16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   


Рәкат

Намаздың ішіндегі бөлімдері. Әр бірі қиям, руку және екі сәждеден тұрады.

«Бір адам қырық күн (жамағатпен оқылған) намазының бірінші рәкатын жіберіп алмаса, оған екі бәрат (азат етілу құжаты) жазылады. Тозақтан азат етілу бәраты және мұнафықтықтан құтылу бәраты.» (Хадис шәриф – Рамуз-ул-Әхадис)

«Мисуак қолданып оқылған екі рәкат намаз мисуаксыз оқылған жетпіс рәкат намаздан артық.» (Хадис шәриф – Табарани, Бәйһақи)

Ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен әрбір мұсылманның күнде бес уақыт намаз оқуы парыз. Бес уақыт намаз қырық рәкаттан тұрады. Бұлардың он жеті рәкаты парыз, үш рәкаты уәжіп және жиырма рәкаты сүннет. (Ибн Абидин)

Бірінші рәкат – намазға тұрғанда (кіргенде) басталады, кейінгі рәкаттар – қиямға тұрғанда басталып қайтадан келесі қиямға тұрғанға дейін жалғасады. Соңғы рәкат – сәлем бергенге дейін жалғасады. (Ибн Абидин)

Екі рәкаттан аз намаз болмайды. Ақшам намазының парызы мен үтір намазынан басқа намаздардың барлығы жұп рәкаттан тұрады. (Тахтауи)

Әрбір рәкатта намаздың парыздары, уәжіптері, сүннеттері, муфсидтері және мәкрухтары бар. (Абдуллаh Мусули)

Намазда рукуға үлгере алмаған адам сол рәкатты имаммен оқыған болмайды. Имам рүкуға иілген кезде келген адам ниет етіп және тік тұрып тәкбір айтып намазға кіреді. (Халеби Ибраhим)