Иса (алейһиссалам) - хазіреті Мәриям деген қыздан туылған біз сияқты адам. Құран
Кәрімде бұл мәселе айқын көрсетілген және қасиетті рух туралы айтылған. Бірақ,
мұның мағынасы христиандардың ойлағанындай “Иса - Аллаһтың ұлы” деген сөз емес.
“Қасиетті рух” (рух-ул-қудс) ұғымы - Аллаһу та’аланың Иса алейһиссаламға жоғары
құтқарушы құдіретінен бергенінің белгісі. Иса алейһиссалам яһудилерге қате жолда
екендіктерін, тура жолдың өзі көрсеткен жол екендігін білдірді. Алайда, яһудилер
күткен құтқарушыларының өте қатты, айбатты, ұстағанын қирататын алып, яһудилерді
басқа ұлттардың құлдығынан құтқаратын адам болуын күткен-ді. Иса алейһиссаламға
сенбеді. Оны жалған пайғамбар деп санап, римдіктерге хабарлап, оған қарсы шықты.
Өз сенімдері бойынша оны креске керді. Ислам діні креске керілген адамның Иса
алейһиссалам емес екендігін, оны аз ақшаға римдіктерге сатқан Асхарют Яһуда (Judas)
екендігін айтады. Қазіргі кезеңдегі христиан тарихшылары жасаған зерттеулер Иса
алейһиссаламның кресте өлмегендігін көрсетуде. Джон Ребан деген адам осы туралы
1978 жылы өте көп сатылған бір кітап жариялаған еді. Бұл зерттеулер
христиандардың “Иса кресте жан тапсырды. Әке Тәңірі жалғыз ұлын күнәһарлар үшін
пида етті” деген аңызының тамырына балта шабуда. Осылайша, христиан тарихшылары
шіркеулерге үлкен соққы беруде.
Иса алейһиссаламға
Інжіл
кітабы түсірілді. Бірақ, яһудилер бұл кітапты сексен жылда жоқ етті. Кейіннен
жазылған, христиандар Аллаһу та’ала тарапынан жіберілгеніне сенетін
“Китаби муқаддас”
(Қасиетті кітап) екі бөлімнен тұрады: біріншісі,
“Ескі өсиет” (Old
Testament)
кітабының сол кезге дейінгі пайғамбарлардың, әсіресе Мұса пайғамбардың
уағыздарын қамтығанына сеніледі. Екіншісі,
“Жаңа өсиет”
(New
Testament)
Иса алейһиссаламға сенгендердің ішінде Матта
(Matthew),
Марк
(Mark),
Лука (Luke)
және Жоханның
(Jahn)
жазған кітаптары болып, ол Иса алейһиссаламның өмірін, жасаған істерін және
айтқан насихаттарын қамтиды.
Інжілді дайындауда Құран Кәрімнің жазылуында сақталған мұқияттылық сақталмаған.
Ақиқат мәліметтерге бірқатар қате түсініктер, ырымдар, аңыздар енгізілген.
Хижраның 1303 (м.1885) жылы қайтыс болған монастырлық мұғалім қажы Абдуллаһ Абди
бектің араб тілінде жазылған
“Рисала-и самсамийа”
және түрік тілінде жазылған
“Изах-ул-мәрам”
кітаптарында Інжілдер туралы кең мәлімет берілген. Ақиқат Інжілге өте жақын
Інжіл нұсқаларының да бар екендігі қазіргі кезде байқалуда.
