11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   


ИСЛАМ ДІНІ

ЖӘННАТ ЖОЛЫ ИЛМИХАЛЫ

Әлхамду лиллаһилләзи жәаләна минәт-талибина уә лил-илми минәррағибина уәс-салату уәс-сәләму алә Мухаммадинил ләзи әрсәләһу рахматән лил-аләмина уә алә Әлиһи уә Асхабиһи әжма’ин.

 

Ислам діні

Аллаһ бар және жалғыз

[Аллаһу та’ала барлық болмысты жаратты. Ештеңе жоқ еді. Тек Аллаһу та’ала ғана бар еді. Ол әрқашан бар. Кейіннен бар болмаған. Бұрын жоқ болған болса, Оны бар қылған бір күштің болуы қажет болатын еді. Өйткені, бар болмаған бір нәрсені жарататын күш болмаса, ол нәрсе әрқашан жоқ болып, бар бола алмайтын еді. Оны жаратқан күш иесі әрқашан бар болса, міне Аллаһу та’ала осы күш иесі болған шексіз болмыс. Жоқ егер бұл жаратушы күш иесі де, кейіннен бар болған делінетін болса, оны бар қылғанның да болуы қажет болады. Осылайша, шексіз мөлшерде бар қылушылардың болуы қажет болады. Ал бұл нәрсе бар қылушылардың бастауының болмауы деген сөз. Алғашқы бар қылушының жоқ болуы, оны бар қылушларының да жоқ болуы деген сөз болады. Бар қылушы бар болмаса, жоқтан бар етілген осы көріп немесе естіп жүрген заттық және рух әлемінің де жоқ болуы қажет болады. Заттар мен рухтар бар болғаны үшін, бұлардың жалғыз жаратушысының да болуы және әрқашан бар болуы қажет болады.

Аллаһу та’ала алдымен барлық нәрсенің құрама заты болған жай денелерді, рухтарды және періштелерді жаратты. Жай денелерге (заттарға) қазір элемент делінеді. Бүгінде жүз бес түрлі элементтің бар екені белгілі. Аллаһу та’ала әр затты, әр денені осы жүз бес элементтен жаратқан және әрдайым жаратуда. Темір, күкірт, көміртегі, оттегі газы, хлор газы – жеке-жеке элементтер. Аллаһу таала бұл элементтерді қаншама миллион жыл бұрын жаратқанын білдірмеді. Бұлардан пайда болған жерді, көкті және жандыларды да қашан жарата бастағанын білдірмеді. Жанды-жансыз барлық нәрсенің белгілі бір өмірі бар. Уақыты келгенде жаратуда, өмірі біткен кезде жоқ қылуда. Бір нәрсені жоқтан бар қылғаны сияқты, бір нәрседен ақырындап немесе бірден басқа бір нәрсені жасауда, біріншісі жоқ болып, жаңа бір нәрсе пайда болуда.

Аллаһу та’ала алғашқы адамды жансыз заттардан және рухтан пайда қылды. Одан бұрын адам мүлдем жоқ еді. Жануарлар, өсімдіктер, жын және періштелер, осы алғашқы адамнан бұрын жаратылды. Осы алғашқы адамның есімі Адам “алейһиссалату уассалам” еді. Одан Хауа есімді бір әйелді де жаратты. Бүкіл адамзат осы екеуінен көбейіп тарады. Әр жануардан да өз жынысы пайда болды. Жанды және жансыз болған әр нәрсенің әр уақытта өзгеріп жатқанын көріп жүрміз. Ал ежелгі болған нәрсе мүлдем өзгермейді. Физикада заттардың жағдайы, түрі өзгереді. Химиялық реакцияларда өзі, құрамы өзгереді. Денелер жоқ болып, басқа денелер пайда болады. Ядролық құбылыстарда элемент те жоқ болып энергияға айналады. Әр нәрсенің бір-бірінен пайда болуы мәңгіліктен шықпайды. Жоқтан бар етілген алғаш заттардан пайда болуы қажет. Өйткені мәңгілік – бастауы жоқ деген сөз.

