Шайтан Расулуллаһқа әрдайым нәждтік қария кейпінде көрінетін. Кәпірлер Меккеде
Дар-ун-надуа деген жерге жиналып, Расулуллаһты өлтіруге шешім қабылдаған кезде
шайтан нәждтік қарт болып көрініп, қалай өлтіру керектігін үйретеді. Олар
“Нәждтік қарияның айтқанын істейік” дескен. Сол күннен бастап шайтан
“Шайх-и Нәжди”
деп аталды. (“Шайх” – “ақсақал”, “қария” дегенді білдіреді).
Мухиддин Араби
“Мусамарат”
кітабында былай дейді: «Құрайыш кәпірлері Қағбаны жөндеген кезде қауым
басшыларының барлығы
хажар-ул-әсуәд
тасын орнына қоюға таласты. “Ертең таңертең алғаш келген адамнан төрелігін
сұрайық, сол кімді айтса сол қойсын” деседі. Алғашқы болып Расулуллаһ
(алейһиссалам)
келді. Ол кезде жиырма бес жаста болатын. Барлығы қуанып: “Бұл әмин, сенімді
адам, оның айтқанын істейміз” деді. Расулуллаһ: “Бір төсеніш әкеліп тасты салып,
әр қабиладан (қауым, ру) бір адамнан шетінен ұстап, тасты қоятын жерге апарыңдар”
деді. Сосын оны өзі мүбарак қолымен алып, орнына қойды. Сол кезде шайтан
шайхи
Нәжди
(нәждтік қарт адам) болып көрініп, бір кесекті көрсетіп, “мынаны тірек етіп қой”
дейді. Мақсаты ол кесектің езіліп, хажар-и әсуәдтің орнынан құлауы және осы
арқылы жұрттардың Расулуллаһқа “қолы ауыр”, “сұмқадам” деуіне себеп болу еді.
Расулуллаһ оны түсініп,
“әғузу биллаһи минаш-шайтани-ир-ражим”
деді. Шайтан сол сәтте жоқ болды». Мухиддин Араби
(рахметуллаһи та’ала алейһ)
осы сөзінде шайтанның
шайхи нәжди
екенін айтқаны үшін мазһабсыздар мен уаххабилер оған жау болды. Тіпті, оны кәпір
деді. Мазһабсыздардың ұстазының шайтан екендігі осы жерден де аңғарылады.
Шайтанның шәкірті болған мазһабсыз уаххабилер Расулуллаһтан қалған жәдігер
жерлер мен кесенелерді сол үшін қиратуда. Бұл орындар адамдарды мүшрік етеді деп
санайды. Қасиетті орындарда Аллаһу та’аладан тілек тілеу ширк болса, Аллаһу
та’ала қажылыққа баруды бұйырмас еді. Расулуллаһ тауап жасаған кезде тасты (хажар-и
әсуәд) сүймес еді. Арафатта, Муздалифада дұға оқылмас еді, Минада тас атылмас
еді, Сафа мен Мәруә арасында жүгірілмес еді. Бұл қасиетті орындар осылай
ұлықталмас еді.
Ансарлар жиналған жерге басшылары Саад бин Муаз
(радиаллаһу анһ)
келген кезде Расулуллаһ:
«Басшыларың үшін орындарыңнан тұрыңдар»
деді. Бұл бұйрық Саадты тағзым (ұлықтау) үшін берілген еді. “Саад науқас
болатын. Оны мінген көлігінен түсіру үшін бұйырылған” деу қате. Өйткені, бұл іс
олардың барлығына бұйырылды. Көліктен түсіру үшін айтылса, бір-екі адамға
айтылар еді. Тек “Саад үшін” деп айтылар еді. “Басшыларың үшін” деп айтудың
қажеті болмас еді.