Олардың ең маңыздысы
Барнабас
Інжілі. Барнабас Кипрде дүниеге келген яһуди кісі, шын аты Жозеф болатын. Ол Иса
алейһиссаламға сенетіндердің алғашқыларынан бірі және хауарилердің (апостол)
арасында маңызды орын алады. Оған тағылған “Барнабас” деген лақап “насихат
жасаушы”, “жақсылыққа шақырушы” мағынасына келеді. Христиан әлемі Барнабасты
Павлоспен (Saint
Paul)
бірге христиан дінін таратқан қадірлі тұлға деп таниды және жылда маусымның 11
жұлдызында пасхасын тойлайды. Барнабас Иса алейһиссаламнан естіген, үйренген
нәрселерін сол күйінде өзгертпей жазып отырған. Бұл Інжіл христиандықтың алғашқы
үш жүз жылында басқа Інжілдермен бірге қолдан-қолға өтіп, оқылған. 325 жылы
Изникте поптардың
(Nicene)
рухани мәжілісі ибрани тіліндегі барлық Інжілдерді жоюға шешім қабылдаған кезде,
Барнабас Інжілі де жойылған. Өйткені, төрт Інжілден басқа Інжілді оқыған және
сақтаған адамдарды өлтіру туралы бұйрық шыққан еді. Қалған Інжілдер латын тіліне
аударылған, тек Барнабас Інжілі өте құпия түрде жоғалған. 383 жылы папа Дамасус
кездейсоқ қолына түкен Барнабас Інжілінің нұсқасын папалықтың кітапханасында
сақтаған. Хижраның 993 (м.1585) жылына дейін осы жерде тұрған Барнабас Інжілін
папа Сикстаның (Sextus)
досы Фра Марино
(Fra Marino. “Fra”
итальян тілінде “бауыр” және “пірәдар” мағынасына келеді)
кітапханадан тауып алып, оны көп зерттеген. Өйткені, атақты христиан дінбасы
Иранеус (130-200) шамамен 160 жылы Аллаһтың бір екенін, Исаның Аллаһтың баласы
еместігін айтып, “Павлос римдіктердің бірнеше тәңірге табыну әдетін алып, үш
Құдайға табыну сенімін христиан сеніміне қосқысы келген” деп, Павлосты сынға
алғанда бұған дәлел ретінде бір құдай сенімін уағыздаған Барнабас Інжілін
көрсеткен еді. Осыны білетін Фра Марино Барнабас Інжілін мұқият оқып, шамамен
1585-1590 жылдары аралығында оны итальян тіліне аударған. Осы итальянша қолжазба
әркімнің қолына өтіп, соңында Пруссия королінің кеңесшісі Кремердің қолына
тиеді. Кремер оны х.1120 (м.1713) жылы түріктерді Зентада жеңгендігі және
олардан Мажарстан мен Белградты алғандығы үшін Еуропада атағы таралған ханзада
Юган де Савойға (1663-1736) сыйлаған. Ол қайтыс болғаннан кейін Барнабас Інжілі
оның жеке кітаптарымен бірге 1738 жылы Венадағы королдік кітапханасына (Hofbibliothek)
өткізілген.
Алғаш рет бұл кітапханадан Барнабас Інжілінің итальянша аудармасын тапқан
ерлі-зайыпты Рогтар (Ragg)
оны ағылшын тіліне аударған. Осы ағылшынша аудармасы х.1325 (м.1907) жылы
Оксфордта басылған. Бірақ, бұл аударма да таңғажайып тәрізде жоғалып кеткен.
Оның бір нұсқасы “Бритиш музей” мұражайында, бір нұсқасы да Вашингтонда Америка
конгресі кітапханасында бар. Пакистанның Құран Кәрім қоғамы “Qoran
Council”
ағылшынша нұсқасын 1973 жылы қайтадан басып шығарды.
Барнабас
Інжілінің 70-бабында:
«Иса өзіне “Сен Аллаһтың баласысың” деген Петрусқа ашуланды. Оған ұрысып “Кет,
жоғал! Сен шайтансың, маған жамандық істегелі тұрсың” деді. Одан кейін
хауарилеріне қарап. “Маған бұлай айтқандарды қарғыс атсын. Өйткені, Аллаһ маған
оларды лағнеттеуге бұйрық берді” деді» делінеді.
71-бабында:
«Мен ешкімнің күнәсін кешіре алмаймын. Тек Аллаһ қана күнәларды кешіреді» дейді.
