19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Музыканың діндегі үкімі

Музыканың діндегі үкімі

Сұрақ: Музыка харамба?

Жауап: “Симаның” жаиз болған жерлері бар. Кейбіреулер кітаптардағы “сима” сөзін “сазды аспап” деп тәржімә еткендері үшін мубах болған сазды аспаптар болады екен деп түсінілуде. Төмендегі жазулардың барлығы ислам ғұламаларының кітаптарынан алынған. Қайдан алынғаны да сөйлемнің соңында жазулы. Өзімізден қосқан бірде-бір сөйлем жоқ.

 

            Құралсыз, сазды аспапсыз әуенді дауыс “сима” деп аталады. Сазды аспаппен бірге шығатын адам дауысы ғына (музыка) деп аталады. Ғына харам болып табылады. (Дурр-ул ма’ариф)

            Лоқман сүресінің 6-шы аятындағы “ләһу-әл хадис” cөзін ғалымдар музыка, сазды аспап деп білдірген. Хазреті Ибни Мәсуд “ләһу-әл хадис” сөзінің мағынасы сазды аспап және музыка екендігін ант етіп айтқан. (Тәфсири ибни Кәсир, Тәфсири мәдарик) (Ибни Мәсуд секілді үлкен сахабаға сенбеген надандарға басқа не айтуға болады?) 

 

            «Мәуахиби алийа» деп аталатын тәфсирде ләһу-әл хадис аяты былай тәфсирленген:

Өтірік хикаялар жазып немесе әнші әйелдерді жинап адамдарға сазды аспаппен сүйемелденген әндерді тыңдатып, Құран кәрімді тыңдауға кедергі болуға тырысқандарды жаһаннам отымен сүйіншіле! (Мәуақиб тәфсирі)

 

Тәфсиршілер Исра сүресінің 64 аятында шайтанға «Уәстәфзиз... би саутикә (Дауысыңмен ойнат)» делінуінің сазды аспаппен ойнат деген мағынаны білдіретінін, бұл аятта сазды аспаптың барлық түрін харам еткендігін білдірген. (Шәйхзада)  

Тәфсир ғалымдары Әнам сүресінің 70 аятын «Діндерін (әнменен, музыкамен) ойын-сауыққа айналдырған адамдардан ұзақ бол» деп тәфсирлеген.  

Мәдарик тәфсирінде “әнтум сәмидун” сөзі «Құран оқығаныңды естігендерінде оны тыңдатпау үшін тәғанни (ән айтып шулай) бастайды, билейтін еді.» деп ашықталған. Хазреті Ибни Аббас және хазреті Мүжаһид те бұл сөздің музыка екендігін айтқан. (Иғасәт-ул-Ләхфан)

 

Құран кәрімде былай делінеді:

«Пайғамбардың әміріне мойынсұныңдар, тыйым салған нәрселерінен сақтаныңдар!» (Хашр 7)

 

«Аллаһтың расулына мойынсұнған адам, Аллаһқа да мойынсұнған болады.» (Ниса 80)  

«Ол пайғамбар әдемі, жақсы нәрселерді халал, жаман, лас нәрселерді харам етеді.» (Араф 157)

 

«Ол өзіне уәһи жолымен келгендерден басқа нәрсе айтпайды.» (Нәжм 3,4)

 

«Араларындағы түсініспеушілікте сені қазы етіп тағайындап, берген үкіміңді кідірмей қабыл етпейінше иман еткен болмайды.» (Ниса 65)  

«Аллаһ және расулы бір іс жөнінде үкім бергенде иман еткен әйелмен еркекке ол істі өз қалауы бойынша таңдау ақысы қалмайды.» (Ахзаб 36)

 

«Құранды саған адамдарға түсіндірсін деп түсірдік» (Нахл 44)

 

Енді пайғамбарымыздың Исра 64 және Әам 70 аяттарын қалай ашықтағанын көрейік:

«Алғашқы тәғанни еткен (сазды аспаппен әндеткен) шайтан болып табылады.» (Табарани)

