*** ОРАЗА КEСТЕЛЕРІ ***

     28 РАМАЗАН 1431
     7 Қыркүйек 2010    Сейсенбі

негіз / Адасқан ағымдар

Уаххабилік (3)


Ибни Абидин (рахметуллаһи та’ала алейһ) “Рәдд-ул-мухтар” кітабында үтір намазы туралы: «Үтір намазының негізін, яғни ғибадат екенін қабылдамаған адам кәпір болады. Егер дәлелінен басқа мағына шығарса немесе дәлеліне күмән келтіріп, қабылдамаса кәпір болмайды. (Бидғат өкілі болады). Барлық уәжіптер мен сүннеттер де осылай. Өйткені, үтір намазы - дінде зарури (міндетті түрде) білінетін танылған ғибадат, мұны “Ижма-и уммат” көрсетіп тұр. Ижма-и уммат (үмбет ғалымдарының ауызбірлігі) арқылы білдірілген зарури (міндетті) ғибадатқа тәуилсіз (шариғатқа сай немесе күмәнді болса да басқа мағына шығармастан) сенбеу ханафи ғалымдарының үкімі бойынша күпірлік болады. Дінде бар екендігі зарури (міндетті түрде) білінетін нәрсе деген сөз – дінімізде бар екені сауатсыздарға да мәлім болған діни үкімдер, мәліметтер дегенді білдіреді. Бұл - бес уақыт намаздың парыз екендігіне сену сияқты нәрсе. Тек ғалымдар ғана білетін дін үкімдерін қабылдамау күпірлік болмайды. Мысалыға мирас ілімінде әженің мұраның алтыдан бірін алатындығын қабылдамау осыған жатады».

Ибн Мәләк (немесе Мәлік) “Манар” шархында (түсіндірмесінде) былай дейді: «Ижма – “бірігу” деген сөз. Бір ғасырда өмір сүрген мужтаһидтердің бір істің үкімі бойынша бірігуі. Бұл – сөз немесе әрекет болуы мүмкін. Ижтиһад жасауды талап етпейтін мәселелерде бір ғасырда өмір сүретін мұсылмандардың барлығы бірігуі керек. Бірігу - бірдей сөз айту немесе бірдей іс жасау болып табылады. Бір ғасырда өмір сүретін мужтаһидтердің бір бөлігі айтса немесе жасаса, қалғандары естіп, үндемесе, қарсы болмаса Ханафи мазһабы бойынша ижма болады. Шафии мазһабында бұл ижма болып есептелмейді. Ижтиһад істерінде ижма иесі болу үшін мужтаһид болу керек. Құран Кәрімнің, намаз рәкаттарының және зекет мөлшерінің, нанды қарызға алудың және моншаға барудың бізге нақыл жолымен жеткізілгендігі секілді ижтиһад етуді талап етпейтін нәрселердің ижмасында мужтаһид болу керек емес. Мұндай нәрселерде мужтаһид еместердің ижмалары да қолданыла береді. Бірақ, олардың бидғат өкілі және пасық (күнәһар) болмауы керек (сол үшін де шииттер мен уаххабилердің кітаптарында жазылған қате нәрселер ешқашан ижма бола алмайды. Харам, халал және парыздар үшін дәлел болмайды). Мұндай ижмалар (ауызбірлігі) жүзеге асу үшін сахабалар мен әһли бәйттің ұрпағы болу шарт емес. Мәдинаның тұрғыны болуы да керек емес. Көптеген ғалымдардың пікірінше “сәләф” деп аталатын бұрын келген ғұламалардың әр түрлі білдірген мәселесінде кейін келген ғалымдардың ижма етуі (ауызбірлігіне келуі) жаиз болады. Бір мужтаһид басқаша ижтиһад етсе ижма жүзеге аспайды. Хабар-и уаһидпен, яғни бір-ақ кісі хабар берген хадисте және мужтаһидтің қияс жасауымен шығарған үкімінде ижма етуге болады. Аяттар мен мәшһүр хадистерден анық түсінілетін үкімдерде ижма болмайды. Олардың өздері онсыз да дәлел болып табылады. Сәләф-ус-салихиннің, яғни сахабалардың (радиАллаһу та’ала алейһим ажмаин) біздерге әр ғасырдың ижмасы (ауызбірлігімен) мен келген ижмалары мутауатыр хадис сияқты, яғни сахабалардың ондай ижмаларын үйреніп, соларға сай әрекет етуіміз керек. Бұған Құранның Аллаһтың сөзі екендігі, намаз бен оразаның, зекеттің парыз екендігі жатады. Бір салих адам арқылы жеткен ижмалар болса, уаһид хабармен білдірілген хадистер сияқты болып табылады. Олармен тек әрекет ету уәжіп, оның ілімімен білу (сену) уәжіп емес. Түс намазынан бұрын төрт рәкат сүннет оқу осыған жатады.