Абдуллаһ бин Омар
(радиаллаһу анһ)
қажылық жасауға Мәдинадан Меккеге бара жатқанда жолдағы қасиетті орындарға,
Расулуллаһтың отырған жерлеріне тоқтап, намаз оқып, дұға ететін, ол жерлермен
берекеттенетін. Расулуллаһтың мінберіне қолын қойып, бетіне сүртетін. Ханбали
мазһабының құрушысы Имам Ахмед бин Ханбәл Мұхаммед алейһиссаламның кесенесін
және мінберін сүйіп, берекет алатын. Ханбали мазһабынан екендіктерін айта тұра,
осы мазһабтың имамының жасаған нәрсесін ширк дейді. Бұдан олардың “Ханбалиміз”
деп жалған айтатындығы аңғарылады. Имам Ахмед бин Ханбәл шафии мазһабының
құрушысы имам Шафиидің көйлегін сулап, сол суды ішті. Содан берекет алды. Халид
ибн Зайд Әбу Әйуб-әл-Ансари
(радиаллаһу анһ)
Расулуллаһтың қабіріне бетін сүртті. Біреу келіп, оны тұрғызбақшы болғанда:
“Мені жібер. Тасқа, топыраққа келген жоқпын. Расулуллаһтың құзырына келдім”
деген.
Сахабалар
(алейһимурридуан)
Расулуллаһтың заттарымен берекеттенетін. Мысалы, дәрет алған суы, көйлегі, аса
таяғы, қылышы, кесесі, жүзігі сахабалар үшін тәбәрік еді. Муминдердің анасы Умму
Сәләмада
(радиаллаһу анһа)
сақалының бір талы бар еді. Ауру адам келсе, оны суға салып, сол суды ауруға
ішкізетін. Пайғамбарымыз қолданған кесеге су құйып, ем үшін ішетін. Хадис ғалымы
хазіреті имам Бухаридің қабірінен мүшкі амбар исі шығып тұратын. Зияратқа
келгендер топырағынан алып кететін еді. Ешбір ғалым және муфти бұған кедергі
болмайтын, қарсы шықпайтын. Хадис және фиқһ ғалымдары бұған рұқсат еткен».
“Усул-ул-арбаа”
кітабынан алынған үзінді аяқталды.
“Әл-усул-ул-арбаа фи тардид-ил уаххабия”
кітабында екінші асылдың соңында парсы тілінде былай делінеді: «Уаххабилер және
сол сияқты мазһабсыздар
мажаз
бен
истиараның
(теңеу мен бейнеліліктің) не екендігін білмейді. Біреудің бір нәрсе істегенін
айту, ол сөз мажаз болса да (астарлы мағынада айтылса да), күпірлік дейді.
Алайда, Аллаһу та’ала Құран Кәрімнің бірнеше жерінде істің ақиқат жаратушысы,
орындаушысы өзі екендігін, мажази орындаушысы құлдары екендігін айтады. “Әнғам”
сүресінің 57-аятында және “Юсуф” сүресінде:
«Үкім - тек Аллаһқа тән»,
яғни “үкім етуші жалғыз Аллаһ” деп бұйырылған. “Ниса” сүресінің 64-аятында:
«Араларыңдағы келіспеушіліктерге сені үкім шығарушы етпейінше иман келтірген
болып саналмайды»
делінген. Бірінші аят ақиқат үкім шығарушының тек Аллаһу та’ала екендігін, ал
екінші аят адамға да мажаз (теңеу) ретінде “үкім шығарушы” делінетінін
көрсетеді.
Әрбір мұсылман тірілтетін де, өлтіретін де тек Аллаһу та’ала екенін біледі.
Өйткені, “Юнус” сүресінің 56-аятында:
«Тірілтетін де, өлтіретін де тек Сол»
дейді. “Зумар” сүресінің 42-аятында:
«Өлім уақытында адамды Аллаһу та’ала өлтіреді»
деп бұйырылды. “Сәжде” сүресінің 11- аятында мажаз ретінде
«Өлтіру үшін өкіл қылынған періште сізді өлтіреді»
деп бұйырылды.