 

«Дауысын ғынаменен (сазды аспаппен) көтерген адамның жолдасы шайтан болады.» (Дәйләми)  

«Рахмет періштелері қоңырау (колокол) болған үйге кірмейді.» (Нәсаи)  

«Рахмет періштелері қоңырау, ит болған керуенге жақындамайды.» (Муслим, Әбу Дауд, Тирмизи)

 

«Қоңырау шайтанның мизмары.» (Муслим, Әбу Дауд, Нәсаи) (Мизмар: сазды аспап)  

«Әнші әйелді тыңдау, жүзіне қарау харам. Ақшасы да харам болады. Кімнің еті хараммен қоректенсе, оған жаһаннам оты лайық болады.» (Табарани)  

«Хақ та’ала сырнай, уд (саз), дайре секілді бүкіл сазды аспаптарды, жахилдік дәуірінде табынылған пұттарды жоюымды әмір етті.» (И. Ахмед)

 

«Бір заман келеді, ол кезде үмметімнен кейбіреулер зинаны, жібек киімді, спиртті ішімдік ішуді, мизмарды (сазды аспапты) халал деп шығарады.» (Бұхари)  

«Музыка зинаға жол ашады.» (Мәктубати Раббани 3/41)

 

«Музыка көңілде мүнафықтық (екіжүзділік) пайда қылады» (Байхаки)

 

«Су өсімдіктерді өсіргені секілді, ән, ойын-сауық та көңілде мүнафықтықты өсіреді. Аллаһу та’алаға ант етемін су өсімдіктерді өсіргені секілді Құран және зікір көңілде иманды өсіреді.» (Дәйләми)  

«Раббым маған спиртті ішімдікті, құмарды, дарбуканы және ән айтатын әйелдерді харам қылды.» (И. Ахмед)

 

«Расулуллаһ сазды аспаптармен ақша табуға тыйым салды.» (Бәғауи)  

«Үмметімнен кейбіреулер спиртті ішімдіктерге басқа ат қойып ішеді. Әнші әйел және сазды аспаптармен ойын-сауық құрады. Аллаһу та’ала оларды жердің түбіне батырып доңыз және маймылдарға айналдырады.» (Ибн Мажә)  

«Мына бес нәрсе шығатын болса, үмметімнің құлдырауы хақ болады: Бір-біріне лағынет айту, спиртті ішімдік ішу, жібек киім кию, сазды аспаптар және еркектің еркекпен, әйелдің әйелмен қанағаттануы.» (Дәйләми, Хаким)

 

«Мен мизмарды (сазды аспаптарды), пұттарды жою үшін келдім.» (И. Ахмед, Әбу Нуайм, Ибн Нәжжар.)

 

«Ібліс жер жүзіне түскеннен кейін “Йа Рабби маған үй бер” деді. Моншалар сенің үйің делінді. Тамақтанғысы келді. “Бисмилләһ” айтылмай желінген тағамдар сеніңкі делінді. Азаншы сұрады. Мизмарлар (сазды аспаптар) сенің азаншың делінді. Жазуларың татуировка, хадистерің жалғандар. Расулың (елшің) көріпкелдер, палшылар, тұзағың әйелдер делінді.» (Ибн Әбиддүния, Ибн Жәрир)  

«Ібліс менің кітабым не болады деді. Сенің кітабың татуировка, сусының мас қылатын барлық ішімдіктер, досың өтіріктер, азаншың мизмарлар (сазды аспаптар), мешіттерің базарлар делінді.» (Табарани)

 

«Екі дауыс лағынеттелді: ниғметке қауышқанда сазды аспап шалу, қиыншылыққа тап болғанда айқай салып қайғыру.» (Бәззар)  

«Аллаһу та’аланың ашуына себеп болатын нәрселер: қарын ашпай тұрып тамақ жеу, ұйқы келмей тұрып ұйықтау, күлкілі нәрсе болмай тұрып күлу, қиыншылықтарда айқай шығарып қайғыру, ниғметке қауышқанда мизмар (сазды аспап) шалу» (Дәйләми)

