Қажылықтың сүннеттері
мыналар:
1-
Афаки болғандардың
(Миқаттан алыс жерлерден келгендердің) дереу Харам мешітіне барып қудум
тауафын жасаулары сүннет болып табылады. Қағбаны көргенде тәкбір, тәһлил
және дұға етеді. Еркектер Хажери әсуадқа қолын және бетін тигізеді. Қудум
тауафынан кейін және екі рәкат намаздан кейін, Сафа және Мәруа төбешіктері
арасына сайи жасайды. Одан кейін ихрамнан шықпастан Мекке қаласында болып тәруия
күніне дейін қалағанынша
нәпіл тауаф
жасайды. Муфрид және қарин болған қажылар тас лақтырып, қырынғанға дейін
ихрамнан шықпайтындығы үшін әр күні ихрамның тыйым салған нәрселерінен сақтануы
керек болады. Харам мешітінің ішінде намаз оқып жатқандардың алдынан өту күнә
емес.
2-
Имамның үш жерде хұтба
оқуы сүннет. Біріншісі Зүлхижжа айының жетінші күні Меккеде; екіншісі тоғызыншы
күні бесін намазының уақыты кіргенде, бесін және екінді намаздарынан бұрын,
Арафатта; үшіншісі он бірінші күні Минада оқылады. Арафатта хұтба біткенде бесін
және оның артынша екінді намазы жамағатпен жәм етіліп оқылады. Имамға үлгере
алмаған адам екінді намазын екінді уақытында оқиды. Намаздан кейін имам және
жамағат Нәмре мешітінде
Мәуқыфқа
қыблаға қарап түрегеп немесе отырып уақфаға тұрады. “Жәбәли Рахме” деп аталатын
төбенің үстіне шығу және уақфа үшін ниет ету керек емес.
(Жәбәли рахме: рахмет тауы деген
мағынаны білдіретін Арафат жазығының ортасындағы төбешік)
3-
Арафатқа бару үшін
Меккеден тәруия (зүлхижжаның сегізінші) күні таң намазынан кейін шығу. (Меккеден
Минаға барады.)
4-
Арапа күнінен алдыңғы
және айттың бірінші күні, екінші және үшінші түндері Минада түнеу. (Үшінші түні
және күні Минада қалу мәжбүр емес)
5-
Минада Арафатқа
бару үшін күн шыққаннан кейін жолға шығу.
6-
Арапа түні Муздалифада
түнеу. Арафаттан Муздалифаға келіп мұнда құптан уақыты кіргенде, ақшам және
құптан намаздарын бір-бірінің артынан жамағатпен оқылады. Ақшам намазын Арафатта
немесе жолда оқыған адам, құптан уақыты шықпай тұрып Муздалифаға келсе, мұнда
қайтадан жамағатпен немесе жалғыз ақшам намазын құптанмен бірге қосып оқуы
керек.
7-
Муздалифада фәжр (таң
шуағы) ағарғаннан кейін тұру. Түнде Муздалифаға жатып фәжр ағарғанда дереу таң
намазын оқып, кейін Мәшарилхарам деп аталатын жерде айнала жарық болғанға дейін
уақфаға тұрады. Күн тумастан бұрын Минаға қарай жүреді. Жолда Мухассар деп
аталатын жерде тоқтамау керек. Бұл асхабы филдің тоқтаған жері. (Асхабы фил:
Пайғамбарымыздың туылуынан шамамен екі ай бұрын Қағбаны құлату үшін Мекке маңына
дейін келген бірақ Аллаһу та’аланың жіберген әбәбил атты құстардың, үстілеріне
тастаған мержімек дәнінің көлеміндей тастармен қырғынға ұшыраған Йемен әміршісі
Әбрахамен ішінде көптеген пілдер болған әскери жасақ)
8-
Минаға келгенде Хиф
мешітіне ең ұзақ болған, Ақабе жәмресі деген жерде, оң қолдың бас
бармағы және сұқ
саусағымен екі жарым метр жерден немесе одан ұзақтан жәмренің орнын көрсететін
дуалдың түбіне жеті тас лақтырады. Дуалдың үстіне немесе адамға, жануарға тиіп
барып түбіне түссе де жаиз болады. Ертеңгісін фәжр уақытына дейін лақтыру жаиз
болса да, сол күні түске дейін лақтыру сүннет болып табылады. Кейін еш кідірмей
ол жерден кетіп, қаласа құрбандық шалады. Өйткені сафари болған адамға құрбандық
шалу уәжіп емес. Сафари болған қажылардың, муфрид болған кезінде құрбандық
союлары уәжіп болмайды. Құрбандықтан кейін қырынып ихрамнан шығады. Айттың
бірінші күні Минада болғандар және бүкіл қажылар, айт намазын оқымайды. Кейін
сол күні немесе ертеңіне немесе оның ертеңіне Меккеге барып Мешіт ішінде ниет
етіп зиярат тауафын жасайды. Бұған ифада тауафы деп те айтылады. Зиярат тауафын
және қырынуды айттың үшінші күні күн батқаннан кейінге қалдыру мәкрух болады
және бұл жағдайда құрбандық шалу керек болады. Тек есінен танған адамның орнына
басқа адам тауаф ете алады. Зиярат тауафында Рәмл және Сайи
жасалмайды. Тауаф намазынан кейін Минаға келеді. Бесін намазын Меккеде немесе
Минада оқиды. Айттың екінші күні бесін намазынан кейін Минада хұтба оқылады.
