2 ШӘУУАЛ 1431
     10 Қыркүйек 2010    Жұма

негіз / Ораза

Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар


Новая страница 1

Сұрақ: Қандай жағдайларда ораза тұтпауға рұқсат беріледі?

Жауап: Ораза тұтпауға рұқсат берілген жағдайлар мыналар:

1) Ауру: ауруға шалдыққан немесе ораза тұтқанда ауруы асқынатын кісі ораза тұтпайды. Тұтқан болса, аша алады. Ауруға қарайтын кісі де ауру үкіміне жатады, яғни ауруға қарауда қиналатын болса, тұтпауға болады.

2) Сафарилік: 104 км алысқа сапар шеккен кісі 15 күннен аз қалатын жерінде сафари (жолаушы) болады. Жолда қиындық туындаса, жұмысына кедергі болса немесе қазаға қалатындай бір жағдайға тап болса, оразасын қазаға қалдыру жаиз болады. Хадис шәрифте: «Сапарда қиындық туғанда ораза ұстау дұрыс емес» делінді. (Бухари)

3) Екі қабат және омырауда баласы болу: Өзіне немесе баласына бір зияны тиетін болса, екі қабат және емізулі баласы бар әйел ораза тұтпайды. Хадис шәрифте: «Аллаһу таала екі қабат әйелмен емізулі баласы бар әйелдің ораза тұтпауына рұқсат берді, оразасын кешіктірді» делінген. (Әбу Даут, Тирмизи, Нәсаи). Емізетін әйел өз баласы немесе басқаның баласын емізсе де үкім бірдей.

4) Аштық және сусыздық: Қатты аштық немесе шөлдеуге тап болып, өлім қауіпі немесе талып қалу не ауырып қалу жағдайына жолыққан кісі оразасын аша алады.

5) Кәрілік: Өте қарт кісі ораза тұта алмайтындай халде болса, тұтпайды. Егер күш жинау мүмкіндігі де болмаса, тұтпаған күндері үшін фидйа береді. 30 күннің фидйасы 53 кг ұн.

6) Қорқытылу: Ораза тұтқан адам «оразаңды ашпасаң өлтіремін немесе бір жеріңді кесемін» дегенге ұқсас сөздермен қорқытылған болса, қорқытқан адам күшті болса, әзілдемеген болса, оразасын ашуы күнә болмайды.

            Рамазан шәриф айында ораза тұту үлкен сауап. Еш қандай себепсіз ораза тұтпау да үлкен күнә болады. Хадис шәрифте пайғамбарымыз: «Себепсіз рамазанда бір күн ораза тұтпаған кісі оның орнына жыл бойы ораза тұтса, рамазандағы әлгі бір күндік сауапқа жете алмайды» деді. Бірақ, жоғарыдағылар сияқты діннің рұқсат берген бір себебі болса, ораза тұтпауы күнә емес. (Тирмизи)




Рамазан сұхбаты:

Қадір түні (Ләйлә-тул-қадр)

Қадір түні рамазан айының ішіндегі және құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аятта былай бұйырылды: «Қадір түні мың айдан қайырлы». Құран кәрім расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күнінде және түндерінен іздеу керек...

Жалғасы


Сұрап үйренген ғалым:

Тарауих намазы

         Сұрақ: Тарауих намазы қанша рәкат және жамағатпен оқу сүннет пе, қалай оқылады?          Жауап: Пайғамбарымыз 3-4 күн тарауих намазын жамағатпен оқыды, одан кейін үйінен шықпай қойды. Себебін сұрағанда «Тарауих намазының сендерге парыз болуынан қорққаным үшін үйден шықпадым» деп айтты. (Бұхари) ...

Жалғасы

Іздеу
НАМАЗ УАҚЫТЫ
Имсак .......  
Күн .......  
Бесін .......  
Аср .......  
Ақшам .......  
Құптан .......  

Намаз уақыттары

Cүрелер және дұғалар

Таңдамалыға қосу
Таңдамалыға қосу

Жаңалықтарға жазылу
Email:      

info@islamdini.kz
-->
Қонақтар саны:

Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. Islamdini.kz ®