 

«Әнші және сазгер әйелдер көбейгенде, барлық жақта спиртті ішімдіктер ішілгенде жерге бату апаттары көрінеді, көктен тас жауады.» (Тирмизи, Әбу Дауд, Ибн Мажә, И Ахмед)

 

«Мына нәрселер келмей тұрып салих амал жасауға асығыңдар. Билікке надандар шықпай тұрып, қауіпсіздік күштері көбеймей тұрып, үкім параға сатылмай тұрып, адам өлтіруге жеңіл қаралмай тұрып, туыстардан хабар алу, қонаққа бару тоқтамай тұрып, Құран сазды аспаптармен оқылмай тұрып, Құранды ән секілді оқитындар алдыңғы қатарға өтпей тұрып.» (Табарани)  

«Құран мизмарлармен оқылған кезде өле алсаң өл.» (Табарани)

 

«Құранды мизмарлармен (сазды аспаптармен) оқығандарға Аллаһ лағынет етеді.» (Мусамара)  

Ибни Хиббанның білдірген хадис шәрифінде Расулуллаһ түйелердің мойындарындағы қоңыраулдарды алып тастағаны айтылады. Негізінде қоңырау шәхуат оятпайды, бірақ сондай болуына қаралмай расулуллаһтың оларды да алып тастауы шахуат оятатын сазды аспаптар, музыканың қаншама зиянды екенін көрсетіп тұр. Сазды аспап былай тұрсын, қоңырау болған жерге де рахмет періштелері кірмейді.

Шәйхулислам хазреті Ахмед ибн Кәмал “қырық хадис” кітабында былай дейді:

            «Мизмарларды сындыру, доңыздарды өлтіру үшін келдім.» Бұл хадис шәрифтегі мизмар: бүкіл сазды аспаптар деген сөз. Осы хадис шәриф арқылы сазды аспаптардың бәріне және доңыз етін жеуге тыйым салынған.

 

            Хазреті Әбу Бәкір екі кішкентай жарие (күңдердің) даира шалып ән салып жатқандарын көріп оларды жазғырып “Шайтанның аспабында ойнап жатсыңдар ма?” деді. (Бұхари) (Даира, (дэф): Саусақтың соққыларымен шалынатын, айналасына шылдырмақтар қойылған домалақ көне сазды аспап түрі.)

 

Хазреті Ибни Омар ихрамға оранған бір топтың ішіндегі өлең айтып тұрған адамға «Аллаһ сенің ғибадатыңды қабыл етпесін» деді. (Ибни Әбид-Дуния)             Хазреті Әнәс бин Малик «Ең лас табыстың түрі ән және сазды аспаптардан түсетін табыс» деді. (Ибни Әбид-Дуния)

 

Хазреті Ибни Аббас «Сазды аспаптар харам болып табылады» деді. (Байхаки)  

Айша анамыз бір үйде ән салып жүрген адамды көргенде оған «Обал болсын саған. Бұл шайтан, оны сыртқа шығарыңдар» деді, кейін адамдар оны шығарды. (Бұхари)    

Хазреті Имам Биргиуи былай дейді:

Саз тыңдаудан құлақтарды қорғау керек. (Рисалә-и Биргиуи)  

Әнге кітап және сүннетпен тыйым салынған. (Имам Қуртуби)  

Ән және музыкалық аспаптардың харам екендігі турасында ижма (ғалымдардың ауызбірлігі) бар. (Ибни Салах)  

Хазреті Имам Раббани былай деген:

Имам Зиа-әддини Шами “Мүлтәқит” кітабында «Ешбір ғалым тәғанниге (музыкаға) мубах (рұқсат) демеді.» делінеді. (м. 266)

 

Құран кәрімді музыка пернелеріне сәйкестендіріп оқу харам болады. (Бәззазия)  

