9 - Шәууал, 1445 жыл.
     18 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Діни кітаптар сату

Діни кітаптар сату

Сұрақ: Тек Құран кәрім кітабын, діни кітаптар, діни жазулар және илаһи дисктерін сатумен айналысудың зияны бар ма?

Жауап: Құран кәрім кітабын Құранды үйренуге себеп болу ниетімен сату жаиз және сауапты болады. Алған ақша халал болады. Бірақ осындай ниеттің белгісі – өз бағасынан шамалы көбірек, үстінен қойған ақшасы аз болып, аздаған табыспен сату. Басқа кітаптардан пайда түсіп жатқан болса, Құран кәрім кітаптарын өз бағасына сату керек! (Шира) Құран кәрім кітабы, діни жазулар, илмихал кітаптары – сауда заты емес. Әмри маруф (дінді үйрету) мақсатында сатылуы тиіс. Базарда, сауда орталықтарында белден төмен жерлерге қойып сатылмайды. Дүкендерде сөрелерге қойылады. Оқу, берекеттену үшін бөлмеге асылады. Әшекей бұйымы емес. Діни жазуларды және басқа діни еңбектерді жерге қою – оларды қорлау, құрметсіздік жасау болып саналады.

 

Сұрақ: Шәйх аталып жүрген бір адам көршіміздің әйеліне: «Күйеуіңнен ұрлап алған ақшаны маған алып кел. Мен харам ақшаны халалға айналдырамын» деген екен. Шәйхтың жаман ақшаны жақсыға айналдыратын қасиеті бар ма?

Жауап: Шәйхтың харам ақшаны халалға айналдыру сияқты ешқандай күші жоқ. Ондай адамдар – жалған шәйхтар. Кейбірлері «Намазды сенің мойныңнан босаттым» дейді, кейбірі «Сендерді бауыр қылдым» деп, әйел мен еркектің оңаша қалуына мүмкіндік беруде. Қазіргі заманауи шәйхтардан аулақ болу керек.

 

Бұзылған кітаптар сату

Сұрақ: Кітап сатумен айналысамын. Діни кітаптарды пайда көру мақсатымен сату рұқсат емес екенін білемін, сондықтан діни кітаптарды сатпаймын. Кейбір адамдар «Сен кәсіпкерсің, ризығыңды табу үшін кез келген кітапты сатуыңа болады, күнә болмайды» дейді. Бидғатшылардың, сектанттардын бұзылған кітаптарын да сату күнә болмайды ма?

Жауап: Әрине күнә болады. Ол сөз қасапқа «Ризығыңды табу үшін шошқа етін сатуыңа болады» дегенге ұқсайды. Қайырлы іске себеп болған адам қайырымдылық істегендей, жамандыққа себеп болған адам да күнә істеген болады. Мысалы ішкілік ішкен адам күнәға батқанындай, ішкілікті сатқан адам да күнәға батады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Мына он адам лағнеттелді: Шарап үшін жүзім сыққан, жүзімді сыққызған, ішкен, тасыған, тасытқан, сатқан, ақшасын жеген, сатып алған, сатып алғызған адам.» (Тирмизи)

Бидғат істеген, бидғатты жайған, оларды қорғаған, кітаптарын сатқан адам да бірдей күнәға батады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Бидғат шығарған адамға да, оны қорғаштаған адамға да лағнет болсын!» (Бұхари)

Кимйа-и Саадәт кітабында былай делінген: «Дінді мазақ қылған адамдарға, өтірік, бұзылған кітаптар жазып, дінді бұзуға тырысып жүргендерге қағаз сату күнә болады.» (С.Әбәдийа)

Бұзық, адастырушы кітаптар жазатындарға қағаз сату күнә болатын болса, ондай кітаптарды сату одан асқан күнә болады. Ал дұрыс болған діни кітаптарды дінге қызмет ету мақсатымен пайдасыз өз бағасына сату жақсы болады.