды көздейді. Мал-мүлік жинау үшін мұсылмандардың жолын кеседі, малдарын тартып алады, үйлеріне көз тігеді. Осыларды істей алу үшін өзін қауіпке тастап, ержүрек болып көрінеді. Бұлардың арасында қолға түсіп қалғандар, қаншама жәбірге шыдап, тіпті мал-жанын беруге де разы болып, қылмыстағы сыбайластарын жасыруды ержүректік, шәжаат деп санайды. Алайда, бұл оңбағандарда шәжааттың иісі де жоқ. Шәжаат иесі (ержүрек) болған адам, ақыл мен дін ұнатқан нәрсені орындау үшін атылып шығады. Халыққа, үкіметке қызмет етуді, сауап табуды көздейді. Шәжаат деген жақсы мінезге қол жеткізіп, Аллаһу та’аланың разылығына жетуді жақсы көреді. Қасқырдың, жолбарыстың шабуылдары да сырттан қарағанда батырдың шабуылына ұқсайтын болса да, шәжаатқа ешқандай қатысы жоқ. Жыртқыштар күш-қуаттары мен жаратылысы талап еткенде шабуылдап зиян береді. Жақсы ниетпен және жақсылық жасау, сауап алу үшін атылмайды. Өздеріне шамасы келмейтін, әлі жетпейтін, әлсіз болғандарға шабуылдайды. Қаруланған және күшті бір адамның, қарусыз, жалаңаш, аш болған адамға шабуылдауы да осындай. Ал бұл нәрсе ержүректік болмайды. Шәжаат (батырлық, ержүректік) дегеніміз – ақылмен, зейінмен, білімімен шабуылдауды дұрыс көру, дүниелік табысты ойламай, рухында шәжаат деген жақсы мінезді бар қылуды, тәһәуур (ашушаңдық) мен қорқақтық деген жаман мінездерден құтылуды қалау деген сөз. Мұндай адам зиянды, жаман іс жасаудан өлуді артық көреді. Абыроймен өлуді, абыройсыз өмір сүруден үстем деп біледі. Қарабет болып өмір сүруді құрметпен еске алынуға ауыстырады. Шәжаатта жаралану мен өлім қауіпі болғаны үшін, басында ләззатты болмауы мүмкін. Бірақ соңында, дүние мен ахирет табысының және жеңістің ләззатымен шексіз ләззатты болады. Әсіресе Ислам дінін қорғау, Расулуллаһтың нұрлы дінін жаю үшін жанын қиып «шаһид болу» ләззаты, дүние мен ахирет рахаттықтарының ешбірінде табылмайды. Али Имран сүресінің 169-шы аятының мағынасында: «Аллаһ жолында жандарын бергендерді өлі деп санамаңдар! Олар тірі. Раббыларының ниғметтеріне қауышқан» делінген. Шәжаатты мақтаған хадис шәрифтер санауға келмейтіндей өте көп. Жихадтан қашу – адамды өлімнен құтқармайды. Өмірді ұзартпайды. Дұшпан қоршауында жалғыз қалу да адамды өлтірмейді, жоқ қылмайды. Ажал, алға немесе артқа жылжымайды. Адамның өмірі өзгермейді. Керісінше, қашудың өлімге себеп болатындығы көп байқалған. Дұшпанның алдында төтеп беру де жеңіске және амандыққа жеткізеді. Хазреті Муауия “радиаллаһу анһ” былай деген:

Сыффин соғысында қашуға ниет еткен едім, «Сабыр еткен адам бәледен құтылады» хадис шәрифі есіме түсті. Сабыр еттім, шыдадым. Аллаһқа шүкір, қашудан құтылдым. Осы сабырымның арқасында халифалыққа қауыштым.

Шәжааттың негізі – Аллаһу та’аланың тағдырына разы болу, Оған тәуекел ету, Оған сену. Аллаһтың арыстаны, шәжаат өзенінің қайнары, уилаят бақшасының гүлі болған хазіреті Әли “радиаллаһу анһ” Сыффин соғысындағы шабуыл кезінде басы ашық, жеңі түрілген күйде жүгіріп мына шумақты оқитын еді:

 

Өлімнен қашу тек екі күні дұрыс болмайды:

Ажал келген күні және ажал әлі келмегенде,

Ажал келген болса қашудан еш пайда шықпайды,

Ал келмесе, лайықты шара табылмас өлуге де.

Мал-мүлкінен, мансабынан айрылғаны үшін немесе дұшпан қолына тұтқынға түскені үшін жанын қиған, яғни өз-өзін өлтірген ақымақтарда шәжаат емес, қорқақтық бар. Шәжаат иесі болған адам дерттерге, бәлелерге қарсы төтеп беріп, шыдайды, сабыр етеді. Бұл ақымақтар болса, өлу арқылы қиыншылықтан құтыламын деп санайды. Олар өте надан адамдар. Өлгеннен кейін одан да көп қиыншылықтарға, қасіреттерге түсетінін білмейді. Өз-өзін өлтіру, басқаны өлтіруден де үлкен күнә. Өте ауыр азап шегеді. Ақылынан айырылғаннан кейін өз-өзін өлтірген адам мұндай емес. Аллаһу та’аладан өлімді емес, денсаулық пен амандықты сұрау керек.

5) Әділетке ұқсаған жаман мінез де бар. Бұл мінез ар-намысқа ұқсаған жаман мінезге жақын. Әділет деген жақсы мінезден мақрұм болған бір жаман адам, жүрген жерлерінде әділетті мадақтайтын плакаттар іледі. Әділет туралы айтады, мақалалар жазады. Ең жаманы – әділетті басқаратын міндеттерді, кафедраларды басқарады. Адамдар көрсін деп әрдайым әділ адамдармен бірге жүреді. Ал ішкі дүниесі зұлымдық, кекшілдік, өшке толған. Әділет болса, мінезі мен әрекеттері дінге және ақылға сай болу деген сөз. Сыртқы көрінісінің іші сияқты болуы деген сөз. Адамдардың арасында да, жалғыз қалған кезде де өзіндей болу, өзгермеу. Екі жүзділік – әділет емес, мұнафықтық. Өлең:

 

Ғибадатты пәк ниетпен атқару керек

Ештеңеге жарамайды іші бос пісте