72-бабында:
«Иса:“Мен бұл дүниеге Хақ Та’аланың дүниеге саламат әкелетін расулының жолын
дайындау үшін келдім. Бірақ, сендер абайлаңдар, ол келгенге дейін алданып
қалмаңдар. Өйткені, менің сөздерімді алып, менің Інжілімді бұзатын бірқатар
жалған пайғамбарлар шығады” деді. Сол кезде Андреастың: “Ол расул туралы бізге
айтып берерсің?” деген сұрағына “Бұл расул сендердің дәуірлеріңде келмейді.
Сендерден бірнеше жылдан кейін менің Інжілім өзгертіліп және ақиқатқа шынайы
сенгендердің шамамен 30 ғана адамды құраған кезінде келеді. Міне, сол кезде Хақ
Та’ала адамдарға аяушылық танытып, елшісін жібереді. Оның үстінде әрдайым ақ
бұлт жүреді. Ол өте құдіретті болады, пұттарды қиратады, пұтқа табынушыларды
жазалайды. Оның арқасында адамдар Аллаһты таниды. Оны құрмет тұтады және мен де
шындық адамдық халіммен таныламын. Менің адамнан басқа нәрсе екендігімді
айтқандардан кек алады” деп жауап берді» дейді.
96-бабында:
«Аллаһ тірі. Аллаһу та’ала бабамыз Ибрахимге: “Сенің нәсіліңнен шыққан барлық
адамдарды нығметіме бөлеймін” деп уәде берген, алайда ол мәсіһ (расул) мен
емеспін. Аллаһу та’ала мені дүниеден алып кеткен кезде шайтан барлық адамды
менің Аллаһтың өзі немесе Аллаһтың баласы екендігіме сендіреді. Осы қарғыс атқыр
бүлікті тағыда шығарады. Сөздерім мен сенімімнің бұзылып, өзгеретіні соншалық,
отыз шақты ғана иманды адам қалады. Сондай заманда Аллаһу та’ала адамдарға
рақымшылық жасап, барлық нәрсені сол үшін жаратқан расулын жібереді. Бұл расул
оңтүстіктен келеді. Үлкен құдіретке ие болады. Ол пұттарды қиратады, пұтқа
табынушылықты және шайтанның адамдарға билігін жояды. Оның сөзіне сенгендер
Аллаһу та’аланың түрлі нығметтеріне қол жеткізеді» дейді.
97-бабында:
«“Айтқан Мәсихіңнің аты кім және оның келу белгілері қандай?” деп сұраған
көріпкел бақсыға Иса былай деді: “Мәсихтің аты таңдануға тұрарлықтай. Аллаһу
та’ала оның рухын жаратқан кезде оған осы есімді берді және оны өзінің көктегі
әсем орнына қойды. “Күт, ей Ахмет, сен үшін мен жұмақты, әлемді және көптеген
нәрселерді жаратамын. Оларды саған сыйлаймын. Сені қадір тұтқан адамды мен қадір
тұтамын. Саған күпірлік жасаған адам менен қарғыс алады. Мен сені әлемге менің
құтқарушы расулым ретінде жіберемін, сенің сөзің ақиқаттан тұрады. Жер мен көк
жойылса да, сенің иманың мәңгі сақталады” деді. Оның есімі Ахмет болады. Осыған
орай, Исаның айналасына жиналған халық “Ей, Ахмет! Әлемді құтқару үшін тезірек
кел!” деп айқайлай бастады» деп жазылған.
128-бабында:
«Бауырларым! Мен топырақтан жаратылған адаммын. Сендер сияқты жер басып жүремін.
Күнәларыңды біліп, тәубеге келіңдер. Шайтан римдік әскердің көмегімен сендерге
менің Құдай екендігімді айтып, сендерді алдайды. Олардың жасанды және жалған
тәңірлеріне құлшылық жасау арқылы Аллаһтың қарғысына ұшырайтынын көріп, оларға
сенбеңдер» делінеді.
