23 Сәуір 2017   



Ақиқа

Перзент ниғметін бергені үшін Аллаһу та’алаға шүкіршілік ету ниетімен сойылатын мал.

«(Бала дүниеге келгенде) жетінші күні ақиқа малы сойылады. Аты қойылып, шашы алынады.» (Хадис шәриф – Тирмизи, Ахмед бин Ханбәл)

«Ақиқа ұл үшін екі, қыз үшін бір мал сою.» (Хадис шәриф – Шират-ул-ислам)

Хижреттің сегізінші жылы ұлы Ибраһим дүниеге келгенде жетінші күні расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” шашын алып, шашының салмағындай күміс садақа берді және ақиқа ретінде екі қошқар сойды. Шаштарын көмді. (Имам Қасталани)

Балаға жетінші күні ат қою және шашын алу, шашының ауырлығындай еркек үшін алтын немесе күміс, қыз үшін күміс садақа беру және еркек үшін екі, қыз үшін бір ақиқа мал сою мүстаһаб. Ақиқа малы құрбандық малы сияқты болуы керек. Кейін де союға болады. Ханафи мазһабында Ақиқаның етін пісірілген түрде де, шикілей (ет) түрінде де бай, кедей барлық адамға беруге болады. (Сәйид Әлизада)

Ақиқа балаларды түрлі бәле-жаладан, аурудан қорғайды. Ақиқасы сойылған балалар қияметте ата-анаға ерекше шапағат етеді. (Сәйид Әлизада)