Қадір түні рамазан айының ішіндегі және
құран кәрімде
мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аятта былай бұйырылды: «Қадір түні
мың айдан қайырлы». Құран кәрім
расулуллаһқа осы түні түсе
бастады. Рамазанның соңғы он күнінде және түндерінен іздеу керек.
Хадис шәрифтерде
былай бұйырылды:
«Аллаһу та’ала
алдында ең қадірлі түн - қадір түні». (У. Нәжат)
«Қадір түнінде бір рет қадір
сүресін оқу құран
кәрімді хатм етуден де сауапты. Бұл түні
қой сауымындай уақыт намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түнді ғибадатпен
өткізгеннен де артық». (Тәфсири муғни)
«Қадір түнін сеніп және сауабын күтіп ғибадатпен өткізген
адамның өткен барлық күнәларын Аллаһу та’ала
кешіреді». (Бұхари, Муслим)
«Ғибадат үшін ең жақсы түн қадір түні. Ең қорқынышты түн қабірде
болатын түн. Ең жақсы түнде ең қорқынышты түн үшін
дайындық жасаған адамға сүйіншілер болсын».
Пайғамбарымыз қадір түнінде «Аллаһумма иннәкә афуун кәримун
тухиббул афуа фафу анни» дұғасын
оқуды айтқан. Мағынасы: «Ей
Раббым! Сен әрине кешірімшілсің. Кешірімді жақсы көресің, мені де кешір».
Ата-бабаларымыз «әр келгенді Қыдыр біл,
әр түніңді қадір біл» деген.
Рамазанның барлық түнін ғибадатпен өткізсек,
қадір түніне кездескен боламыз.
Бұл
түнді ғибадатпен өткізу үшін қаза намазды оқу керек, құран
кәрім оқу қажет, дұға және тәубе
жасау керек, садақа беріп,
бұлардың сауаптарын өлі-тірі барлық мұсылмандарға
бағыштау (арнау) сауап іс.
Сұрақ:
Қадір түнінің маңыздылығы қандай және 27-ші түні екендігі нақты ма?
Жауап:
Қадір түні рамазан айының ішіндегі бір түн. Қадір түнінің қай түн екендігі нақты
белгісіз. Ғұламалар «Аллаһу та’ала разылығын жақсылықтардың ішіне, ашуын
күнәлардың ішіне, “орта намазын” бес уақыт намаздың ішіне, әулиесін адамдардың
ішіне, қадір түнін де рамазан айының ішіне жасырған» деп бұйырған.
Сондықтан да
Аллаһу та’аланың разылығына қауышу үшін ешбір жақсылықты кішімсімеу керек. Ашуы
күналардың ішінде жасырылғаны үшін ешбір күнәні де кішімсімеу керек. Орта
намазды жіберіп алмау үшін бес уақыт намазды уақытылы оқу керек. Әулиесі
адамдардың арасында жасырылғаны үшін барлық адамдармен жақсы мәміледе болу керек.
Әр көргенді Қыдыр, әр түнді қадір деп білу керек.
Хадис шәрифтерде
былай бұйырады:
«Аллаһ
алдында ең құнды түн – қадір түні» (У. Нәжат)
«Мың айдан да
ең құнды болған қадір түнінің игілігінен махрұм қалған адам бүкіл игіліктерден
махрұм қалған болып саналады.» (У. Нәжат)
«Қадір түнін
рамазанның соңғы он күнінің ішінен іздеңдер.»
(Муслим)
«Қадір түнін
рамазанның соңғы он күнінің 21, 23, 25, 27 және 29 секілді тақ түндерінен немесе
рамазанның соңғы түнінен іздеңдер. Сауабын ойлап қадір түнін ғибадатпен өткізген
адамның күнәлары кешіріледі.» (И. Ахмед)
«Қадір түні
рамазанның 27 түні» (Әбу Дауд)
Имам Ағзам
хазреті қадір түнін рамазанның 27 түніне көп тура келетінін білдірген. «Қадір
түніне тура келген түнді ғибадатпен өткізген адам, қадір түнін ғибадатпен
өткізгендей сауабқа бөленеді.» деген хадис шәрифті ойлап жиі жиі дәлме дәл
келетін 27 түнін ғибадатпен өткізетін болсақ ол түн қадір түні болмаса да үлкен
сауабқа бөленеміз.