Ислам дұшпандары мұсылмандардың балаларын алдау үшін ғылым адамы кейіпіне енеді. Адамдар маймылдан жаратылған дейді. Дарвин есімді ағылшын докторы осылай айтты дейді. Олар өтірік айтып жатыр. Дарвин ондай ештеңе айтқан жоқ. Жандылардың арасындағы өмір үшін күресті айтқан. «Түрлердің қайнары» атты кітабында жандылардың қоршаған ортаға бейімделетінін, осы себептен өзгерістерге ұшырайтындығын жазды. Бір дене, басқа денеге айналады демеген. Ағылшын білім бірлестігінің 1980 жылы Салфордда ұйымдастырған жиналысында Суонси Университетінің білім беру мүшесі проф. Джон Дюрант: “Дарвиннің адамның шығу тарихына қатысты көзқарастары осы заманның ертегісі, аңызы болды. Бұл аңыз ғылыми және қоғамдық дамуымызға зияннан басқа еш нәрсе бермеді. Эволюция ертегілері ғылыми зерттеулерінде бұзушы әсерін тигізді. Бұрмалауға, қажетсіз сөз таласуларға және ғылымның үлкен дәрежедегі қиянатына жол ашты. Бүгін Дарвиннің теориясы артына бытыраңқы және бұзық ойлар үйіндісін қалдырды” деді. Проф. Дюранттың жерлесі туралы айтқан бұл сөздері, Дарвиннің ерушілеріне ғылыми тұрғыда берілген ең қызықты жауаптардың бірі. Күнімізде эволюция теориясын өзгерген мәдениет дәрежесіндегі адамдарға түсіндірілуінің негізгі себебі – идеология. Ғылым емес. Бұл теория материалистік философияны сендіру үшін құрал ретінде қолдануда. Адам маймылдан пайда болды сөзі ғылыми бір сөз емес. Жаратылыстану ғылымының сөзі емес. Дарвиннің де сөзі емес. Ғылымнан, жаратылыстанудан хабары болмаған надан болған Ислам дұшпандарының өтіріктері. Ғылым адамы, жаратылыстанушы, осындай надан, орынсыз сөздер айта алмайды. Университеттен диплом алған бір адам ләззат алу мен көңілін көтеруге кірісіп, өз саласында жұмыс істемесе, оқығандарын да ұмытса, бұл адам ғылым адамы, жаратылыстанушы бола алмайды. Исламға дұшпандық жасап, өтірік және қате сөздерін, жазбаларын ғылым мен жаратылыстану ретінде таратуға кіріссе, қоғам үшін зиянды, опасыз бір микроп болады. Оның дипломы, тәрбиесі, мансабы көрініс, жастарды аулайтын тұзақ болады. Өтіріктерін, жалаларын, ілім мен пән ретінде жайған жаратылыстанушы болып көрінгісі келгендерге «Жаратылыстану фанаты» делінеді. Осы жаратылыстану фанаттарына алданбау керек.

Аллаһу та’ала адамдардың дүниеде рахаттық пен бақыт ішінде өмір сүруін, ахиретте де мәңгі бақытқа қауышуын қалайды. Сол себептен, бақытқа себеп болатын пайдалы нәрселерді әмір етті. Пәлекетке себеп болатын зиянды нәрселерге тыйым салды. Дінді болса да, дінсіз болса да, сенсе де, сенбесе де кезкелген адам біліп немесе білмей Ислам үкімдеріне, яғни Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына қаншалықты мойынсұнса, дүниеде соншалықты рахаттық пен бақыт ішінде өмір сүреді. Пайдалы дәріні қолданған әр адамның дерттен, қиыншылықтан құтылғаны сияқты. Қазір дінсіз, имансыз көптеген адамдардың және ұлттардың көптеген істерінде озат болуы, Құран кәрімнің үкімдеріне сай жұмыс істегендері үшін. Құран кәрімге мойынсұнып, ахиретте мәңгі бақытқа қауыша алу үшін бұған сеніп бағыну қажет.

