2 ШӘУУАЛ 1431
     10 Қыркүйек 2010    Жұма

негіз / Дәрет - Ғұсыл

Дәрет үшiн жеңiлдiктер (мәсi және жараға мәсiһ)


Мәсiһ - сипау деген мағына бередi. Мәсiһтің екі түрі бар:   1. Мәсiге мәсiһ тарту:

Мәсi - аяқтың жуылуы парыз болған жерлердi жауып тұратын су өткiзбейтiн аяқ киiм. Мәсi үлкен болып бармақтар мәсiнiң ұшына жетпей тұрса және мәсiһ сол бос жердің үстіне тартылса дұрыс болмайды. Мәсi жол жүргенде мықты, әрі бекем және аяққа шақ болуы керек.

Табаны мен аяқтың үстi немесе тек табаны терiмен қапталып тiгілген шұлыққа мәсiһ тартуға болады. Қалың, мықты болып, жүргенде төмен түспейтiн қатты шұлыққа мәсiһ тартуға болады.

Мәсі дәретсіздіктің аяққа өтуіне кедергі болады. Аяқ жуылғаннан кейiн мәсiлердi киіп дәрет алуға болады.

Мәсiһ мәсiнiң үстiнгi жағына тартылады. Мәсiнiң астына, яғни табанына мәсiһ етiлмейдi.

Сүннетке сай мәсiһ тарту үшiн оң қолдың бес саусағын сулап оң мәсiге, сол қолдың саусақтарын сулап сол аяқтағы мәсiге, аяқтың ұшынан бастап тобыққа қарай жабыстырылып тартылады. Алақан мәсiге тигiзiлмейдi. Мәсіһтің үш саусақ енінде және бойында болуы парыз.

Мәсiһті қолдың сыртымен де тартуға рұқсат болғанымен, iшiмен мәсiһ тарту сүннет. Ылғал көгалдың үстiмен жүргенде мәсiнiң үстi ылғалданса мәсiһтiң орнына жүредi.

Мәсiнiң үстiне мәсіһ тарту уақыты, муқим (жергілікті) үшiн 24 сағат, сафари (жолаушы) үшiн 3 күн 3 түн, яғни 72 сағат. Бұл уақыт мәсiнi киген кезден емес, дәрет бұзылған кезден басталады. Мәсi киген адам дәретi бұзылғаннан кейiн 24 сағат өтпестен бұрын сапарға шықса, бұл мәсiге 3 күн 3 түн мәсi тарта алады. Жолаушы болып жүрiп муқим болса, мәсiнi шешiп аяғын жуып дәрет алады.

Аяқтың үш бармағы сиятындай жыртығы немесе тесiгi болған мәсiге мәсiһ тартуға болмайды. Мәсiнiң бiрнеше жерiнде кiшкене тесiктер болса, бұлардың барлығын қосқанда үш бармақтың көлеміндей болса, бұған мәсiһ тартуға болмайды. Бiр мәсiде екi бармақ, басқа мәсiде де екi немесе бiр бармақ көрiнетiндей тесiк болса, бұған мәсiһ тартуға болады. Мәсiһ етуге болмайтын жыртық, үш бармақтың ұшы емес, үш бармақтың барлығы көрiнетiндей үлкен болуы керек.

1.      Жара және бинтке мәсiһ ету:

Жараның, сыздауықтың, терiдегі кесік және жарықтардың үстіне таңылған дәке, мақта, мата, лейкопластырь сияқтылардың шешiлiп жуылуы ауруды асқындыратын болса олардың үстiне мәсiһ тартылады.

Үзiрлi кiсi қалаған кезінде дәрет алып, қалағанынша парыз, нәпiл намаздарын және Құран Кәрiмдi оқуына болады. Ал намаз уақыты шыққанда дәретi бұзылады. Осылайша әр намаздың уақыты кiрген соң қайтадан дәрет алып, сол уақыт шыққанға дейiн ғибадатын орындай бередi.

Үзiрлi болу үшiн, дәрет бұзатын нәрселердiң намаз уақыты бойынша тоқтамай жалғасып тұруы керек. Яғни, бiр намаз уақыты iшiнде дәрет алып бiр ғана парызды оқитындай уақыт дәретiн ұстап тұра алмайтын кiсi үзірлі болады. Бұл кісінің осы үзiрi әр намаз уақтысында бiр де тоқтап бiр де ақса да үзiрлi болып есептеледi.




Рамазан сұхбаты:

Қадір түні (Ләйлә-тул-қадр)

Қадір түні рамазан айының ішіндегі және құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аятта былай бұйырылды: «Қадір түні мың айдан қайырлы». Құран кәрім расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күнінде және түндерінен іздеу керек...

Жалғасы


Сұрап үйренген ғалым:

Тарауих намазы

         Сұрақ: Тарауих намазы қанша рәкат және жамағатпен оқу сүннет пе, қалай оқылады?          Жауап: Пайғамбарымыз 3-4 күн тарауих намазын жамағатпен оқыды, одан кейін үйінен шықпай қойды. Себебін сұрағанда «Тарауих намазының сендерге парыз болуынан қорққаным үшін үйден шықпадым» деп айтты. (Бұхари) ...

Жалғасы

Іздеу
НАМАЗ УАҚЫТЫ
Имсак .......  
Күн .......  
Бесін .......  
Аср .......  
Ақшам .......  
Құптан .......  

Намаз уақыттары

Cүрелер және дұғалар

Таңдамалыға қосу
Таңдамалыға қосу

Жаңалықтарға жазылу
Email:      

info@islamdini.kz
-->
Қонақтар саны:

Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. Islamdini.kz ®