18 Қазан 2017   


  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Аллаһтан қорқудың маңызы

Аллаһтан қорқудың маңызы

Сұрақ: Өте күнәхар бір адам балаларына «Аллаһтан маған беретін жазаларынан қатты қорқамын. Мен өлген кезде денемді жағыңдар. Күлімді әр жерге шашыңдар!» деп өсиет қалдырады. Өлген кезде оның денесін жағады. Ахиретте Аллаһу та’ала шіріп топырақ болған адамдарды тірілткеніндей, бұл адамды да тірілтіп, сұраққа тартады. «Неге денеңнің жағылуын қаладың?» деп сұрайды. Ол: «Йа Раббым, «Азабым өте ауыр» дедің. Мен сенен қатты қорыққаным үшін осылай істедім» дейді. Аллаһу та’ала: «Менен қорыққанды кешіремін» деп оны кешіреді. Бұл оқиға дұрыс па? Дұрыс болса «Мені жағыңдар!» деп өсиет ету жаиз ба?

Жауап: Айтып берген оқиғаңыз «Бұхари, Мүслим, Нәсаи, Мууатта» сияқты хадис кітаптарында білдірілген. Яғни хадис шәриф сахих, дұрыс. «Мені жағыңдар!» деп өсиет қалдыру мүлдем жаиз емес. Өсиет етілсе де, дінге қайшы болған өсиет орындалмайды. Кәпірдің денесін де жағуға болмайды. Бұл кісі бұрыңғы үмметтерден еді. Өте күнәхар болғаны үшін осы жолмен жоқ болып Аллаһтың ауыр азабынан құтыламын деп ойлаған. Әрине бұлай ойлағаны қате. Бұл жерде білдірілген жәйт – Аллаһтан қорқудың маңызы. Екі аяти кариманың мағынасы мынадай:

«Аллаһтан қорқыңдар да құтылыңдар.» (Али Имран 200, Маида 100)

«Ең қадірлі болғандарың – Аллаһтан ең қатты қорыққандарың.» (Хужурат 13)

 

Екі хадис құдсидің мағынасы мынадай:

«Құлыма екі қорқыныш пен екі сенімділік бермеймін. Дүниеде маған сенімді болған адам, ахиретте менен қорқады. Дүниеде қорыққан адам, ахиретте маған сенімді болады.» (Әбу Нуайм)

«Дүниеде менен қорыққан адам қияметте қорқыныштардан сақ болады.» (И.Ахмед)

 

Екі хадис шәрифтің мағынасы да мынадай:

«Өмірінде бір рет Аллаһтан қорыққан адам Жаһаннамнан шығады.» (Тирмизи)

«Адамдарды Жәннатқа кіргізетін амал – адамдардың Аллаһтан қорқуы.» (Хаким)