Аллаһу та’аланың бірінші әмірі «иман» келтіру. Бірінші тыйым салған нәрсесі «күпір». Иман дегеніміз – Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһу та’аланың соңғы пайғамбары екеніне сену деген сөз. Аллаһу та’ала Оған әмірлер мен тыйымдарын араб тілінде «уахи» еткен. Яғни бір періште арқылы білдірген, Ол да бұлардың бәрін адамдарға түсіндерген. Аллаһу та’аланың араб тілінде періште арқылы білдірілгендеріне «Құран кәрім»делінеді. Құран кәрім толық жазылған кітапқа «Мусхаф» делінеді. Құран кәрім Мұхаммед алейһиссаламның сөзі емес. Аллаһтың кәламы (сөзі). Ешбір адам осы дәрежеде дұрыс сөйлей алмайды. Құран кәрімде білдірілгендердің барлығына «Ислам діні» делінеді. Барлығына жүрекпен сенген адамға «Мумин» және «Мұсылман» делінеді. Бірін болса да ұнатпауға имансыздық, яғни «күпір» [Аллаһу та’алаға дұшпан болу] делінеді. Қияметке, жынның, періштелердің бар екеніне, Адам пайғамбардың “алейһиссалату уассалам” бүкіл адамзаттың әкесі екеніне және алғашқы пайғамбар екеніне сену, тек жүрекпен (көңілмен) ғана болады. Осыларға «Иман»«Итиқад» және «Ақаид» ілімдері делінеді. Ал денемен және жүрекпен (көңілмен) орындалатын және сақ болатын нәрселерге әрі сену, әрі орындау немесе сақтану қажет. Бұларға «Ислам үкімдері» ілімдері делінеді. Бұларға сену де иман болады. Бұларды орындау және сақтану «ғибадат» болады. Ниет етіп Ислам үкімдеріне мойынсұнуға «ғибадат» жасау делінеді. Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына «Ислам үкімдері» және «Илаһи үкімдер» делінеді. Әмір еткендеріне «парыз», тыйым салғандарына «харам» делінеді. Көрініп тұрғанындай, ғибадаттардың міндет екеніне сенбеген, мән бермеген адам«кәпір» [Аллаһу та’алаға дұшпан] болады. Бұларға сенген, бірақ орындамаған адам кәпір болмайды. Оған «фасық» делінеді. Ислам ілімдеріне иман келтіріп, қолынан келгенінше орындауға тырысқан мүмінге«Салих мұсылман» [жақсы адам] делінеді.

Аллаһу та’аланың разылығына, сүйіспеншілігіне қолжеткізу үшін Ислам дініне мойынсұнған және бір мүршидті жақсы көрген мұсылманға«Салих» [жақсы адам] делінеді. Аллаһу та’аланың разылығына, сүйіспеншілігне қолжеткізген адамға «Ариф» немесе «Әулие» делінеді. Басқалардың да осы сүйіспеншілікке себеп болған әулиеге «Муршид»делінеді. Бұл мүбәрәк, таңдалған адамдардың барлығына «Садық»делінеді. Олардың барлығы салих. Салих мүмин жәһаннамға мүлдем кірмейді. Кәпір міндетті түрде жәһаннамға түседі. Жәһаннамнан ешқашан шықпайды, мәңгі азап шегеді. Кәпір иман келтірсе, барлық күнәлары бірден кешіріледі. Фасық тәубе етіп, ғибадаттарын орындай бастаса, жәһаннамға кірмейді, салих мүмин сияқты тікелей жәннатқа кіреді. Тәубе етпесе, шапағат арқылы немесе себепсіз кешіріліп, тура жәннатқа кіреді немесе жәһаннамда күнәларының мөлшеріндей жанғаннан кейін жәннатқа кіреді.

