18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   


Бал тәпсірі

Бір күні сүйікті пайғамбарымыз алейһиссалам асxаби гузин xазреттерімен (ең жақын сахабаларымен)  бірге отырған еді. Кенеттен ортаға бір ақ ыдыс түсті. Іші ақ балға толы еді. Бетінде бір ақ қыл бар еді. Бәрі таңырқап отырды. Сонда Расулуллаһ алейһиссалам: «Келіңдер, әрбіріміз осы үш нәрсеге бір мысал келтірмейінше қол ұзатпайық» деді.

 

Хазреті Әбу Бәкір былай деді:

«Расулуллаһ хазреттері мына ыдыстан да нұрлы. Расулуллаһпен сөйлесу мына балдан да тәтті. Расулуллаһтың сүннетін орындау мына қылдан да жіңішке.»

Хазреті Омар былай деді:

«Иман мына ыдыстан да нұрлы. Иман келтіру мына балдан да тәтті. Иманмен жан тапсыру мына қылдан да жіңішке.»

 

Одан кейін хазреті Осман былай деді:

«Құран кәрім мына ыдыстан да нұрлы. Құран кәрім оқу мына балдан да тәтті. Құран кәрімнің бұйрығын ұстану мына қылдан жа жіңішке.»

 

Кейін хазреті Әли былай деді:

«Қонақтың жүзі мына ыдыстан да нұрлы. Қонақпен бірге отырып тамақ жеу мына балдан да тәтті. Қонақты құрметтеу мына қылдан жіңішке.»

 

Содан соң хазреті Айша анамыз былай деді:

«Халалыңның (жұбайыңның) жүзі мына ыдыстан да нұрлы. Халалыңмен сөйлесу мына балдан да тәтті. Халалыңа қызмет ету мына қылдан да нәзік.»

 

Содан кейін хазреті Фатима-туз-Зәхра былай деді:

«Қыз перзенттің жүзі мына ыдыстан да нұрлы. Ата-анасын жақсы көруі мына балдан да тәтті. Қыз перзентінің айыпсыз үйленуі мына қылдан да жіңішке.»

 

Содан соң сүйікті пайғамбарымыз былай деді:

«Үмбетімнің жүзі мына ыдыстан да нұрлы. Үмбетіме шапағат ету мына балдан да тәтті. Шапағаттың қабыл болуы мына қылдан да жіңішке.»

(Мәнақиб-и чихар йары Гузин кітабы, 42-бөлім)