Қадір түнін
сұраған бір кісіге пайғамбарымыз «Бұл жылы қадір түні рамазанның алғашқы түні
еді, өтіп кетті. 27-ші түнді ғибадатпен өткізген адамға денедегі қылдар санындай
қажылық, умра, шахид және ғази сауабы беріледі» деп бұйырды. Тағы бір
ретінде «Бұл жылы қадір түні өтіп кетті, бірақ рамазанның 27-ші түнін
ғибадатпен өткіз! Қадір түнінің сауабына қауышасың. Шапағаттан нәсіпсіз
қалмайсың» деп бұйырған. Хазреті Айша анамызға да «13 түн еді өтіп кетті,
қадір түнін жіберіп алсаң 27-ші түнге қауышасың. Ол түнді ғибадатпен өткізсең
ақыретке сапар үшін азық ретінде ол түндегі ғибадат саған жеткілікті» деп
бұйырды. Хазреті Айша анамыз «расулуллаһ алейһиссалам рамазанның соңғы он
күнінде көп ғибадат ететін еді» деп бұйырған.
Қасиетті
уақыттарда (түндерде, айларда) күнәлардан міндетті түрде ұзақ болу керек,
жақсылықтарды және ғибадаттарды көбейту керек. Өйткені Аллаһу та’ала тарапынан
жақсы көрілген адам, қасиетті уақыттарда қасиетті істермен шұғылданады. Жаман
көретін құлы болса қасиетті уақыттарда жаман істермен шұғылданады. Жаман
істермен шұғылдануы, оның азабының одан да ащы болуына және Аллаһу та’аланың
бұрынғыдан да оны жек көруіне себеп болады. Өйткені ол бұл әрекетімен осы
қасиетті уақыттың берекесінен махрұм қалып оның құрметімен қасиеттілігін жерге
таптаған болады.
Бұл түнді
ғибадатпен өткізу үшін ілім үйрену керек, мәселен фикх кітаптарын оқу керек,
қаза намаздарды оқу керек, құран кәрім оқу керек, тәубе ету, дұға ету, садақа
беру керек, мұсылмандарды қуанту керек, бұлардың сауаптарын өлі тірі бүкіл
мұсылмандарға бағыштау керек. Қадір түнін ғибадатпен өткізген, рамазан оразасын
тұтқан, қажылығы қабыл болған адамның бүкіл күнәлары кешірілгенімен, қазаға
қалған намаз, ораза қазасы және құл ақылары өтелген болмайды. Бұлардың қазасын
оқып, ақыларын өтеп қарыздардан құтылу керек.
Сұрақ:
Қадір түнінің белгілері қандай? Қадір түніне дәл келу (табу) үшін рамазанның
барлық түндерін қалай өткізу керек?
Жауап:
Рамазанның барлық түнін қадір түні деп ойлап әрекет етсек қадір түніне дәл
келген боламыз. Әр күні ең аз дегенде мыналарды орындау керек:
1-
Құптан намазында зәм сүре ретінде қадір сүресін оқу керек.
2-
Қадір түнінде оқылатын дұғаны оқу керек.
3-
Бір-екі бет құран кәрім оқу керек.
4-
Дін кітаптарынан бір-екі бет оқу керек.
5-
Аз да болса садақа беру керек.
6-
Түнде сәре уақытында, екі рәкат намаз оқып, “сілсілие алие” деп аталатын
әулиелерді атап, бұл ғалымдардың құрметіне деп дұға ету керек.
7-
Күндізін де түні секілді ғибадатпен өткізу керек.
Қадір түнінің
белгілері: аспан ашық және тыныш болады, ыстық та суық та болмайды. Ертеңіне күн
қызарып шуақсыз туады. Қадір түнінде ит дауысы естілмейді деген ғалымдар да
болған. Хазреті Убәйд бин Омардың айтып бергені: Қадір түнінде теңізге түскен
едім. Суын ішкенімде тұзды емес еді, тұщы және жағымды еді.
Хадис шәрифтерде
былай бұйырады:
«Қадір түні
аспан ашық және жағымды болады. Суық және ыстық емес, таңертеңгісін күн қызарып
туады.» (Табарани)
«Қадір түні
ашық аспанды болады, ыстық және суық емес. Бұлтсыз болады. Жаңбыр және жел
болмайды. Ол түннің азанының белгісі күннің шуақсыз шығуы.»
(Табарани)
«Қадір
түнінің таңында күн шуақсыз туады. Көтерілгенге дейін бір табақ секілді болып
көрінеді.» (Муслим)