*** ОРАЗА КEСТЕЛЕРІ ***

     28 РАМАЗАН 1431
     7 Қыркүйек 2010    Сейсенбі

негіз / Құрбандық

Құрбандық шалуға кедергі болмайтын кемшіліктер


Сұрақ: Малдағы қандай кемшіліктер құрбандыққа кедергі болмайды?

Жауап: Бұл кемшіліктердің бірнешеуі мыналар:

1- Мүйізі сынық немес мүйізі жоқ малмен құрбандық шалуға болады.

 

2- Құлағының басым бөлігі кесіліп салбырап тұрса мәкрух болумен қатар жаиз болады. Жартысынан аз бөлігі кесілген болса, құрбандық шалуға болады. Құлағы енінен немесе бойынан жырық болса, құрбандыққа болады. Құлақтың жыртық болуы тәнзиһан мәкрух болады. Мұрынның үкімі де құлақ секілді. Қотыры бар, піштірілген малды да құрбандық шалу жаиз болады. Піштірілген мал, піштірілмеген малдан да жақсы, өйткені мұндай қошқарлар семіз және еттері де дәмді болады. Пайғамбарымыз піштірілген қошқарды құрбандыққа шалған.

 

3- Құлағы, құйрығы кішкентай болып туған мал құрбандыққа болады. Құйрығы кесілмеген болса меринос қойдан да құрбандық болады.

 

4- Ұрғашы малмен шағылыса алмайтын, жыныстық мүшесі кесілген малмен құрбандық болады. Гермафродит (екі жынысты) малмен құрбандық шалмау керек.

 

5- Өзі шөп жей алмайтындай жынды болған, отардан бөлінбейтін малдан құрбандық болады. Отардан бөлініп, өзі шөп жей алмайтындай дәрежеде жынды болған малдан құрбандық шалуға болмайды.

 

6- Бір көзінде көруіне кедергі болмайтын пердесі бар малды құрбандыққа шалу жаиз болады.

 

7- Құрбандық малды соятын жерге алып келе жатқанда тебініп, жұлқынып, бір аяғы сынып кейін сойылса жаиз болады.

 

8- Тістерінің басым бөлігі бар болса мәкрух болумен қатар жаиз болады.

 

9- Қотыры бар малды құрбандық шалу жаиз.

 

10- Меринос қойлардың кішкентайында құйрықтарын кесіп тастайды. Кесілмесе мериносты да құрбандық шалуға болады.

 

Сұрақ: Буаз немесе буаз емес екені белгісіз болған малды құрбандық шалу жаиз ба?

Жауап: Иә жаиз. Егер туатын уақыты жақын болса “Мұндай малды құрбандыққа шалу мәкрух болады” деген ғалымдар да бар.




Рамазан сұхбаты:

Қадір түні (Ләйлә-тул-қадр)

Қадір түні рамазан айының ішіндегі және құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аятта былай бұйырылды: «Қадір түні мың айдан қайырлы». Құран кәрім расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күнінде және түндерінен іздеу керек...

Жалғасы


Сұрап үйренген ғалым:

Тарауих намазы

         Сұрақ: Тарауих намазы қанша рәкат және жамағатпен оқу сүннет пе, қалай оқылады?          Жауап: Пайғамбарымыз 3-4 күн тарауих намазын жамағатпен оқыды, одан кейін үйінен шықпай қойды. Себебін сұрағанда «Тарауих намазының сендерге парыз болуынан қорққаным үшін үйден шықпадым» деп айтты. (Бұхари) ...

Жалғасы

Іздеу
НАМАЗ УАҚЫТЫ
Имсак .......  
Күн .......  
Бесін .......  
Аср .......  
Ақшам .......  
Құптан .......  

Намаз уақыттары

Cүрелер және дұғалар

Таңдамалыға қосу
Таңдамалыға қосу

Жаңалықтарға жазылу
Email:      

info@islamdini.kz
-->
Қонақтар саны:

Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. Islamdini.kz ®