18 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Құнды насихаттар

Құнды насихаттар

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

·  Әр күнә иманның қауіпке түсуіне себеп болуы мүмкін, бірақ мына үш күнәның әсері күштірек:

1) Иман ниғметіне шүкір етпеу,

2) Иманның шығып кетуінен қорқпау,

3) Мүминдерді ренжіту, көңілін қалдыру. Хадис шәрифте, «Мүминді ренжіту Қағбаны жетпіс рет құлатудан жаманырақ» делінген. Жақсы адам болса да, жаман адам болса да ешкімді ренжітпеу керек. Аллаһу та’аланы күпірден кейін ең қатты ренжітетін күнәлардың ішінде адамды ренжіту сияқты күнә жоқ.

 

·  Бір мұсылманға қабағын түйіп қарау харам. Жылы жүзді болмаған адам мүмин сипатты емес деген сөз. Мұсылманның да, мұсылман болмағанның да алдында жылы және күлімдеген жүзді болу керек. Басқаның жаман мінезді екеніне шағымданған адамның өзі жаман мінезді. Басқалардың жаман мінезі туралы айтып жатқан болсақ, бұл өзіміздің жаман екеніміздің белгісі. Жақсы мінез – адамнан келген қиыншылықтарға шыдай алу деген сөз.

 

·  Мүминнің белгісі – жылы және күлімдеген жүз. Мұнафықтың белгісі – қабағын түйіп жүру. Аллаһу та’ала, ихсан еткен ниғметтерін көрсетуімізді жақсы көреді. Мұсылман болу ниғметін қалай көрсетеміз? Күлімдеп жүруімізбен, жылы сөзімізбен, мейірімімізбен, қамқорлығымызбен.

 

·  Бір мұсылман басқа мұсылманды төмен санамайды. Өйткені, мұсылман Аллаһтың сүйікті құлы, Аллаһтың алдында құрметі үлкен адам деген сөз. Мұсылманды төмен санау – Аллаһтың құрмет көрсеткеніне менсінбей қарау болады.

 

·  Ең үлкен күнә - күнәны білмеу. Одан да үлкен күнә – күнәны ғибадат ретінде орындау.

 

·  Жақсы мінез – ешкімге жүк болмау, бірақ әркімнің жүгін көтере алу.

 

·  Мәрттік – бәріне жақсы қарым-қатынас көрсету деген сөз.

 

·  Бәріне жақсылық істей алмаймыз, бірақ басқаға жамандық істеуге ақымыз жоқ.

 

·  Мұсылман дегеніміз – қайғылы адам деген сөз. Бір адам қайғысыз болатын болса, соңғы демде иманы қауіпте деген сөз.

 

·  Ахиретте құтылу ғибадаттың көп болуымен өлшенбейді, дұрыс иманмен жасалған сахих және салих амалдарға байланысты. Салих амал – ықыласпен жасалған амал деген сөз. Құран кәрімнің көптеген жерінде Салих амал тіркесі өткен. «Тек салих амал еткендер құтылады» делінген.

 

·  Аллаһу та’аланың қиямет күнінде өзін тозақ отынан қорғауын қалаған адамның мүминдердің алдында өте мейірімді және сыпайы болуы керек.

 

·  Иті болған үйге рахмет періштелері кірмейді. Көңілге де ит сияқты жаман мінездерді кіргізбеу керек. Әсіресе мына төрт жаман мінез қауіпті: Кібір, көре алмаушылық, ашушаңдық және шаһует. Демек, өз-өзін ұнату, басқалардағы ниғметті көре алмау, ашулану және шаһуетке берілу қауіпті.

 

·  Бәріне қиындық беретін адам – кібірлі адам. Біреуді ұнатпау, әркімге шағымдану кібірден. Қарапайым дегеніміз – өлі деген сөз. Өлі ешкімге шағымданбайды, өліні де ешкім шағымдануға лайық деп білмейді.

 

·  Физикада бір қағида бар. Плюс плюсті, минус минусты тебеді. Қарама-қарсы зарядтар бір-бірін тартады. Екі адамның екеуі де менікі дұрыс десе, нәтижеде жанжал шығады, мазасыздық басталады. Біреуі сенікі дұрыс десе жанжал бітеді. Ерлі-зайыптылардың да бірі басқасына сенікі дұрыс десе татулық болады. Екеуі де менікі дұрыс десе татулық болмайды. Ал екеуі де бір-біріне сенікі дұрыс десе не болады? Ол үйде илаһи махаббат басталады.

 

·  Екі нәрсені ұмытпа: Аллаһу та’аланың сені әр жерде көретінін және өлімді.

Екі нәрсені ұмыт: Жасаған жақсылықтарыңды және саған жасалған жамандықтарды.