Құран кәрім сол замандағы адамдар сөйлесетін арап тілінің грамматикасына сай тәрізде және өлең сияқты ұйқасқан халде келген. Арап тілінің бүкіл нәзік және өте жоғары болған сөз өнерлерін өзінде жинаған. Бәди, Байан, Мә’ани және Бәлағат ілімдерінің барлық қағидаларына сай. Осы себептен оның аяттарын түсіну өте қиын. Бұл ілімдерден және Арап тілінің өте астарлы, өте нәзік әдеби өнерлерінен бейхабар адам, арапша оқып-жазуды білсе де, Құран кәрімді түсіне алмайды. Тіпті осы нәзіктіктерді білгендердің өзі де түсіне алмай, көп жерлерін пайғамбарымыз түсіндіріп берген. Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” осы түсіндірмелеріне «Хадис шәриф» делінеді. Асхаби кирам “ридуануллаһи та’ала алейһим әжма’ин” пайғамбарымыздан “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” естіп үйренгендерін жастарға білдірген. Уақыт өткен сайын жүректер (көңілдер) қарайды, әсіресе жаңадан мұсылман болғандар Құран кәрімден өздерінің қысқа ақылдары және қысыр түсініктерімен мағына шығаруға тырысты. Осының салдарынан сүйікті пайғамбарымыздың білдіргендеріне сай келмейтін нәрселерді түсінді. Ислам дұшпандары да мұсылмандар арасындағы осы бұрмаланған аударма-тәпсірлер арқылы пайда болған бөлінуді, таралуды үнемі қолдап отырды. Осылайша Ислам әленмінде жетпіс екі түрлі адасқан қате сенім пайда болған. Осындай қате сенімдегі мұсылмандарға «бидғатшы» немесе «адасқан» делінеді. Жетпіс екі бидғат топтарында болғандардың барлығы міндетті түрде жәһаннамға кіреді, бірақ мүмин болғандықтары үшін жәһаннамда мәңгі қалмайды, жазасын өтеп болғансоң ол жақтан шығып жәннатқа кіреді. Егер бір кісінің сенімі Құран кәрімде және хадис шәрифте ашық түрде білдірілген мәліметтерге сай келмейтін болса, бұл адамның иманы кетеді. Оған«мулхид» делінеді. Мулхид өзін мұсылман деп санайды.

Итиқад ілімдерін, яғни сенілуі қажет болған діни ілімдерді Асхаби кирамнан “ридуануллаһи та’ала алейһим әжма’ин” дұрыс үйреніп, кітаптарға жазып қалдырған Ислам ғалымдарына «Әһли сүннет»ғалымдары делінеді “рахметуллаһи та’ала алейһим әжма’ин”. Олар төрт мазһабтың бірінде ижтиһад дәрежесіне дейін көтерілген ғалымдар. Бұл ғалымдар Құран кәрімнің мағынасын өз ақылдарымен, өз көзқарастарымен түсінуге тырыспаған, тек Асхаби кирамнан үйренгендеріне ғана сенген. Өз түсінгендері бойынша әрекет етуден аулақ тұрған бұл ұлы кісілер пайғамбарымыз білдірген дұрыс жолды жаюға тырысқан. Осман және Әмір Темір империялары мұсылман еді және Әһли сүннет итиқадында (сенімінде) еді.

Жоғарыда білдірілгендерден түсінікті болғаны және көптеген құнды кітаптарда айтылғаны бойынша, дүние мен ахиретте пәлекеттерден құтылу және рахат, бақытты өмір сүру үшін ең алдымен Әһли сүннет ғалымдарының “рахметуллаһи та’ала алейһим әжма’ин” білдіргендеріндей иман келтіру, яғни үйрену және барлығына сену қажет. Әһли сүннет итиқадында болмаған адам «бидғатшы», яғни адасқан мұсылман болады. Немесе «мулхид», яғни кәпір болады. Иманы, яғни итиқады (сенімі) дұрыс болған мүминнің екінші міндеті – салих болу. Яғни Аллаһу та’аланың разылығына, сүйіспеншілігіне қол жеткізу деген сөз. Ол үшін, көңілмен және денемен жасалуы әрі сақтануы әмір етілген Ислам ілімдерін үйреніп, осыларға сай өмір сүру керек. Яғни ғибадат жасауы керек. Әһли сүннет ғалымдары “рахима-һумуллаһу та’ала” ғибадат ілімдерін түсіндіргенде төрт методқа бөлінді. Төрт «мазһаб» пайда болды. Араларындағы азғана айырмашылықтарының өзі онша маңызды болмаған мәселелерде болғандықтан және иманда біріккендері үшін төртеуі де бір-бірін жақсы көріп құрметтейді. Әр мұсылманның осы төрт мазһабтың бірі бойынша ғибадат жасауы керек. Бұл төрт мазһабтың біріне мойынсұнбаған адамның Әһли сүннеттен айрылатындығы Тахтауидің «Дурр-ул мухтар» хашиясы, Құрбандық бөлімінде жазылған.

