22 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Намаз / Руку мен сәждеге қатысты сұрақтар

Руку мен сәждеге қатысты сұрақтар

Сұрақ: Аллаһтан басқаға сәжде ету күпір емес пе? Күпір болса, неліктен Аллаһ періштелерге хазреті Адамға сәжде етуді әмір етті? Неліктен мұсылмандар Қағбаға сәжде етеді?

Жауап: Ғибадат ету ниетімен Аллаһтан басқаға сәжде ету әрине күпір болады. Тек құрмет көрсету үшін орындалса күпір емес, харам болады. Өйткені Адам алейһиссаламнан Ибрахим алейһиссаламға дейін сәлемдесу, бір-біріне сәжде ету арқылы орындалатын еді. Кейіннен бұның орнына құшақтап амандасу әдет болды. Мұхаммед алейһиссаламның заманында қолмен мүсафаха ету (қол алысу) сүннет болды.

Сәжде Қағбаға қарай жасалады. Қағбаның өзіне арнап сәжде етілмейді. Қағба үшін сәжде еткен адам кәпір болады. Қағба –бұл құбыламыз, яғни ғибадаттардың қабыл алынатын бағыты. Мұсылмандар ғибадат еткенден сол құбыла бағытында Аллаһқа сәжде етеді. Әйтпесе ешбіріміздің орындап жүрген сәжделеріміз Қағба үшін емес, Аллаһ үшін жасалуда. Сол бағытты көрсетіп тұратын белгі бұл Қағба деп аталатын ғимарат. Аллаһу та’ала да періштелерге Адам алейһиссалам бағытында қарай Өзіне сәжде етуді әмір етті. Бірақ Ібіліс бұны қабыл етпеді. Адам алейһиссаламға құрмет үшін сәжде етуді әмір ете алатын еді. Жоғарыда білдірілгендей, Адам алейһиссалам заманында сәлемдесу адамдардың бір-бірлеріне сәжде етулері арқылы атқарылатын еді. Осы мағынада болса да Ібіліс Адам алейһиссаламға құрмет көрсетуді қабылдамады. Негізінде Аллаһу та’аланың әміріне қарсы шықты. Қарсы шығу неліктен күпір болсын деген ой келуі мүмкін. Ібіліс Аллаһу та’аланың бұл әмірін ұнатпады, «Оттан жаратылған болмыс топырақтан жаратылғанға қалайша құрмет көрсетеді, бұл әмірің қателік» деді. Аллаһу та’аланың әмірін ұнатпағаны үшін кәпірлерден болды.

 

Биіктеу жерге сәжде ету

Сұрақ: Мешітте минберге шығылатын төрт саусақтың еніндей биіктіктегі баспалдақта сәжде етеміз. Мәкрух болады ма?

Жауап: Иә, мәкрух болады. "Сәадәти Әбәдийа" кітабында былай делінген:

"25 сантиметрден азырақ болған шығыңқы жердің үстінде сәжде ету мәкрух. Өйткені Расулуллаһ шамалы шығыңқы болған жерде де сәжде етпеген". (Ибн Абидин 338 бет)

Сәждеге баратын жер кішкене биіктеу болса да жаиз еместігі "Жами-ур-румуз" кітабының 69 бетінде және Шәлбидің "Тәбйин хашиясы"нда жазылған. Сондықтан үзірі бар болғандар да, кішкене болса да шығыңқы жерде сәжде етпеулері керек.

 

Жалғыз оқитындар үшін

Сұрақ: Намазда рукуда 5, 7, 9 немесе 11 рет «Субханә рабиал азыйм» десек, сәждеде де рукудегімен бірдей мөлшерде «Субханә рабиал а’лә» деуіміз керек пе?

Жауап: Рукуда 7 рет тәсбих айтылған болса, сәждеде де дәл сол мөлшерде айту қажет емес, 3 немесе 11 рет айтуға да болады.

 

Сұрақ: Бір қажеттілік салдарынан бесінді «асри әууәл»-де, ал екіндіне «асри сани»-де оқысақ, құптанды да «иша-и сани» уақытында оқуымыз керек пе?

Жауап: Жоқ, екіндіні асри саниде оқыған кезде құптанды да иша-и саниде оқу қажет емес. Бірақ жамағатпен оқылмайтын болса, әр уақытта екіндіні асри саниде, ал құптанды иша-и саниде оқыған жақсы. Осылайша Имам ағзам хазреттерінің қаулысына да сай оқылған болады.

 

Руку мен сәждеде тәсбих

Сұрақ: Руку мен сәждеде үш рет тәсбих айтатындай уақыт тұру уәжіп пе?