Ижманың дәрежелері бар. Сахабалардың ашық түрде және әр ғасырдың ижмасы арқылы хабар берілген ижмалары аяттар мен мутауатыр хадистер сияқты қуатты болып саналады. Қабылдамаған, сенбеген адам кәпір болады. Сахабалардың біразы ижма етіп, қалғандары үнсіз қалған ижмалар да нақты дәлел болса да, оны қабылдамаған адам кәпір болмайды. Ижманың үшінші дәрежесі - сахабалардың басқа-басқа пікірде болмаған мәселелерінде кейінгі ғасырлардың ижмасы. Олар мәшһүр хабарлар сияқты қадірлі саналады. Одан кейінгісі – сахабалардың әртүрлі ижтиһад еткен үкімдерінде кейін келгендердің ижмасы (ауызбірлігіне келуі). Олар уаһид хабармен білдірілген хадистер сияқты болып, онымен әрекет ету - уәжіп, иман ету - уәжіп емес. Бір ғасырда өмір сүрген мұсылмандар (ғалымдар) бір мәселе бойынша ауызбірлігіне келмесе (басқа басқа қарастарда болса), кейін келгендердің осы әртүрлі сөздердің ешқайсысына сай болмаған жаңа үкім шығаруы түбегейлі түрде бұрыс болады. Бұл сөздерден басқа жаңаша бағытта сөз айтуылары жаиз болмайды.

Қияс - бір нәрсені басқа нәрсеге ұқсату деген сөз. Фиқһта үкімі аят пен хадистен ашық түсінілмейтін бір нәрсенің үкімін осыған ұқсайтын басқа нәрсенің үкімінен түсіну дегенді білдіреді. Қиястың да дінімізде дәлел екендігі ақыл  жолымен де нақыл жолымен де белгілі. «Ей, ғылым иелері! Итибар етіңдер! (Назар аударып, байланыстырыңдар)» деген аяти кәрима «Білмегендеріңді білгендеріңмен салыстырыңдар!» дегенді білдіреді. Өйткені, “итибар” – “ұқсату” деген сөз. Сахабалардан Муаз бин Жәбәл (радиаллаһу анһ) Йеменге барып, ижтиһад ететінін айтқанда Расулуллаһтың риза болып, оны мақтауы қиястың дінімізде дәлел екенін көрсетеді. Қиястың шарттары, рукіндері, үкімдері және дафи болады. Мужтаһидтің оларды білуі керек». “Манар” шархынан алынған үзінді аяқталды.

Әһли сүннет мұсылмандарына уаххабилердің жасаған қарсылықтары мен жапқан жалаларына Ислам ғалымдары түрлі жауаптар берген. “Усул-ул-арбаа фи тардид-ил уаххабия” кітабын оқыған адам уаххабилердің алданғанын, тура жолдан тайғандығын, мұсылмандарды пәлекетке сүйреп жатқандығын аңғарады. Бұл кітапта былай делінген:

