*** ОРАЗА КEСТЕЛЕРІ ***

     28 РАМАЗАН 1431
     7 Қыркүйек 2010    Сейсенбі

негіз / Дәрет - Ғұсыл

Дәреттi бұзбайтын жағдайлар


1.       Ауыз, құлақ және терiдегi жарадан шыққан құрт.

2.       Қақырық құсу.

3.       Қан құсқанда бастан келген сұйық қан түкiрiктен аз болса.

4.       Тiстен шыққан қан түкiрiктен аз болса.

5.       Бастан келген қатқан қан көп болса.

6.       Асқазаннан, бауырдан келген қатқан қан ауыз толы болмаса.

7.       Құлаққа тамызылған май құлақтан немесе мұрыннан шықса.

8.       Мұрынға тартылған нәрсе мұрыннан бiр немесе бiрнеше күннен кейiн қайта шықса.

9.       Бiр нәрсенi тiстегенде сол нәрседе қан көрсе.

10.   Еш бір аурусыз басқа бір себеппен жылау, мысалы, пияз, түтiн және газ әсерiмен көзден жас ақса.

11.   Әйел баласын емiзсе.

12.   Көп терлесе.

13.   Маса, шыбын, бүрге т.б. сияқтылар көп шақса.

14.   Теріге жайылмаған қан және ауыз толтырмай құсу.

15.   Ұйықтағанда сүйенген нәрсесiн тартса, құламаса.

16.   Намазда ұйықтаса.

17.   Аяғын жинап отырып басын тiзесiнiң үстiне қойып ұйықтаса.

18.   Аяқтарын бiр жанына шығарып жерге отырып ұйықтаса.

19.   Жайдақ жануарда ұйықтаса (жануар өрге шықса да немесе тегiс жерде жүрсе де.)

20.   Намазда күлiмдеу.

21.   Намазда күлгенiн жалғыз өзi естiсе, бұл - даһқ делiнедi. Даһқ жалғыз намазды ғана бұзады.

22.   Шаш, сақал, мұрт және тырнағын алса.

Жара қабығының түсуi дәретті бұзбайды.




Рамазан сұхбаты:

Қадір түні (Ләйлә-тул-қадр)

Қадір түні рамазан айының ішіндегі және құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аятта былай бұйырылды: «Қадір түні мың айдан қайырлы». Құран кәрім расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күнінде және түндерінен іздеу керек...

Жалғасы


Сұрап үйренген ғалым:

Тарауих намазы

         Сұрақ: Тарауих намазы қанша рәкат және жамағатпен оқу сүннет пе, қалай оқылады?          Жауап: Пайғамбарымыз 3-4 күн тарауих намазын жамағатпен оқыды, одан кейін үйінен шықпай қойды. Себебін сұрағанда «Тарауих намазының сендерге парыз болуынан қорққаным үшін үйден шықпадым» деп айтты. (Бұхари) ...

Жалғасы

Іздеу
НАМАЗ УАҚЫТЫ
Имсак .......  
Күн .......  
Бесін .......  
Аср .......  
Ақшам .......  
Құптан .......  

Намаз уақыттары

Cүрелер және дұғалар

Таңдамалыға қосу
Таңдамалыға қосу

Жаңалықтарға жазылу
Email:      

info@islamdini.kz
-->
Қонақтар саны:

Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. Islamdini.kz ®