Хұтбадан кейін үш жерде тас лақтырады. Хиф мешітіне жақын болғанынан
бастайды. Үшінші күні де осы секілді жеті тастан лақтырады. Үш күн ішінде
барлығы қырық тоғыз тас лақтырған болады. Бұларды түстен бұрын лақтыру жаиз емес
немесе мәкрух болады. Үшінші күні күн батпай тұрып Минадан шығады. Төртінші күні
де Минада қалып фәжрден (таң шуағының ағаруынан) күн батқанға дейінгі аралықта
қалаған уақытында жиырма төрт тас лақтыру мүстаһаб болады. Төртінші күні фәжрге
дейін Минада қалып тас лақтырмай ол жерден шықса, қой союы керек болады. Бірінші
және екінші жерлерден тас лақтырғаннан кейін қолдарын иық тұсына көтеріп
алақандарын аспанға қаратып және қыблаға қарап дұға етеді. Лақтыратын жетпіс
тасты Муздалифада немесе жолда жинайды. Жануар үстінде тұрып та тас лақтыру
жаиз. Садр тауафынан кейін зәмзәм суын ішеді. Қағбаның есігін сүйеді. Кеудесін
және оң жағын Мүлтазам деген жерге сүреді. Кейін Қағба пердесіне жабысып
білетін дұғаларын оқиды. Жылаған күйде мешіт есігінен сыртқа
шығады.
9-
Арафатта уақфаға
тұрудан бұрын ғұсыл алу.
10-
Минадан Меккеге соңғы
қайтқанында алдымен Әбтах деп аталатын далаға келіп, мұнда бір мезет
тұру. Ол жерден Меккеге келіп қалағанынша қалады.
11-
Қажылыққа барарда
мұқтаж болмаған әке-шешеден, алашақтарынан, кепілдерінен рұқсат алу сүннет болып
табылады. Әке-шешесі мұқтаж болса, рұқсатсыз кетуі харам болады. Нафақа
қалдырмаған болса, әйелінен рұқсатсыз кетуі де харам болады. Мекке қаласына
Муалла есігінен, Мешітке Бабуссалам есігінен кіру мүстаһаб болады. Қажылықтың
сүннетін жасамаған адамға жаза өтеу керек емес. Мәкрух болады, сауабы азаяды.
Ихраммен байланысты
сүннеттер:
1-
Ихрамға кірерде ғұсыл
алу немесе дәрет алу.
2-
Ихрамға кірместен бұрын
2 рәкат намаз оқу.
3-
Еркектер изар және рида
деп аталатын екі бөлік матаға орану.
4-
Ихраммен жүрген
мерзімде әр мүмкіндікте тәлбия айту.
5-
Тәлбияны әр
бастағанында 3 реттен қайталау.
6-
Тәлбиядан кейін салауат
шәриф айту, салауаттан кейін дұға еьіп жалбарыну.
Мекке және Қағбаға
байланысты сүннеттер:
1-
Меккеге мүмкіншілік
болса күндіз кіру (мүстаһаб).
2-
Меккеге кірместен бұрын
мүмкін болса, ғұсыл алу немесе дәрет алу.