«Аллаһу та’аладан басқа нәрсеге тағзым етуге, яғни ұлықтауға болатынын Құран Кәрім, хадистер және сәләф-ус-салихиннің сөздері мен істері, сондай-ақ көптеген ғалымдар көрсеткен. “Хаж” сүресінің 32-аятында: «Кімде-кім Аллаһу та’аланың шәаиріне (белгілерін) тағзым етсе (ұлықтаса), ол іс жүректердің тақуалығынан» делінген. Сол үшін Аллаһу та’аланың шәаирін - белгілерін ұлықтау уәжіп болды. “Шәаир” сөзі “белгі”, “нышан” дегенді білдіреді. Абдулхақ Дехлеви «Шәаир – “шаира” деген сөз. Шаира “белгі” дегенді білдіреді. Көрінгенде Аллаһу та’аланы еске түсіретін барлық нәрсе Аллаһтың шәаирі (белгісі) болады» дейді. “Бақара сүресінің 158-аятында: «Сафа мен Мәруә Аллаһу та’аланың шәаирлерінің ішінде» деп бұйырылған. Бұл аяттан Аллаһу та’аланың шәаирлерінің осымен шектелмегені көрініп тұр. Сол секілді шәаирге тек Арафат, Муздалифа және Мина деген жерлер жатпайды. Олардан басқа шәаирлер (белгілер) де бар. Шах Уәлиуллаһ Дехлеви “Хужжатуллаһ-ил-балиға” кітабының 69-бетінде: «Аллаһу та’аланың ең ұлы шәаирлері төртеу: Құран Кәрім, Қағба-и Муаззама, Пайғамбарлар және намаз» дейді. Шах Уәлиуллаһ (рахимаһуллаһу та’ала) “Әлтаф-ул-қудс” кітабының 30-бетінде: «Аллаһу та’аланың шәаирін (белгілерін) тағзым, ұлықтау, жақсы көру – Құран Кәрімді, Пайғамбарды (алейһиссалам) және Қағбаны жақсы көру деген сөз. Тіпті, Аллаһу та’аланы еске түсіретін барлық нәрсені жақсы көру деген сөз. Аллаһу та’аланың әулиелерін жақсы көру де осыған кіреді» дейді. [Өйткені, «Әулиені көрген кезде Аллаһ еске түседі» деген хадис шәриф Ибн Әби Шейбеде және “Иршад-ут-талибин”1 және “Кунуз-уд-дәқаиқ” кітаптарында жазылған. Бұл хадис шәрифтен Аллаһу та’аланың шәаиріне (құрметке лайық белгілеріне) әулиелердің де кіретіні түсініледі. Әулиелерді ұлықтау, құрметтеу үшін, олардың қабіріне кесене салуға болатындығы “Жами-ул фәтауа” кітабында да аталған.] Мекке қаласындағы масжид-ул-харамның қасындағы Сафа және Мәруә деген екі төбенің арасында Исмаил алейһиссаламның анасы Хажар барып келгендіктен бұл екі төбе Аллаһу та’аланың шәаирі (белгісі) болған. Ол жер қасиетті ананы еске түсіруге себеп болса,  бүкіл жаратылыстың ең ұлысы және Аллаһу та’аланың сүйіктісі болған Мұхаммед алейһиссаламның туып-өскен, ғибадат жасаған, көшкен, намаз оқыған, қайтыс болған жері және қасиетті кесенесі мен отбасының, сахабаларының орындары неге шәаир (қасиетті белгі) болмасқа? Олар не үшін қиратылуы тиіс?

Құран Кәрім мұқият оқылатын болса, бірқатар аяттың расулуллаһ Мұхаммед алейһиссаламды тағзым ететіні, ұлықтайтындығы айқын байқалады. “Хужурат” сүресіндегі аятта: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһу та’аланың және Расулының алдына озбаңдар! Аллаһу та’аладан қорқыңдар! Ей, иман келтіргендер! Пайғамбардың даусынан жоғары дауыспен сөйлемеңдер! Оған (алейһиссалам) өздеріңмен сөйлескендей сөйлемеңдер! Бұлай жасағандардың ғибадаттарының сауабы жоқ етіледі. Расулуллаһтың жанында төмен дауыспен сөйлегендердің жүректерін Аллаһу та’ала тақуалыққа толтырады. Олардың күнәларын кешіреді және көп сауап жазады. Оны сырттан айқайлап шақырғандар ойланбайды. Сыртқа шыққанша күтсе, өздеріне жақсы болады» деп бұйырылған. Осы бес аятты ынсаптылықпен оқып ойланған кісі Аллаһу та’аланың сүйікті Пайғамбарына көрсетілуі тиіс болған құрмет және тағзымның қаншама жорғарылатқанын түсінеді. Бұл әмірмен үмбеттің Пайғамбарға өте әдептілікпен мәміледе болуын қатты талап еткенін көреді. Оның алдында дауысын жоғарылатқандардың бүкіл ғибадаттарының жоқ болатынын ойланған адам бұйырықтың маңыздылығын түсінуі мүмкін. Бәни Тәмим қауымынан 70 адам Мәдинаға барып, сырттан айқайлап пайғамбарымызды үйінен шақырған. Осы аяттар соларға жаза ретінде келген еді. Кейбір адамдар өздерін Бәни Тәмим тегінен шыққанбыз дейді. Сол үшін пайғамбарымыз хадис шәрифте: «Дөрекілер мен қастандық жасаушылар - шығыста» және «Шайтан ол жерден бүлік шығарды» деп, қолымен Нәжд жақты көрсетеді. Мазһабсыздардың бір бөлігі – Нәждилер. Олар Нәжд аймағынан шыққандықтан осылай аталған. Жоғарыдағы хадис хабар берген бүлік 1200 жылдан кейін шықты. Олар Нәждтен Хижазға (Мекке-Мәдина аймағы) барып, мұсылмандардың мал-мүлкін талан-таражға салды. Еркектерін өлтіріп, әйелдері мен балаларын құлдыққа салды. Кәпірлердің жасамаған қатыгездіктерін солар жасады.

