2 ШӘУУАЛ 1431
     10 Қыркүйек 2010    Жұма

негіз / Ораза

Оразаның парыздары


Оразаның парызы үш:

1.       Ниет ету.

2.       Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау.

3.       Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу.

 

Оразаға ниет:

     Рамазан және нәпіл оразаға ниеттің алғашқы уақыты күн батқаннан (ақшамнан) кейін басталады. Соңғы уақыты ертеңіне түскі намазға бір сағат қалғанға дейін болады. Ал қаза және кәфарат оразаларының ниеті ақшамнан имсак уақытына дейін жалғасады.

     Рамазанда оразаға ниет еткенде ақшамнан имсак уақытына дейін «ертең ораза тұтуға», имсактан кейін «бүгін ораза тұтуға» деп айтылады. Жаңылысып қате айтылса да ораза тұтатын күні мәлім болғаны үшін зияны жоқ. Рамазанда бір айлық оразасы үшін жалпылама бір рет ниет етуге болмайды, әр күні үшін бөлек бөлек ниет ету парыз болып табылады.

    Түнде жатарда тамақтанып немесе тамақтанбай ниет етсе, кейін түнде оянғанда, сәреге тұрғанда тамақтанудың зияны жоқ. Тіпті кешкі ас кезінде ниет ету жақсы болады. Ниеттен кейін имсак уақытына дейін жеп ішудің зияны жоқ. Рамазанда «ертең тісім ауырмаса ораза тұтамын, ауырса тұтпаймын» деген секілді күмәнды ниетпенен ораза сахих болмайды.   

 

Сұрақ: Күнтізбелерде жазылған имсак деген уақыт нені білдіреді? Бұл уақытта таң намазын оқуға бола ма?

 

Жауап: Имсак түннің біткенін, яғни ораза тұтқанда ішіп жеуді тоқтату уақытын білдіреді. Түркістан күнтізбесінде жазылған имсак уақытында жеп ішуді тоқтату керек. Қазақстанда бұдан 15-20 минут өткеннен соң таң намазын оқуға болады. Қате күнтізбелерге қарап азан айтылғанға дейін аузын бекітпеген адамның кінәні қате күнтізбеге жүктеуі, өзін жауапкершіліктен құтқармайды.   

 

Сұрақ: Әкем ораза тұтқанда күнтізбе бойынша емес, Құран бойынша амал етуде. Қара жіппен ақ жіпті бір бірінен ажырата алғанға дейін тамақтануда. Айнала жарық болғанға дейін тамақтануына қарап күмәнданып жүрмін, осы дұрыс па?

 

Жауап: Бақара сүресіндегі «Ақ жіппен қара жіп ажырағанға дейін жеп ішіңдер» деген 187-ші аяттағы жіп сөзі – күндіздің ағаруымен түннің қараюын білдіреді. Аят кәриманың мағынасы «Күндіздің жарығымен түннің қараңғылығы, жіп секілді бір бірінен ажырағанға дейін жеп ішіңдер» дегенді білдіреді. Бұл аят кәриманы естіген сахаба «Ей расулуллаһ, мен күндіздің түннен ажырағанын білу үшін жастығымның астына ақ жіппен қара жіп қойдым. Бірақ түннің біткенін ажырата алмадым» дейді. Сонда пайғамбарымыз «Ол жіптер күндіздің жарығымен түннің қараңғылығы» деп бұйырады. Егер пайғамбарымыз мұны түсіндірмегенде ақ жіптің күндіз, қара жіптің түн екенін қалай білер едік? Құран кәрімнен түсінгенімізге жүгініп мына жігіттің әкесі секілді, әсіресе бұлтты күндерде әлі дала қараңғы деп күн шыққанға дейін жеп ішер едік.




Рамазан сұхбаты:

Қадір түні (Ләйлә-тул-қадр)

Қадір түні рамазан айының ішіндегі және құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аятта былай бұйырылды: «Қадір түні мың айдан қайырлы». Құран кәрім расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күнінде және түндерінен іздеу керек...

Жалғасы


Сұрап үйренген ғалым:

Тарауих намазы

         Сұрақ: Тарауих намазы қанша рәкат және жамағатпен оқу сүннет пе, қалай оқылады?          Жауап: Пайғамбарымыз 3-4 күн тарауих намазын жамағатпен оқыды, одан кейін үйінен шықпай қойды. Себебін сұрағанда «Тарауих намазының сендерге парыз болуынан қорққаным үшін үйден шықпадым» деп айтты. (Бұхари) ...

Жалғасы

Іздеу
НАМАЗ УАҚЫТЫ
Имсак .......  
Күн .......  
Бесін .......  
Аср .......  
Ақшам .......  
Құптан .......  

Намаз уақыттары

Cүрелер және дұғалар

Таңдамалыға қосу
Таңдамалыға қосу

Жаңалықтарға жазылу
Email:      

info@islamdini.kz
-->
Қонақтар саны:

Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. Islamdini.kz ®