*** ОРАЗА КEСТЕЛЕРІ ***

     28 РАМАЗАН 1431
     7 Қыркүйек 2010    Сейсенбі

негіз / Қасиетті уақыттар
        (күндер-түндер)


Айт күндері


Араб айларынан шәууәл айының бірінші күні ораза айты, зүл-хиджа айының оныншы күні құрбан айты болып табылады. Ораза айты үш күн, ал құрбан айт төрт күнге созылады. Мұсылмандар айт күндеріне үлкен мән береді. Өйткені, бұл күндер – күнәлар кешірілетін, бірлік пен ынтымақтастық сезімдері ұштасқан, қуаныш пен шаттық күндері!

Айт күндері ерте тұру, ғұсыл алу, мисуак қолдану, хош иіс себу, мешітке ерте бару, мешітке бара жатқанда тәкбір айту, жүзік тағу сүннет болады. Әке-шеше, жолдас, туыс, дос және көршілердің үйіне айттап барады. Айттың алдында тәтті тағамдар, бауырсақтар пісіріледі. Таза немесе жаңа киімдер айтқа дайындап қойылады. Үйдің іші де мереке күні үшін тазартылып безендіріледі. Айт күні бүкіл мұсылмандар ең таза ең жаңа киімдерін киеді. Балаларға жаңа киімдер алынады. Жетім-жесір, кембағал кісілерді сый-сыйапат беріп қуантады. Айт намазынан кейін бүкіл жамағат өткен туыстарының, ислам ұлыларының қабірлерін зиярат етеді. Өткендердің, туыстар мен ғұламалардың рухына бағышталып, Құран кәрім оқылады, дұға етіледі, садақа беріледі және құрбандық шалынады. Содан соң үлкендердің, дос-жарандардың, таныстардың үйіне айттап барады.

Пайғамбарымыз Мәдинаға хижрет еткен кезде мәдиналықтардың бұрыннан қалған әдеттері бойынша әр түрлі мерекелерді тойлайтынын көріп, «Аллаһу та’ала сендерге олардан да қайырлы екі мейрам (ораза және құрбан айтты) берді» деп, мұсылмандарға қуаныш пен шаттық күндерін көрсеткен.

Сондай-ақ, ислам ұлылары бір мұсылманның Аллаһу та’аланың бұйрықтарына бағынып, тыйымдарынан сақтанып, күнә істемей, харам нәрсе жемей өткізген күндерін де мейрам күндері деп қабылдаған. Хазреті Әли бір топтың көңіл көтеріп жатқанын көріп, бұл тойлаудың себебін сұрағанда «Бүгін мейрамымыз» деп жауап береді. Хазреті Әли «Күнә істемеген күндеріміз де біздің мейрамымыз» деді.

Сонымен қатар, бір мұсылманның жан тапсыратын кезде рахмет періштелерін, жаннат ниғметтерін көріп, өмірінің ең бақытты сәттері бастан кешіргені үшін өлім уақытын да мұсылманның мейрамы екендігін айтқан ғұламалар көп болды.




Рамазан сұхбаты:

Қадір түні (Ләйлә-тул-қадр)

Қадір түні рамазан айының ішіндегі және құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аятта былай бұйырылды: «Қадір түні мың айдан қайырлы». Құран кәрім расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күнінде және түндерінен іздеу керек...

Жалғасы


Сұрап үйренген ғалым:

Тарауих намазы

         Сұрақ: Тарауих намазы қанша рәкат және жамағатпен оқу сүннет пе, қалай оқылады?          Жауап: Пайғамбарымыз 3-4 күн тарауих намазын жамағатпен оқыды, одан кейін үйінен шықпай қойды. Себебін сұрағанда «Тарауих намазының сендерге парыз болуынан қорққаным үшін үйден шықпадым» деп айтты. (Бұхари) ...

Жалғасы

Іздеу
НАМАЗ УАҚЫТЫ
Имсак .......  
Күн .......  
Бесін .......  
Аср .......  
Ақшам .......  
Құптан .......  

Намаз уақыттары

Cүрелер және дұғалар

Таңдамалыға қосу
Таңдамалыға қосу

Жаңалықтарға жазылу
Email:      

info@islamdini.kz
-->
Қонақтар саны:

Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. Islamdini.kz ®