Жауап: Бір рет айтатындай уақыт тұру уәжіп. Үш рет айтатындай уақыт тұру сүннет. Бірақ үш рет айтатындай уақыт тұру уәжіп деген ғалымдар да болған.

 

Сәжденің екеуі де парыз

Сұрақ: Сәжденің бірі парыз, екіншісі сүннет екенін айтып жүргендер бар. Сәжденің екеуі де парыз емес пе?

Жауап: Сәжденің екеуі де парыз. (Рәдд-ул Мухтар)

 

Сәждеге бару мүмкіндігі болмаса

Сұрақ: Камера тар болып сәжде ете алмайтын қамаудағы адам намазын қалай оқиды?

Жауап: Камера тар болып сәжде етуге мүмкіндік болмаса, отырып ишарамен оқиды. (Мәрақил фәлах)

 

Көзілдірікпен намаз оқу

Сұрақ: Намазда көзілдірікті шешу керек пе?

Жауап: Сәждеде маңдайды жерге қою парыз. Мұрынды да бірге қою уәжіп. Егер көзілдірік мұрынның жерге тиюіне кедергі болса мәкрух болады. Көзілдірік таққан адам маңдайы мен мұрнының жерге толық тиюі үшін басын қатты басатын болса, көзілдірікті сындыруы мүмкін. Осындай қиындықтар болмаса көзілдірікпен оқуға да болады.

 

Саусақ ұштарын құбылаға қарату

Сұрақ: Сәждеде аяқтарды жерге тигізу және аяқ саусақтарын құбылаға қарату парыз ба?

Жауап: Сәждеде екі аяқты немесе ең болмағанда әр аяқтан бір-бір саусақты жерге тигізу парыз, уәжіп немесе бір қаулы бойынша сүннет. Яғни екі аяқ жерге тимесе намаз сахих болмайды немесе мәкрух болады. Аяқ саусақтарын бүгіп ұштарын құбылаға қарату парыз емес, сүннет. Парыз дегендердің қателескендігі «Рәдд-ул Мухтар»-да жазылған. Сәждеде маңдай, мұрын және аяқтар жерден азғантай уақыт көтерілген болса зияны болмайды. (С.Әбәдийа)

 

Рукуды ұмытқан кезде

Сұрақ: Рукуды ұмытып сәждеге кеткен адам сәждені орындағаннан кейін рукуды ұмытқанын есіне түсірсе не істейді?

Жауап: Тұрып рукуды орындайды, кейін сәждеге қайта кетеді. Алдыңғы сәжделерге мән берілмейді. Яғни олар бұдан кейін өтпейді. Өйткені намазда тәртіп парыз. Яғни парыздарды ретімен орындау парыз. Руку парызын кешіктргені үшін намаздың соңында сәһу сәждесін де жасайды.

 

Тәсбихтерді тақ қылып айту

Сұрақ: Имам Раббани хазреттері «Руку мен сәжделерде тәсбих ең аз дегенде үш рет айтылады. Көбі жеті немесе он бір» деген. Бұл сөзден бес және тоғыз реттен айту жаиз емес деп түсіну керек пе?

Жауап: Жоқ. Бұл сөйлемнің дәл астында: «Күші жеткілікті болған адамның қиындығы болмаған кездерде, жалғыз оқығанда тәсбихтерді ең аз мөлшерде айтуы ұялатындай жағдай. Ең болмағанда бес рет айту керек» делінген. Тәсбихтың көбі жеті рет, тоғыз немесе он бір рет айту да жаиз, мүстаһаб, жақсы. Тақ болуына мән беріп айту керек.

Имам Раббани хазреттері Мәулана Салихқа бақшадан бірнеше қалампыр әкелуін әмір етті. Оның алты дана калампыр әкелгенін көрген кезде былай деді:

«Біздің ең төмен шәкіртіміз ең аз дегенде «Аллаһу та’ала жалғыз, сондықтан таққа мән бергендерді жақсы көреді» хадис шәрифін біледі. Таққа мән беру мүстаһаб. Адамдар мүстаһабты не деп ойлайды өзі? Мүстаһаб – Аллаһу та’ала жақсы көретін нәрселер деген сөз. Егер бір адам дүние мен ахиретті жинап Аллаһу та’ала жақсы көретін бір мүстаһаб нәрсе үшін беріп жіберетін болса, бұл жолда түк те беріп жарытпаған болады.»

 

Раббана ләкәл хамд

Сұрақ: «Раббана ләкәл хамд» орнына «Раббана уә ләкәл хамд» деу жаиз ба?

Жауап: Жаиз болса да «Раббана ләкәл хамд» деу жақсырақ.