11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / ЖӘННАТ ЖОЛЫ ИЛМИХАЛЫ

ЖӘННАТ ЖОЛЫ ИЛМИХАЛЫ

Алғы сөз

Аллаһу та’ала адамдардың дүние мен ахиретте бақытты болуларын, рахатқа бөленулерін, бір-біріне көңіл қойып, бауырлардай өмір сүрулерін үйрету үшін және өзіне құлдық міндеттерінің қалай орындалатынын білдіру мақсатымен оларға пайғамбарлар жіберді “алейһимуссалауату уаттаслимат”. Адамдардың барлық тұрғыдан ең үстемдері болған осы таңдалған елшілер себебімен құлдарына ең жақсы өмір сүру жолдарын көрсетті. Пайғамбарлардың “алейһимуссалауату уаттаслимат” ең үстемі, ең соңғысы болған Мұхаммед алейһиссаламның дүниенің барлық жерінде қияметке дейін келетін бүкіл адамзаттың пайғамбары екенін хабарлады. Аллаһу та’аланың қатты жақсы көрген осы пайғамбарына періште арқылы жиырма үш жылда жіберген «Құран кәрім» атты үлкен кітабында әмірлері мен тыйымдарын білдірді. Құран кәрім арапша болғаны үшін және өте нәзік білімдер мен ақыл түсіне алмайтын нәрселерді қамтығаны үшін, Мұхаммед алейһиссалам бұл кітапты толығымен, басынан соңына дейін асхабына “алейһимурридуан” өз сөздерімен түсіндіріп берді. «Құран кәрімді менің түсіндіргенімнен басқаша түсіндіретін адам кәпір болады» деді. Ислам ғалымдары “рахима-һумуллаһу та’ала” пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” жасаған түсініктемелерді Асхаби кирамнан естіп, ел түсіне алатындай дәрежеде ашып, жеңілдетіп баяндады және тәфсир кітаптарына жазды. Бұл ғалымдарға Әһли сүннет ғалымдары делінеді. Әһли сүннет ғалымдарының “рахима-һумуллаһу та’ала” Құран кәрімнің түсіндірмесінен және пайғамбарымыздың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” «Хадис шәриф» деп аталатын сөздерінен жинап жазған діни кітаптарына «Илмихал» кітаптары делінеді. Аллаһу та’аланың Құран кәрімде білдірген «Ислам дінін» дұрыс үйренгісі келгендердің осы илмихал кітаптарын оқулары қажет.

Қазір біз ұсынып отырған «Жәннат жолы» илмихалының негізгі атауы «Мифтах-ул Жәннат», яғни жәннат есігінің кілті. Хижри қамари 885 (м. 1480) жылы Эдирне қаласында қайтыс болған Мұхаммед бин Қутбиддин Изники “рахима-хуллаһу та’ала” жазған.

Ұлы Ислам ғалымы Сәйид Абдулхаким Аруаси мырза “рахима-хуллаһу та’ала” «“Мифтаһул Жәннат” илмихалының авторы салих бір адам еді. Оқығандарға көп пайдасын тиізеді» деген. Сол себептен, бұл кітапты жаюдамыз. Бірнеше жерінде жасалған түсіндірмелер тік жақша [ ] ішіне қойылды. Бұл түсіндірмелер басқа кітаптардан алынып қойылған. Олардың ешбірі жеке пікірлер емес. Аллаһу та’ала барлығымызды тұзақ құрып күтіп отырған Ислам дұшпандарының және мұсылман атын жамылып, тіпті дін адамы сияқты көрінген адасқандардың, мазһабсыздардың, дін реформашылардың тұзақтарына түсіп бөлінуден, бөлшектенуден сақтасын! Барлығымызды сүйікті пайғамбарымыздың “саллаллаһу та’ала алейһи уәсәлләм” жолында, ізінде болған «Әһли сүннет» мазһабында біріктірсін! Бір-бірімізді жақсы көруді, бір-бірімізге жәрдемдесуді нәсіп етсін! Амин.

[Адам бір іс жасамақшы болған кезде, алдымен көңіліне бір ой келеді. Бұны жасауды қалайды. Бұл қалауға «ниет» делінеді. Бұл істі орындау үшін мүшелеріне әмір береді. Әмір беруіне «қасд, тәшәббус» делінеді. Мүшелердің орындауына «кәсб» делінеді. Көңіл жасайтын істерге «ахлақ» (мінез) делінеді. Көңілге ой алты жерден келеді: Аллаһу та’аладан келетін ойларға «уахи» делінеді. Уахи тек пайғамбарлардың көңілдеріне келеді. Періштелер алып келетін ойларға «илхам» делінеді. Ол пайғамбарлардың “алейһимуссалауату уаттаслимат” және салих мұсылмандардың көңілдеріне келеді. Салих мұсылмандар беретін ойларға «насихат» делінеді. Уахи, илхам және насихат әрдайым жақсы және пайдалы болады. Шайтаннан келетін ойларға «уәсуәса», адамның өз нәпісінен келетін ойларға «Хәуа», жаман дос сендірген ойларға «иғфал» делінеді. Насихат әр адамға беріледі. Уәсуәса мен хәуа кәпірлер мен пасық мұсылмандардың көңілдеріне келеді. Екеуі де жаман және зиянды. Аллаһу та’ала разы болған, ұнатқан нәрселеріне «жақсы» делінеді. Ұнатпағандарына «жаман» делінеді. Аллаһу та’ала, өте мейірімді болғаны үшін жақсы мен жаман нәрселерді «Құран кәрімде» білдірген. Жақсыларды орындауды әмір етіп, жамандарына тыйым салған. Бұл әмірлер мен тыйымдарға «Ислам үкімдері» делінеді. Бір жүрек (көңіл) жақсы достардың насихаттары мен ақылына мойынсұнып, Ислам үкімдеріне бағынса, нұрланады, таза болады. Дүние мен ахиретте бақыт пен шаттыққа қауышады. Жаман адамдардың, дінсіздердің иғфал ететін, алдайтын сөздеріне, жазуларына және нәпіске, шайтанға еріп, Ислам үкімдеріне бағынбаған жүрек (көңіл) қараяды, бұзылады. Нұрлы, таза болған жүрек Ислам үкімдеріне бағынуды жақсы көреді. Аллаһу та’ала өте мейірімді болғаны үшін дүние жүзінің барлық жерінде жаңадан туылған нәрестелердің жүректерін таза қылып жаратуда. Оларды кейіннен аналары, әкелері және жаман достары қарайтады, өздері сияқты қылады.]