9 - Шәууал, 1445 жыл.
     18 - Сәуір, 2024 жыл.   


Ақида

Ақаид, итиқад, сенім, Ислам дініндегі сенілетін нәрселер, иман ілімдері дегенді білдіреді. Пайғамбарымыздың саллаллаһу алейһи уәсәлләм Аллаһу та’ала тарапынан бүкіл адамзатқа әкелген және білдіргендерінің барлығын көңілмен растап, қабылдап, сену деген сөз.

Аллаһу та’аланың бар және бір екендігіне, періштелеріне, жіберген кітаптарына, пайғамбарларына, ахирет күніне, тағдырға, қияметке, жынмен періштелердің бар екендігіне, Адам алейһиссалам бүкіл адамдардың бабасы екендігіне және алғаш пайғамбар екендігіне сену тек көңілмен болады. Бұлар ақида ілімдері. (Қутбиддин Изники)

Мұсылмандардың бірінші міндеті ақидасын түзетіп, әһли сүннет уәлжамағат ғалымдарының білдіргендеріне сай сену. Екіншіден фиқһ (Исламның әмірімен тыйымдарына қатысты) ілімдерді үйреніп және барлық нәрсені осы ілімдерге сай орындау. (Мәулана Халид Бағдади)