2 ШӘУУАЛ 1431
     10 Қыркүйек 2010    Жұма

негіз / Қасиетті уақыттар
        (күндер-түндер)


Зүл-хиджа айының құндылығы


            Құрбан айт болатын ай зүл-хиджа айы деп аталады. Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінде жасалатын ғибадаттардың қадірі өте жоғары болып табылады. Бұл жөнінде хадис шәрифтерде былай делінеді:

      «Зүл-хиджаның алғашқы күндерінде тұтылған ораза – бір жыл ораза тұтумен, бір түнін ғибадатпен өткізу – қадір түнін ғибадатпен өткізумен тең.» (Ибни Мажә)

            «Зүл-хиджа айының алғашқы 10 түнінде жасалған әрбір ғибадатқа 700 есе артық сауап жазылады.» (Байхаки)

«Тәруия күні (арападан бір күн бұрын) ораза тұтып және күнә сөз сөйлемеген мұсылманды, Аллаһу та’ала жұмаққа жібереді». (Рамуз)

      «Зүл-хиджаның алғашқы 9 күнінде  ораза тұтқан адам әр күні үшін адал мал-мүлкінен 100 құл азат еткен немесе Аллаһ жолындағы мүжахидтерге 100 ат берген немесе қағбаға құрбандыққа шалуға 100 түйе жіберген адамның сауабын алады.» (Р. Насихин)

      «Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінің құндылығы мың күнге тең, Арапа күні болса он мың күнге тең.» (Байхаки)

      «Аллаһтың алдында зүл-хиджаның алғашқы 10 күнінде жасалған ғибадаттардан асатын ізгілік жоқ. Бұл күндері тәсбихті (Субханаллаһ), тахмид (әлхамдулиллаһ), таһлил (Лә иләһә илләллаһ) және тәкбірді (Аллаһу әкбар) көп айтыңдар!» (Табарани)

      Сахабалар “Ей Расулаллаһ, бұл айдың алғашқы күндері жасалатын амалдар Аллаһ жолындағы жиһадтан да құнды ма?” дегендерінде пайғамбарымыз “Иә, жиһадтан да құнды болады. Бірақ жанын, малын аямай соғысқа барып шаһид болған адамның жиһады өте құнды болады” деп бұйырады. (Бұхари)

      Хазреті Әбуддәрда былай бұйырады:

      Зүл-хиджа айының алғашқы тоғыз күнінде ораза тұту керек, көп садақа беру керек және көп дұға және истиғфар ету керек! Өйткені расулуллаһ алеһиссалам “бұл он күннің игілігінен және берекесінен махрұм қалған адамға обал болсын” деп бұйырды. Зүл-хиджаның алғашқы 9 күнінде ораза тұтқан адамның өмірі берекелі болады, мал-мүлкі көбейеді, бала-шағасы бәлелерден қорғалады, күнәлары кешіріледі, жақсылықтарына көп еселенген сауап беріледі, өлерінде оңай жан тапсырады, қабірі жарық болады. Жаннатта жоғары дәрежелерге қауышады. (Шира)

            Әр аптада шаш, сақал, тырнақ алу сүннет болып табылады. Хазреті Ибни Абидин «зүл-хиджа айының алғашқы он күнінде бұл сүннеттерді кешіктіру керек. “Құрбандық шалатын адам зүл-хиджа айы кіргенде шашын және тырнағын алмасын” деген хадис шәриф әмір емес. Яғни бұл амалдарды құрбандық шалғанға дейін кешіктіру мүстаһаб болып табылады» деп бұйырған. Құрбандық шалатын адамның зүлхиджа айының бірінші күнінен бастап құрбандық шалғанға дейін шашын, сақалын, мұртын және тырнағын алмауы мүстаһаб болады, бірақ уәжіп емес. Алған жағдайда күнә болмайды және құрбандығының сауабы азаймайды.




Рамазан сұхбаты:

Қадір түні (Ләйлә-тул-қадр)

Қадір түні рамазан айының ішіндегі және құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аятта былай бұйырылды: «Қадір түні мың айдан қайырлы». Құран кәрім расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күнінде және түндерінен іздеу керек...

Жалғасы


Сұрап үйренген ғалым:

Тарауих намазы

         Сұрақ: Тарауих намазы қанша рәкат және жамағатпен оқу сүннет пе, қалай оқылады?          Жауап: Пайғамбарымыз 3-4 күн тарауих намазын жамағатпен оқыды, одан кейін үйінен шықпай қойды. Себебін сұрағанда «Тарауих намазының сендерге парыз болуынан қорққаным үшін үйден шықпадым» деп айтты. (Бұхари) ...

Жалғасы

Іздеу
НАМАЗ УАҚЫТЫ
Имсак .......  
Күн .......  
Бесін .......  
Аср .......  
Ақшам .......  
Құптан .......  

Намаз уақыттары

Cүрелер және дұғалар

Таңдамалыға қосу
Таңдамалыға қосу

Жаңалықтарға жазылу
Email:      

info@islamdini.kz
-->
Қонақтар саны:

Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. Islamdini.kz ®