Сазды аспап шалудың харам екендігі ғалымдардың ижмасымен (ауызбірлігімен) білдірілді. (Мақамати Мазхария)  

Сазды аспап шалып немесе би арасында Құран оқыған адам кәпір болады. (Тәрғибуссалат)  

Хазреті Имам Мунауи «Некені адамдарға естіртіңдер! Ол үшін мешітте қиыңдар және дәф шалыңдар.» деген хадис шәрифті ашықтағанда “Мешіттерде дәф шалуға болмайды. Хадис шәрифте мешіттің сыртында шалынуын, мешітте неке қиылуын әмір етуде” деген. (Хадиқа)

 

Мешітте дәф, дайре шалу күнә болған соң басқа сазды аспаптарды шалу да мүлдем жаиз болмайды. Әйелдердің тойларда (өз араларында) даира, дәф шалуы жаиз болады. (Рәдд-ул Мухтар)  

Қазіргі күндегі кейбір тариқатшылар секілді айналу, дүмбелек, сырнай, саз шалу харам болады. (Тахтауи шәрхі)  

Тәғанни етіп оқыған имамның артында оқылған намазды қайта оқу керек. (Халеби)(Тәғанни: әуенге сәйкестендіру үшін сөздерді мағынасын бұзылатындай етіп созу, әр түрлі дыбыстар шығару, әріп қосу немесе алып тастау деген сөз.)

 

Құран кәрімді араб диалектіне сай тәжуидпен және әдемі дауыспен оқу керек. Әбу Даудтағы хадис шәрифте «Құранды көркем дауыспен оқыңдар» деп бұйырылды. Яғни “Аллаһтан қорқып оқыңдар” дегенді білдіруде. Ал бұл тәжуид іліміне сай оқу арқылы жүзеге асады. Әйтпесе әріптерді, сөздерді ауыстырып, мағынасын бұзып тәғанни етіп оқу харам болады. (Бәриқа)  

Тәғанни харам болып табылады. (Тибб-ун-нәбәуи)  

Құран кәрімді тәғанни етіп (әуендетіп) оқу және тыңдау харам болады. Бурханәддин Мәрғинани былай дейді: «Құран кәрімді тәғанни  етіп (әуендетіп) оқыған қариге “керемет оқыдың” деп айтқан адамның иманы кетеді. Тәждиди иман (иманын жаңалауы) етуі керек болады.» Кухистани де дәл осылай жазған. (Дурр-ул-Мунтәқә)  

Хазреті Ибни Абидин былай деген:

Ойын-сауық құру немесе ақша табу үшін адамдарға ән айту ғалымдардың ауызбірлігімен харам делінген. Сазды аспаптармен билеу үлкен күнә болып табылады. Мұңын кетіру, көңілсіз халін тарату үшін кісінің өз-өзіне музыкасыз ән айту күнә емес. Сазды аспаптар ішінен тек қана әйелдерге тойларда дәф және даира секілді ұру арқылы шалынатып аспаптар ғана жаиз болады. (Рәдд-ул-Мухтар)  

Пасықтық (ашықша күнә істелетін) және спиртті ішімдік ішілетін жерлерде сазды аспап шалу және оны тыңдау харам. Расулуллаһ қойшының шалған сырнайын естігенде құлақтарын жапты, бірақ жанында болған Абдуллаһ бин Омарға құлақтарын жабуын әмір етпеді. Бұл кездейсоқ құлаққа шалынған музыканың күнә болмайтындығын көрсетуде. Сазды аспаптарды спиртті ішімдік, ойын және әйел болған жерлерде ләззат үшін шалу харам болады. Мейрамда, соғыста, қажылық жолында, сәреде, тойларда және әскерлікте дабыл (барабан) шалу да жаиз болады. (Мектептерде, мемлекеттік және саяси жиналыстарда оркестрлік музыка, гимн, әскери марштар шалу жаиз болады) (Хадиқа)

 

Даира, домбыра және барлық сазды аспап түрін үйінде, дүкенінде ұстау, өзі оны қолданбаса да, сату, сыйға беру, уақытша қолдануға немесе жалға беру күнә болады. (Бәриқа)  

Тек қана әскери марштарда шалынатын аспаптарды сатуға рұқсат етіледі.  