Ауруларға шипа беретін де тек Аллаһу та’ала. Өйткені, “Шуара” сүресінің
80-аятында:
«Ауырған кезімде
маған тек Сол шипа береді»
делінген. “Имран” сүресінің 49-аятында Иса
пайғамбардың:
«Соқырдың
көзін ашамын және алапес ауруын
жазамын, Аллаһу та’аланың рұқсатымен өлгендерді тірілтемін»
дегендігі көрсетілген. Адамға перзент беретін шындығында Аллаһу та’ала.
Жәбірейіл алейһиссаламның мажаз (теңеу) ретінде:
«Саған пәк ұл
беремін»
дегенін “Мәриям” сүресінің 18-аяты көрсетеді.
Адамның нағыз иесі – Аллаһу та’ала.
“Бақара” сүресінің 257-аятында:
«Аллаһу та’ала иман келтіргендердің иесі»
деп, осыны айқын түрде көрсетеді. “Маида” сүресінің 56-аятында:
«Сендердің иелерің – Аллаһ және оның расулы»
және “Ахзаб” сүресінің 6-аятында
«Пайғамбар муминдерге өздерінен де көбірек ие!»
делініп, құлдың да мажаз ретінде ие бола алатынын көрсетеді. Сол сияқты нағыз
көмекші – Аллаһу та’ала. Бірақ, Аллаһу та’ала мажаз жолымен құлдарына да “муин”
(көмекші) деген. “Маида” сүресінің 3-аятында:
«Жақсылық пен тақуалықта бір-біріңе көмектесіңдер!»
деп бұйырылған. Уаххабилер Аллаһтан басқаның құлы деген мағынаны беретін
Абдуннәби, Абдуррасул деген мұсылмандарды мүшрік деп санайды. Алайда, “Нұр”
сүресінің 32-аятында:
«Іштеріңдегі бойдақтардан әйел, құл, күңдердің салих болғандарын үйлендіріңдер!»
деп бұйырылған. Адамдардың шынайы Раббысы – Аллаһу та’ала. Бірақ мажаз ретінде
басқаға да “Раб” делінеді. “Юсуф” сүресінің 42- аятында:
«Раббыңның
(қожайыныңның)
қасында мені зікір ет
(еске
ал)»
деп бұйырылған.
Уаххабилердің ең көп тіреліп қалатын мәселесі –
“истиғаса”
сөзі болып табылады. Аллаһтан басқадан көмек сұрауды, оған сыйынуды олар ширк
дейді. Иә, истиғаса шындығында Аллаһу та’алаға жасалады. Мұны білмейтін
мұсылманның өзі жоқ. Алайда, басқадан да истиғаса етілетінін мажаз ретінде
айтуға болады. Өйткені, “Қасас” сүресінің 15-аятында:
«Өз қауымынан шыққан дұшпанына қарсы одан истиғаса (көмек) сұрады»
делінген. Хадис шәрифте де:
«Махшарда адамдар Адам пайғамбардан истиғаса етеді (көмек сұрайды)»
делінеді.
“Хиснул-хасин”
кітабында келген хадис шәрифте:
«Жәрдем керек болған адам: “Ей, Аллаһтың құлдары, бізге көмектесіңдер” десін!»
деп жазылған. Бұл хадис қасында жоқ адамнан көмек сұрауды бұйыруда».
“әл-Усул-ул-арбаа”
кітабынан жасалған аударма аяқталды.
Хижраның 1150 жылы (м.1737) Мәмбет бин Абдулуаххабтың ағылшын тыңшысы Хемфермен
бірігіп таратқан
уаххабилік
сенімдері аз уақыттан соң саяси сипатқа ие болды. Ағылшындардың саяси және
әскери көмегімен Арабстанға таралды. Осман падишахы халифа ІІ Махмуд Ханның
бұйрығымен Мысыр әкімі Қавалалы Мухаммед Әли Паша Арабстанды уаххаби
қарақшыларынан тазартты. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін халифат құлатылып
Арабстанға қайтадан ағылшындардың қолдауымен уаххабилер қоныстандырылды. Соның
нәтижесінде 1932 жылы Сауд Арабиясы мемлекеті құрылды.