136-бабында:
тозақ туралы түсіндірме беріліп, Мұхаммед алейһиссаламның өз үмбетін жаһаннамнан
қалай құтқаратындығы айтылған.
163-бабында:
«Хауарилердің: “Келетіні туралы айтқан адамың кім?” деген сұрағына Иса жүрегі
тебіреніп тұрып: “Оның есімі Ахмет. Ол келген кезде ұзақ уақыттан бері жауын
жаумаса да, жерде жеміс ағаштары өседі. Ол әкелген Аллаһтың рахметінің арқасында
адамдарға жақсы, ізгі істер жасауға мүмкіндік туады. Аллаһтың рақымдылығы
адамдарға жаңбырдай жауады” деді» дегені келтірілген.
Иса алейһиссаламның соңғы күндері туралы Барнабас Інжілі мынадай мәлімет береді
(215-222-бабтар):
«Рим әскерлері Исаны ұстау үшін ішке кірген кезде төрт ұлы періште Жәбірейіл,
Исрафил, Микаил және Әзірейіл Аллаһу та’аланың әмірімен Оны құшақтап алып,
терезеден шығарып көкке көтерді. Рим әскерлері өздеріне жол көрсетіп жүрген
Йаһуданы (Иуда,
Judas)
“Сен Исасың!” деп ұстап алды. Оның қарсылығына, айқайлағанына, жалбарынғанына
қарамай, сүйреп апарып креске керді. Кейіннен Иса алейһиссалам анасы мен
хауарилерге көрінді. Мәриямға: “Ана, көріп тұрсың ғой. Олар мені емес, сатқын
Йаһуданы асып өлтірді. Шайтаннан сақтаныңдар! Өйткені, ол дүниені қате сеніммен
алдап-арбау үшін барлық нәрсені жасайды. Көрген, естіген нәрселерің үшін
сендерді куәгер етемін” деді. Одан кейін сенгендердің қорғалулары және
күнәһарлардың өкінуі үшін Аллаһу та’алаға дұға етті. Шәкіріттеріне қарап:
“Аллаһу та’аланың нығметі мен рақымдылығы жаусын” деді. Сосын төрт періште оны
шәкірттері мен анасының көз алдында қайтадан аспанға алып кетті».
Барнабас Інжілі соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламның келетінін одан 1000 жыл
бұрын айтып тұр. Аллаһу та’аланың бір екендігін айтып, үш құдай сенімін жоюда.
Барнабас Інжілі Мұхаммед алейһиссалам келуден 700 жыл бұрын “кәпірлік” деп
қараланып, жиналып алынып жоғалтылды. Демек, сол кездің өзінде оның ішінде
фанатик христиандарға ұнамайтын, яғни Аллаһу та’аланың бір екендігін, Иса
алейһиссаламнан кейін басқа пайғамбардың келетінін көрсететін сөздер болған. Оны
итальян тіліне аударған Фра Марино католиктік пірәдар болатын. Мына нәрсені
ұмытпау керек, көп уақыт бұрын, яғни б.д.д. 300-325 жылдар аралығында бірқатар
христиан дін адамдары Иса алейһиссаламның Аллаһтың ұлы екендігін қабылдамай,
оның да біз сияқты адам екенін дәлелдеу үшін Барнабас Інжілін алға тартады.
