11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   


Харам

Аллаһу та’аланың Құран кәрiмде  “iстемеңдер” деп ашық бұйырған iстерге айтылады. Харамдардың істелуіне және қолданылуына нақты түрде тыйым салынған. Харам болған нәрселердi тәрк ету, олардан сақтану  парыз және үлкен сауап.

Құран кәрімде былай делінген: «Оларға айт! Раббым бүкіл фухшты (күпірлік және мұнафықтықты), ашық және жасырын болған әртүрлі күнәларды, хақсыз түрде қарсы шығуды, Аллаһу та’алаға ешқашан дәлелсіз түсірген кез келген нәрсемен серік қосуды және білмеген нәрселеріңді Аллаһу та’алаға иснад етуді (өтірік дәлел келтіріп Аллаһу та’алаға жала жабуды) харам етті.» (Араф сүресі 33)

«Көп адамдар бар, олардың жеген-ішкендері, кигендері харам. Кейін қолдарын жайып дұға етеді. Мұндай дұға қалай қабыл болады?» (Хадис шәриф – Кимйа-и Садәт)

«Адам харам істеуді ойлап, бірақ Аллаһу та’аладан қорқып істемесе, еш күнә жазылмайды.  Егер істесе бір күнә жазылады.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

«Аллаһу та’ала харам болған нәрселерде сендерге шипа жаратпаған.» (Хадис шәриф – Бұхари)

Харамдардан сақтану ақылды, мәртебелі адамдардың жаратылысынан болып табылады. (Хазреті Әли)

Харамда шипа жоқ. (Имам Раббани)

Харам жолмен келген бір алтынды иесіне қайтару, жүз алтын садақа беруден де қадірлі, жақсы. (Имам Раббани)

Дүниеде харам істеген адам ахиретте одан махрұм қалады. Дүниеде халал нәрселерді қолданғандар, ахиретте сол нәрселердің ақиқатына қауышады. Мысалы бір еркек дүниеде харам болған жібекті киетін болса, ахиретте жібек киюден махрұм қалады. Ал жібек, жаннаттың киімі. Олай болса бұл күнәдан тазаланбағанша жаннатқа кіре алмайды деген сөз. Жаннатқа кіре алмаған адам жаһаннамға кіреді. Өйткені ахиретте бұл екеуінен басқа барар жер жоқ. (Сәйид Абдулхаким Аруаси)