Тасаууф музыкасы, суфизм әуені және ислами әндер деген нәрселердің дінімізде мүлдем орны жоқ. Музыка нәпсінің және шәхуаттың азығы, ал рухтың заһары және жүректі қарайтатын нәрсе. (Дурр-ул Ма’ариф)  

Иләһи, нашида секілді діни өлеңдерді, хикметтерді сазды аспаппен сүйемелдеп оқу бидғат болып табылады. Ал харамға халал деген және харамды ғибадатқа араластырған адам кәпір болады. (С. Әбәдийа)  

Хазреті Имам Ғазали былай деген:

Расулуллаһ алейһиссалам бір үйге келгенінде кішкентай қара нәсілді қыздар (жариялар, күңдер) даира шалып ән айтып жатқан еді. Олар өздері айтып жатқан әннің сөздерін тоқтатып орнына расулуллаһты мақтайтын сөздер айта бастады. Расулуллаһ алейһиссалам «Тоқтаңдар, ойын арасында мені мақтамаңдар. Мені мақтау (мәуліт, иләһи, діни өлеңдер, хикметтер айту) ғибадат. Ойын-сауық арасында ғибадат ету жаиз емес.» деп бұйырды. (К. Саадет)  

Кейбіреулер бұл хадис шәрифке сүйеніп әйелдердің ән айтуының және сазды аспап шалудың жаиз екендігін алға тартуда. Бұл жерде ән айтып жүргендер күңдер, яғни құқықтары еркін мұсылман әйелдері сияқты болмаған, алып сатылатын және жария (шөрі) қыздар еді. Ал жариялардың әурет жерлері еркін мұсылман әйелдердің әурет жеріндей болмайды, еркектердікіндей болады. Олардың даусы да әурет саналмайды. Ал еркін мұсылман әйелдердің даусы да әурет болып саналады. (Хадиқа, Бәриқа)  

Сазды аспаптардың барлық түрін тыңдау харам болады. (Фәтауа-и Бәззазия, Хадиқа, Ахлақи алаийа)  

Музыка барлық діндерде үлкен күнә болып саналады. (Дурр-ул мунтақа)  

Інжілде тыйым салынған музыканы кейіннен поптар христиандық дініне енгізді. (Мәуахиби ләдунийа шәрһі, Зәрқани)  

Музыка сөзі гректердің үлкен пұттары болған “Зевстің” қыздары саналатын “Муз” (Mousa) деп аталатын 9 ескерткіштерінен келіп шыққан. Бұзылған діндер жүректерге және рухтарға азық бере алмағандықтан, музыка, әр түрлі сазды аспаптардың нәпсіге ұнауы, нәпсіге азық беретіні үшін рухани әсер деп саналды. Бүгінгі батыс музыкасы, шіркеу музыкаларынан пайда болды. Қазіргі таңда жер бетіндегі бұзылған діндердің барлығында музыка ғибадат түріне айналған. Музыка және әр түрлі сазды аспаптар арқылы нәпсілер рахат алуда, шахуаттар қозып, хайуани қалаулар күшеюде. Рухтың азығы болған, көңілдерді тазалайтын және нәпсіні езгілеп, харамдарға деген қалауларды жоятын ғибадаттар ұмытылуда. Музыка, әр түрлі сазды аспаптар адамдарды маскүнемдер, нашақорлар секілді ғафлет (қараңғылық) ішінде өмір сүргізуде. Мұнысымен нәпсілерді семпіртіп, шексіз бақыттан махрұм қалуға себеп болуда. Ислам діні адамдарды бұл пәлекеттен қорғау үшін музыканы бөліктерге бөліп, зиянды болғандарын харам етіп, тыйым салған. (С. Әбәдийа)