Жаза керек ететін
жағдайлар төртке бөлінеді. Бұлар:
1-
Бедене (түйе немесе
сиыр) союды керек ететін жағдайлар.
2-
Дем (қой немесе ешкі)
союды керек ететін жағдайлар.
3-
Садақа беруді керек
ететін жағдайлар. (Пітір мөлшеріндей)
4-
Құнын өтеуді керек
ететін жағдайлар.
Бедене союды керек ететін
жағдайлар:
1-
Арафат уақфасынан кейін
және зиярат тауафынан бұрын жыныстық қатынаста болу. (Арафатқа тұрмастан бұрын
болса, қажылығы бұзылады.)
2-
Зиярат тауафын жүніп
күйде жасау.
Дем союды қажет ететін
жағдайлар:
1-
Қудум немесе уәда
тауафын жүніп күйде жасау.
2-
Бір мүшенің толығына
иіс cу жағу.
3-
Шашына май жағу немесе
қына жағу.
4-
Тігілген киімді бір күн
толығымен кию.
5-
Басын бір нәрсемен
жабу.
6-
Қырыну.
7-
Қолтық немесе беттің
қылдарын немесе мойын қылдарын жұлу.
8-
Тырнақ алу.
9-
Қажылықтың уәжіптерінен
біреуін тәрк ету немесе уақытында орындамау.
Пітір мөлшеріндей садақа
беруді қажет ететін жағдайлар:
1-
Бір мүшенің аз бөлігіне
иіс су жағу.
2-
Бір күннен аз уақытқа
киім кию.
3-
Бастың немесе сақалдың
төрттен бірінен аз бөлігін қыру.
4-
Бір тырнақ алу.
5-
Қудум немесе уәда
тауафын дәретсіз жасау.
6-
Уәда тауафының бір
шаутын
(айналымын) тәрк ету.
7-
Жәмрелерде лақтыратын
тастардың бірін кем лақтыру.
8-
Басқа біреудің сақалын
қыру немесе тырнағын алу.
Пітір мөлшерінен аз садақа
қажет ететін жағдайлар:
Бит немесе шегіртке
өлтіру.
Құнын өтеуді қажет ететін
жағдайлар:
Жеуге болатын жабайы аңдарды өлтіру.
Сонымен қатар Харем аймағында жұлу харам болған
өсімдіктерді жұлу.