Соғыста тұтқынға алынған қандай да бір кәпір немесе бейбітшілік заманында бір кәпір "мен мұсылман болдым" дейтін болса, оған сеніледі. Бірақ, оның «иманның алты шартын» дереу үйренуі және сенуі қажет. Одан кейін парыздар мен харамдарды реті келгенде, мүмкіншілік тапқан кезде дереу үйренуі және үйренгендеріне мойынсұнуы қажет. Үйренбесе немесе үйренгендерінің біріне болса да мән бермей орындамаса, Аллаһу та’аланың дініне мән бермеген болады. Иманы да жоқ болады. Осылайша иманы кеткен адамға «мүртәд» делінеді. Мүртәдтардан дін адамы кейіпіне кіріп, мұсылмандарды алдайтын адамдарға «зындық» делінеді. Зындықтарға және олардың өтіріктеріне алданбау керек. Бір адам дүние қызықтарына алданбаса, бірақ Исламға сай өмір сүрмей, мұсылмандықты білмей балиғат жасына толған болса, бұның мүртәд үкімінде болатындығы«Сияри Кәбир шәрхі» аудармасының жүз он алтыншы бетінде және«Дурр-ул мухтар»-да кәпірдің некесі бабының соңында жазылған. «Дурр-ул мухтар»-да кәпірдің некесі бабының соңында былай делінген: Бала кезінен аттастырылып некесі қиылып қойған мұсылман қыз балиғатқа жеткен кезде мұсылмандықты білмесе, некесі бұзылады. [Яғни мүртәд-кәпір болады.] Оған Аллаһу та’аланың сипаттарын түсіндіру керек. Ол да қайталау керек және осыларға сендім деуі керек. Ибни Абидин “рахиме-һуллаһу та’ала” мұны тағы да ашып былай деген: «Қыз кішкентай кезінде ата-анасына бағынышты болғаны үшін мұсылман болып саналады. Балиғатқа толған кезде ата-ананың дініне бағынышты болуы жалғаспайды. Ислам дінін білмей балиғатқа толатын болса, мүртәд болады. Иман келтірілуі қажет болған нәрселерді естісе де сенбеген адам, кәлимаи тауһидті айтса, яғни «Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммаддун Расулуллаһ» десе де мұсылман болмайды. «Әмәнту билләһи...»-дегі алты нәрсеге сенген және Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарын қабыл еттім деген адам ғана мұсылман болады». Бұл жерден түсінікті болғаны, әрбір мұсылманның балаларына «Әмәнту билләһи уә Мәлаикәтиһи уә Кутубиһи уә Расулиһи уәл-яумил-ахири уә бил-қадари, хайриһи уә шәрриһи мин аллаһи та’ала уәл-баъсу баъдал мәути хаққун, Әшһәду ән лә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһү уә Расулүһ»-ді жаттатып, мағынасын жақсылап түсіндіру керек. Бала осы алты нәрсені және Ислам дінінің әмірлері мен тыйымдарынан бірін үйренбесе және сендім демесе, балиғат жасына толған кезде мұсылман болмайды, мүртәд болады. Осы алты шартқа қатысты «Баршаға қажетті иман» кітабында кеңірек мәлімет бар. Әр мұсылманның осы кітапты оқып, бала-шағасына оқытып имандарын күшейтуі және барлық таныстарының оқуы үшін көп күш жұмсауы қажет. Сондықтан, бала-шағамыздың мүртәд болып жетілмеуі үшін қатты мән беруіміз керек. Оларға кіші жасынан бастап иманды, исламды, дәретті, ғұсылды, намазды үйретуіміз керек! Ата-ананың бірінші міндеті – перзенттерін мұсылман қылып жетілдіру.