Жоғарыдағы көрсетілген аяттарда қайта қайта «Ей, Иман келтіргендер!» деп бұйырылған. Бұл қияметке дейін келетін барлық мұсылмандардың Расулуллаһқа құрмет көрсетуі, әдептілік танытуы бұйырылғанын көрсетеді. Тек сахабаларға бұйырылған болса, «Әй сахабалар!» делінер еді. Өйткені, «Ей, расулдың әйелдері» және «Ей, Мәдина халқы» деп тек бір қауымға арналған бұйырықтар да кездеседі. Намаздың, оразаның, қажылықтың, зекеттің және басқа ғибадаттардың қияметке дейін келетін барлық мұсылмандарға парыз екенін білдіру үшін «Ей, иман келтіргендер» деп бұйырған. Осылайша, уаххабилердің: «Расулуллаһ тірі кезде оны ұлықтауға, оған құрмет көрсетуге болатын еді. Өлгеннен кейін құрмет көрсетілмейді, одан көмек сұрауға болмайды» деген сөздерінің Құранға қайшы екендігі аяти кәримамен дәлелденіп отыр.

Жоғарыдағы аяттар Аллаһу та’аладан басқаны да ұлықтау керек екенін көрсетеді. “Бақара” сүресінің 104-аятында  «Ей, иман келтіргендер! “Раина” демеңдер. “Бізге назар сал” деңдер. Аллаһу та’аланың үкімдерін тыңдаңдар!» делінген. Муминдер Расулуллаһқа “раина”, яғни “бізді қорға” дейтін. “Раина” сөзі яһуди тілінде балағаттау мағынасын білдіреді. Яһудилер Пайғамбарымызға осы мағынада “раина” дейтін еді. Жаман мағынасы болғаны үшін Аллаһу та’ала муминдерге бұл сөзді қолдануға тыйым салды. “Әнфал” сүресінің 33-аятында: «Сен олардың ішінде болғандықтан Аллаһу та’ала оларды азаптамайды» деп бұйырылған. Қияметке дейін үмбеттің азапқа тартылмайтындығы уәде етілді. Бұл аят уаххабилердің «Ол араларыңнан кетті, топыраққа айналды» деген сөзін теріске шығарады.

“Бақара” сүресінің 34-аятында: «Періштелерге Адамға сәжде жасаңдар деген кезімізде сәжде жасады. Тек Ібіліс сәжде жасамады» делінген. Бұл аят Адам пайғамбарға тағзымды, оны ұлықтауды бұйырады. Шайтан Аллаһу та’аладан басқаға тағзым етуге, ұлықтауға болмайды деп, Адам алейһиссаламды жамандап сәжде етпеді. Уаххабилер де шайтанның жолында. Юсуф пайғамбардың ата-анасы, бауырлары оған сәжде жасап, құрмет көрсететін. Аллаһтан басқаны құрметтеу, ұлықтау ширк және күпірлік болса, Аллаһу та’ала сүйікті құлдары туралы айтқанда осы сипаттарын атап мақтамас еді. Әһли сүннет сенімі бойынша Аллаһтан басқаға сәжде жасау - харам. Бұл ғибадат сәждесіне ұқсағандықтан харам, тағзымға (ұлықтауға) ұқсағандықтан емес!


 

1 Санауллаһи Пани-Пути Дехлеви, ханафи ғалымы, 10 томдық арапша “Тафсир-и Мазхари” кітабымен тағы басқа отызға жуық кітабы бар.  х.1143 (м.1730) ж. Үндістанның Пани-пут қаласында туылып, х.1225 (м.1810) ж. сол жерде қайтыс болған.




Рамазан сұхбаты:

Қадір түні (Ләйлә-тул-қадр)

Қадір түні рамазан айының ішіндегі және құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аятта былай бұйырылды: «Қадір түні мың айдан қайырлы». Құран кәрім расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күнінде және түндерінен іздеу керек...

Жалғасы


Сұрап үйренген ғалым:

Тарауих намазы

         Сұрақ: Тарауих намазы қанша рәкат және жамағатпен оқу сүннет пе, қалай оқылады?          Жауап: Пайғамбарымыз 3-4 күн тарауих намазын жамағатпен оқыды, одан кейін үйінен шықпай қойды. Себебін сұрағанда «Тарауих намазының сендерге парыз болуынан қорққаным үшін үйден шықпадым» деп айтты. (Бұхари) ...

Жалғасы

Іздеу
НАМАЗ УАҚЫТЫ
Имсак .......  
Күн .......  
Бесін .......  
Аср .......  
Ақшам .......  
Құптан .......  

Намаз уақыттары

Cүрелер және дұғалар

Таңдамалыға қосу
Таңдамалыға қосу

Жаңалықтарға жазылу
Email:      

info@islamdini.kz
-->
Қонақтар саны:

Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. Islamdini.kz ®