Олардың ең танымалы – Антиохия епископы Лучиан. Оның шәкірті Ариус (270-336)
одан да танымал болған. Ариус Александрия епископы, кейіннен Стамбул патриархы
болған Александр тарапынан “кәпір” деп жарияланып, қудаланған. Осыған орай Ариус
досы, Измит епископы Еусбюстың қасына барады. Ариустың сенімі айналасына
көптеген жақтастар жиналады. Тіпті Византия императоры Константин мен қарындасы
да оның құрған ариандар мазһабына кіреді. Ариустан кейін тек Мұхаммед
алейһиссалам кезеңінде папа болған Гонорий ғана (Honorius)
Иса алейһиссаламның адам баласы екендігін және үш тәңірге сенудің дұрыс
еместігін айтқан. 630 жылы қайтыс болған папа Хонориус 48 жылдан кейін 678 жылы
Константинополда жиналған Рухани мәжіліс тарапынан ресми түрде “кәпір” деп
лағынеттелген. (Anathematised)
1547 жылы сицилиялық рахиб (христиан дін адамы) Камиллоның ықпалында болған
Л.Ф.М Соззини христиандардың ең ұлы дін ғалымы және Келвинизмнің құрушысы
француз Джан Келвинге (1509-1564): «Мен үш тәңірге сенбеймін» деп, Ариустың
мазһабын таңдайтынын білдіріп, маңызды христиан сенімі болған Адам
алейһиссаламның үлкен күнәсі және Исаның осыны кетіру үшін дүниеге келгені
туралы нанымды қабылдамаған. Осы адамның жиені болған Ф.П. Соззини 1562 жылы
бір кітап жариялап, Иса алейһиссаламның тәңір емес екендігін нақты көрсеткен.
1577 жылы Соззини Трансилванияда Клаусенбург қаласына барған еді. Өйткені осы
мемлекетті басқарып отырған Сигисмунд үш тәңірі сенімін қабылдамайтын. Сол жерде
епископ Францис Давид (1510-1579) үштік сенімге толығымен қарсы шығып, бір
мазһаб құрған болатын. Бұл мазһаб Польшадағы Раков қаласында құрылғандықтан
олар
“раковиандар”
деп аталды. Олардың барлығы Ариустың мазһабын ұстанатын. Көптеген ынсапты,
ақылды христиан дінбасылары қолдарындағы Інжілдерге сенбей, дұрыс Інжілдің
Барнабас Інжілі екендігін мойындауда. Мұны көрген папалар және олардың
айналасындағы топтар Барнабас Інжілін жоюға бар күштерін салуда.
Қазір христиандардың қолындағы Інжілдерде және «Ескі өсиетте» соншама өзгертулер
енгізіліуіне қарамай, Иса алейһиссаламнан кейін бір пайғамбар келетіндігі туралы
жазылған. Жохан (Юханна,
Jahn)
Інжілінің 16-бабының 12-13- аяттарында былай делінеді: «Менің әлі айтатын
бірқатар нәрселерім бар. Бірақ, сендер оларға төзе алмайсыңдар. Бірақ, ол келген
кезде ақиқатқа жеткізеді» Жохан Інжілінің бұл жазбасы ағылшын және американ
інжіл фирмалары тарапынан 1886 жылы Стамбулда Бояжиян Агоб баспаханасында
басылған. Қасиетті кітаптың ибрани тілінен түрік тіліне жасалған аудармасының
885-бетінде былай жазылған: «Менің кеткенім сендерге жақсы. Өйткені, мен
кетпейінше сіздерге қамқоршы келмейді. Ол келген соң дүниені күнә, жақсару және
үкім мәселелеріне сендіреді. Сендерге айтатын біраз нәрселерім бар. Бірақ, қазір
оған шыдамайсыңдар. Алайда, сол ақиқат рухы келген кезде сендерді, ақиқатқа
жеткізеді. Өйткені, ол өз сөзін емес, естіген сөздерін айтады және болатын
нәрселер туралы хабар береді. Ол мені қадірлі етеді, өйткені менен алғанын
сендерге хабарлайды». Бұл жердегі «Ол» сөзі Інжілдің аудармасы мен тәпсірлерінде
“рух” немесе “қасиетті рух” деп көрсетіледі. Алайда, латынша түпнұсқада
“Paraclet”
деп жазылған. Бұл сөз “жұбатушы” деген мағынаға келеді. Демек, пірәдарлар,
папалар барлық әрекеттеріне қарамастан Інжілден «Менен кейін бір жұбатушы
келеді» деген тіркесті алып тастай алмаған. Бұдан басқа
Павлостың
жазған хаттарынан (христиандар оны Қасиетті кітаптың бір бөлімі деп санайды)
“Коринтослықтарға бірінші хат”тың он үшінші бабының 8- аяты және жалғасында:
«Сүйіспеншілік таусылмайды, бірақ пайғамбарлардың келуі тоқтайды. Тілдер де
жоғалады (мысалы, латын және көне грек тілі), ғылым да өшеді (ортағасыр ғылымы
сияқты). Біз де олардың өте аз бөлігін ғана білеміз. Алайда, сол кемел жан
келген кезде барлық кінәратты, қате, аяғына жетпеген ілімдер жойылады» деп
жазылған. Бұл сөз түрікше
“Қасиетті кітаптың”
944-бетінде де жазылған. Олай болса, христиандар қазір қолдарындағы өздері дұрыс
деп қабылдайтын Інжілдерде соңғы пайғамбардың келетіндігін көрсететін бөлімдерге
сенуге мәжбүр.