3-
Қағбаны көргенде дұға
ету.
4-
Қағбаның алдына
келгенде тәкбір және тәһлил айту.
5-
Мүлтазамда жүзін және
кеудесін Қағба дуалына тигізіп дұға етіп жалбарыну.
Тауафпен байланысты
сүннеттер:
1-
Тауафқа бастағанда
Хажери әсуадтың тұсына Рукни Йемани жағынан келу. (Рукни Йемани: Қағбаның Йемен
тарапындағы бұрышы)
2-
Тауафқа бастағанда және
әр шауттың (айналым) соңында Хажери әсуадты истилам ету, яғни сипау.
3-
Соңында сайи жасалатын
тауафтарда еркектердің истиба және рәмәл жасауы.
4-
Бүкіл шауттарды бірінің
артынан бірін (арасын үзбей) жасау.
5-
Нәпіл тауафты көп
жасау.
6-
Тауаф кезінде зікір,
тәһлил және дұға ету.
7-
Зиярат тауафын айттың
бірінші күні жасау.
8-
Зиярат тауафын шайтанға
тас ату, құрбандық және қырынудан кейін жасау.
Сайимен байланысты
сүннеттер:
1-
Тауаф біткенде арасын
үзбей сайиге бастау.
2-
Сайиге барарда Хажери
әсуадты истилам ету.
3-
Сафа және Мәруада
Қағбаны көре алатындай биікке шығып Қағбаға бұрылып тәкбір, тәһлил және дұға
ету.
4-
Еркектер жасыл түсті
тіреулер арасында жылдам, ал басқа жерлерде асықпай жүру.
6-
Сайиді дәретпен жасау.
7-
Сайи кезінде тәкбір,
тәһлил және дұға ету.
Арафат және Уақфамен
байланысты сүннеттер:
1-
Арафатқа арапа күні күн
шыққаннан кейін Минадан бару.
2-
Бесін және екінді
намаздарын жәм етіп оқу. (қосып оқу)
3-
Зауалдан кейін уақфаға
тұру үшін мүмкін болса, ғұсыл алу немесе дәретті болу.
4-
Уақфаны Жәбәли Рахма
тауының етегінде жасау.
5-
Күні бойы тәлбия,
зікір, тәкбір, тәһлил, тәсбиһ, салауат, намаз оқып және дұға етумен өткізу.
Муздалифа және уақфасымен
байланысты сүннеттер:
1-
Арафаттан арапа күні
күн батқаннан кейін Муздалифаға асықпай түсу және Муздалифада “Мәшари харамның”
маңында түнеу.
2-
Таң намазын ерте оқу.
3-
Уақфаны айнала әбден
жарық болғанға дейін жалғастыру.
Мина және шайтанға тас
аттықпен байланысты сүннеттер:
1-
Айт күні таңертеңгісін
айнала әбден жарық болғаннан кейін күн шықпастан бұрын Муздалифадан шығып Минаға
бару.
2-
Уақыт өткізбестен үлкен
Шайтанға тас аттық жасау.
3-
Тас аттық жасағанда
Меккені сол жағына Минаны оң жағына алу.
4-
Тастарды шамамен 3,5 -
5 м ұзақтан лақтыру.
5-
Екінші және
үшінші айт күндерінде тастарды кіші-орташа-үлкен шайтанға ретімен лақтыру.
6-
Кіші және орташа
шайтанға тас лақтырғаннан кейін дұға ету. Үлкен шайтанға тас лақтырғаннан кейін
дереу қайту.
7-
Тастарды айттың бірінші
күні түстен бұрын, ал басқа күндерде түстен кейін күн батпастан бұрын лақтыру.
8-
Минада Меккеге қайтуға
асыққандар айттың үшінші күні күн батпастан бұрын Минадан шығулары керек.
Шаш қырқумен байланысты
сүннеттер:
1-
Еркектердің шаштарын
толығымен қырып тастауы немесе толығымен қысқартуы.
2-
Шаш қыруды зиярат тауафынан бұрын жасау.
Зәмзәм суымен байланысты
сүннеттер:
1-
Уәда (қоштасу) тауафын
жасап тауаф намазын оқығаннан кейін көп көп зәмзәм суынан ішу және үстіне құю.
2-
Зәмзәм суын Қағбаға
қарап, түрегеп Бәйтуллаһқа қарап тұрып ішу.