9 - Шәууал, 1445 жыл.
     18 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Рамазан айы – истиғфар айы

Рамазан айы – истиғфар айы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Қасиетті Рамазан айының әрбір күні мұсылмандар үшін мейрам. Осы күндерді қадірлендірген адамның бүкіл жылы берекетті өтеді. Жұма және Рамазан айының әр күнінде, кәпірлерді де санағанда, ешкімге азап берілмейді.

Қасиетті Рамазан айы, кір киімнің кір жуғыш машинада тазаланғанындай, ораза ұстаған адамды тазалайды. Бұл айдың алғашқы күнінде-ақ тазалық басталады, соңғы күні ораза ұстаған адам тап-таза болады. Рамазаннан кейін күнәларының себебінен қайтадан кірлене бастайды.

Бұл айда былай дұға ету керек: «Йа, Раббым, бізді қасиетті Рамазан айының шапағатына үлестір! Оразаларымызды қабыл ет! Бұл айда кешірген құлдарыңның арасына бізді де қоса гөр!»

Рамазан айы бізді біраз әлсіретіп жатыр, бірақ онсыз да ғибадат дегеніміз – әлсіздігін және мұқтаж екенін көрсету деген сөз емес пе?

Рәғаиб түнінде Аллаһу та'ала көп ихсан береді, дұғаларды қабыл етеді. Олай болса, Рәғаиб түнінің Рамазан айынан қандай айырмашылығы бар? Бұл айда ғибадат жасап, күнәдан сақтанған адамға бүкіл жыл бойы осыларды істеу нәсіп болады. Қымбат гауһар тасы газетке оралады ма? Жоқ, әдемі құтыға салынады. Міне, дәл осылай, Шабан, Шәууәл және қажылық айлары да Рамазан айының арнайы қорғау құтысы сияқты.

Ислам дініне мойынсұнған адам Аллаһу та'аланың достарына, ал нәпісіне ерген адам да Оның дұшпандарына ерген болып саналады. Бұл айда көп истиғфар айту керек. Истиғфар – дүние мен ахирет зияндарына қарсы шипа, дәрі. Күніне жүз рет күнде «Әстағфируллаһ-әл азыйм әлләзи лә илаһа илла һууәл хаййәл қаййума уә әтубу илайһ» деп оқу керек.

Қазіргі заманда Рамазан айының оразасы күнтізбедегі есеп бойынша басталатындықтан, басындағы және соңындағы бір-бір күндер күмәнді болады. Осы себептен Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттері «Рамазаннан кейін екі күн қаза ораза ұстау керек» деген. Қадихан фәтуа кітабында да былай делінеді: «Күнтізбеге қарап, бір ай ораза ұсталса, Рамазанның басталуы және бітуі күмәнді болады. Рамазаннан бір күн бұрын немесе Рамазанның екінші күні, яки дәл Рамазанның басында оразаны бастаған болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, Рамазаннан бір күн бұрын ұстаған және Рамазанның соңғы күнінде айтты тойлаған болады. Екінші жағдайда, Рамазанның бірінші күні ораза ұстамаған, соңғы оразаны айт күнінде ұстаған болады. Бұл екі жағдайда да Рамазанның 28 күнінде ораза ұстаған болып, айттан кейін екі күн қаза ұстауы керек болады. Үшінші жағдайда, ораза ұстаған бір айдың алғашқы және соңғы күндерінің Рамазанға сай келгендігі күмәнді. Мұндай күмәнді күндердегі ораза сахих болмағандықтан, айттан кейін екі күн қаза ораза ұстау керек.»