Інжіл ибрани тілінде жазылған еді.
Орта ғасырда
“Итала”
деген атпен латын тіліне аударылды. Насрани
діні
тарала
бастаған кезде пұтқа табынушылар мен яһудилер оған қарсы шықты.
Насранилер дінді жасырын түрде жалғастыруға мәжбүр болды. Жер астында,
үңгірлерде, жасырын жерлерде
ғибадат жасады. Яһудилер қанша азаптаса да,
Насрани (христиандықтың бұзылмаған дәуіріндегі ескі аты) дінінің таралуына
кедергі бола алмады.
Алдыңғы қатарлы яһудилердің бірі және христиан дінінің
ең үлкен дұшпандарының бірі болған
Сауль
насрани дінін қабылдағанын айтады және “өзін Иса пайғамбардың яһуди емес
ұлттарды насранилік дініне шақыру үшін шәкірт етіп сайлағаны” туралы жалған сөз
таратады. (Қасиетті кітап, “Расулдардың істері”, 9-баб). Есімін
“Павлос”
етіп өзгертеді. Жақсы насрани болып көрініп жүріп, Иса алейһиссаламның дінін
бұзды. Тәуһидті үштік сенімге айналдырды. Насранилік және Исауилікті
христиандыққа айналдырды. Інжілді
өзгертті. «Иса - Құдайдың баласы» деді. Шарап ішуді, доңыз етін жеуді
христиандарға халал қылды. Құбыла бағытын шығысқа ауыстырды. Иса алейһиссалам
уағыздаған дінде болмаған көптеген бұрыс нәрселерді насрани дініне кіргізді.
Оның қате және бұзық пікірлері исауилер (насрани дінін ұстанғандар) арасында тез
тарала бастады. Исауилер түрлі топтарға бөлініп, Иса алейһиссаламның тура
жолынан адасты. Түрлі аңыздар тоқып шығарып, Иса пайғамбардың жалған суреттері
мен мүсіндерін жасады. Кресті символ етіп алды. Мүсіндер мен крестерге табына
бастады. Яғни, қайтадан пұтқа табынушылыққа көшті. Исаны алейһиссалам, Аллаһтың
баласы деп қабылдады. Алайда, Иса алейһиссалам оларға мұндай ешнәрсе айтпаған,
оларға тек қасиетті рух, яғни Аллаһу та’аланың өзіне берген құдіреті туралы
айтқан еді. Христиандар Құдайға, Оның баласы деп қабылдаған Исаға және қасиетті
рухқа сенуге мәжбүр болғаннан кейін барлық ақиқат діндердің негізі болып
табылатын «Аллаһу та’ала бір және Ол өзгермейтін Жаратушы» деген сенімнен
алыстап, үш тәңіріге бірден табынудай күлкілі жағдайға душар болды. Бұл
“тәслис”
деп аталады.