19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Истиғфар етіңдер

Истиғфар етіңдер

Күнәлардан және дерт-қиыншылықтардан құтылу үшін әрқашан және әркез, намаздан кейін, жатар кезде мағынасын ойлап көп-көптен «Әстағфируллаһ мин кулли ма кәрихаллаһ» деп айту керек...

Аллаһу та’ала мен құл арасындағы күнәлардың кешірілуі үшін жасырын түрде тәубе ету керек. Мұны басқаларға естірту, хабар беру қажет емес. Жүніп кезде мешітке кіру, мешітте дүниелік сөздер айту, мешітте ішіп-жеу, ұйықтау, Құран кәрімді дәретсіз ұстау, харам нәрсе тыңдау, харам жеп-ішу, әурет жерін ашу бұлардың барлығы құл ақысына жатпайтын күнәлар.  

Жануар ақысы араласқан күнәлардың кешірілуі өте қиын. Малды орынсыз өлтіру, ұру, тебу, басынан ұру, шамадан артық жүргізу, тым ауыр жүк арту, шөбін, суын уақытылы бермеу күнә болады. Бұл күнәға тәубе ету керек, әрі истиғфар етіп жалбарыну керек. Кәпірлердің ақысы үшін де олармен халалдасу керек.

Құл ақылары: мал-мүлікке қатысты, нәфси, ар-намысқа қатысты, махреми және діни мәселелерге қатысты бес түрлі болады. Ұрлау, тартып алу, сауда-саттықта қулық жасау, жасанды ақша беру, өзгенің мүлкіне зиян келтіру бұлар мал-мүлікке қатысты құл ақылары болып табылады.Нәфси, яғни өмірлік тұрғыдан орын алатын күнәларға адам өлтіру, дене мүшесіне зақым келтіру жатады. Ар-намысқа қатысты құл ақылары ғайбаттау, мазақ ету, масқаралау, ұрсу, сөгу сияқты абыроймен байланысты күнәлар. Махреми ақылар өзгенің әйеліне, бала-шағасына қиянат ету. Діни тұрғыдан құл ақылар туыстарына және қол астындағыларға дұрыс дін ілімдерін беруді тәрк ету, бұлардың және басқа да адамдардың дін ілімін үйренулеріне және ғибадат етулеріне кедергі болу, оларға кәпір, пасық деп айту...

Бүкіл осы күнәлар үшін тәубе ету және ақы иелерімен халадасу, яғни разылығын алу қажет. Хадис шәрифтерде: «Тәубе еткен адам күнә істемегендей болады» және «Күнәсына өкінбей, тілімен ғана истиғфар еткен адам күнәсын жалғастырушы адам. Ол Раббысын мазақ етуде» делінген.

Истиғфар ету «Әстағфируллаһ» деп айту деген сөз. Мағынасы: «Мені кешір Аллаһым» деген сөз. «Фәуаиди Османийа» кітабында: «Шипа үшін оқылатын дұғаны жазып беруімді сұраған екенсіңдер. Шипа үшін, тәубе етіңдер және истиғфар дұғасын көп оқыңдар. Яғни, «Әстағфируллаһ әл-азыим әлләзи лә илаһә илла һу әл хаййул қаййума уә әтубу илайһ» деңдер! Өлімнен басқа барлық дерттерге, ауруларға қарсы пайдалы. Өлім халіндегі адамның ауруын, шаншуын тоқтатып, жеңіл жан тапсыруын қамтамасыз етеді» делінген.

Худ сүресінің 52 аятында: «Истиғфар оқыңдар, көмектеріңе келемін» делінген. Хадис шәрифте де: «Үздіксіз истиғфар айтып жүрген адамды Аллаһу та’ала дерттерден құтқарады» делінген.

Қорыта айтқанда күнәлардан, дерт-сырқаттан, қиыншылықтардан құтылу үшін әрқашан, әр жерде, намаздардан кейін, жатарда мағынасын ойлап көп-көптен «Әстағфируллаһ мин кулли ма кәрихаллаһ» немесе қысқаша «Әстағфируллаһ» деп айтып жүру керек.