«Дүрәр уә Гүрәр» кітабында былай делінген: «Мүртәд (кәпір) болған ер адамға алдымен мұсылман бол делінеді. Неден күмән келтірген болса, сол нәрсе түсіндіріледі. Ойлануға уақыт сұраса, үш күнге қамалады. Тәубе етсе қабыл етіледі. Тәубе етпесе, қазылық тарапынан өлімге кесіледі. Алайда мүртәд болған әйел кісі өлтірілмейді. Мұсылман болғанға дейін қамауда ұсталады. Дар-ул харбқа (кәпір мемлекетіне) қашатын болса, Дар-ул харбта күң болмайды. Тұтқындалып ислам еліне әкелінсе күң болады. Мүртәд болған кезінде некесі де бұзылады. Барлық мүлкі иелігінен шығады. Қайтадан мұсылман болса, мүлкі қайтадан иелігіне өтеді. Өлгенде немесе Дар-ул харбқа қашқанда [немесе Дар-ул харбта мүртәд болғанда] мүлкі мұсылман мирасқорларына қалады. [Мирасқорлары жоқ болса, Бәйтул-малдан (қазына) хақылы болғандарына беріледі.] Муртәд муртәдке мирасқор бола алмайды. Муртәд кезінде істеп тапқаны мүлкіне жатпайды. Мұсылмандарға олжа болады. Сауда-саттық, жалдау келісімдері және сыйлық беруі сахих болмайды. Қайтадан мұсылман болса, сахих жағдайына түседі. Бұрыңғы ғибадаттарының қазасын өтемейді. Тек қайтадан қажылық жасауы қажет болады.» Иман келтіргеннен кейін ең алғаш үйрену қажет болған жайт – дәрет алу, ғұсыл және намаз.

Иманның алты шарты: Аллаһу та’аланың бар екеніне, бір екеніне және сипаттарына сену; періштелерге; пайғамбарларға; кітаптарға; ахиретте болатын нәрселерге; тағдырға иман келтіру. Алдағы тақырыптарда бұларды жеке-жеке түсіндіреміз.

Сөздің қысқасы, көңілмен және денемен Ислам дінінің әмірлері мен тыйымдарына мойынсұну керек және көңіл ғафлеттен ояу болуы керек. Жүрегі (көңілі) ояу болмаған [яғни Аллаһу та’аланың бар екенін, ұлылығын, жәннат ниғметтерін және жәһаннам отының өте қатты екенін еске түсірмеген, ойламаған] адамның денесінің Ислам дініне бағынуы қиын болады. Фиқһ ғалымдары пәтуаларды білдіреді. Бұлардың орындалуын оңай қылу – Аллаһ адамдарының ісі. Дененің Ислам дініне сүйсіне және оңай мойынсұнуы үшін жүректің (көңілдің) таза болуы қажет. Бірақ тек жүректің (көңілдің) таза болуына, мінездің жақсы болуына мән беріп, дененің Ислам дініне мойынсұнуына мән бермеген адам «мулхид»болады. Оның нәпсінің жылтырауынан пайда болған [ғайыптан хабар беру, науқастарды оқып үрлеп емдеу] сияқты әдеттен тыс жетістіктері «истидраж» болып, өзін және оған ергендерді жәһаннамға сүйрейді. Көңілдің таза болуы және нәпсінің мутмаинна (тәрбиеленген) болуының белгісі – дененің Ислам дініне қуана-қуана мойынсұнуы. Сезім мүшелерін және денесін Ислам дініне бағындырмағандардың «Менің жүрегім таза. Сен жүрегіме қарасай!» деуі бос сөз. Олар осындай сөздерімен өздерін және айналасындағыларды алдауда.]