19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

Сүбханәкә дұға

Субханәкәллаһумма уә бихамдик. Уә тәбәракәсмүк. Уә тәалә жәддүк. (Уә жәллә сәнәук). Уә лә иләһа ғайрүк.  

Оқылатын жерлері:

Намазда қиямда (түрегеп тұрғанда) оқылады. 

1-      Әр намаздың алғашқы рәкатында, ифтитаһ тәкбірінен кейін оқылады.

2-      Екінті намазының сүннетінде, үшінші рәкатқа тұрғанда Фатихадан бұрын оқылады.

3-      Құптан намазының алғашқы сүннетінде, үшінші рәкатқа тұрғанда Фатихадан бұрын оқылады.

4-      Тарауих намазы төрт рәкатта бір рет сәлем беріліп оқылса, үшінші рәкатқа тұрғанда Фатихадан бұрын оқылады.

5-      Жаназа намзында, бірінші тәкбірден кейін оқылады. “уә жәллә сәнауук” тек жаназа намызда ғана оқылады.