10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Парыз (фарз)

Парыз (фарз)

Аллаһу та’ала орындалуын Құран аяттарында айқын және нақты түрде әмір еткен нәрселерге парыз делінеді. Парызды орындамау харам. Бұларға сенбеген және мән бермеген кісі кәпір болады. Парыз екіге бөлінеді: Парыз айн және парыз кифая.

«Құлым парыздарды орындау арқылы маған жақындағанындай басқа нәрселермен жақындай алмайды. Құлым нәпіл ғибадаттарын орындаған кезде оны өте қатты жақсы көремін. Ол менімен бірге көреді, естиді, жүреді, менімен бірге әр нәрсені ұстайды. Менен не сұраса беремін, маған сиынса оны қорғаймын.» (Хадис құдси – Бұхари)

«Ей құлым! Әмір еткен парыздарымды орында, сонда адамдардың ең абиді (ғибадат еткені) боласың. Мен тыйым салған харамдардан сақтан, уәра иесі боласың. Берген ризықыма қанағат ет, сонда адамдардың ең байы боласың, ешкімге мұқтаж болмайсың. (Хадис құдси – Мишқат, Жами-ус-Сағир)

Аллаһу та’ала разы болатын істер парыздар мен нәпіл ғибадаттар болып табылады. Бірақ парыздардың жанында нәпіл ғибадаттардың еш қадірі жоқ. Бір парыз ғибадатты өз уақытында орындау, мың жыл нәпіл ғибадаттарды орындаудан да пайдалы. Тіпті бір парызды орындаған кезде оның сүннеттерінің бір сүннетін және әдептерінің бір әдебін орындау да, басқа нәпіл ғибадаттарды орындаудан қаншама есе құнды. (Имам Раббани)