30 Мамыр 2017   


  Негізгі бөлім / Терминдер / Алейһимурридуан

Алейһимурридуан

"Аллаһу та‘аланың разылығы оларға болсын" немесе "Аллаһу та’ала олардан разы болсын" деген мағынадағы дұға және құрмет білдіретін сөз. Екіден көп сахабаның есімі айтылғанда, есітілгенде және жазылғанда айтылады және жазылады. Бір кісі үшін “алейһирридуан”, екі кісі үшін “алейһимәрридуан” делінеді.

Асхаби кирам (алейһимурридуан) пайғамбарлардан кейін бүкіл махлұқтардың (жаратылғандардың) ішіндегі ең үстемдері болып табылады. (Омар Нәсәфи)

Сахабалар (алейһимурридуан) пайғамбарымызды “саллаллаһу алейһи уә сәллем” өте жақсы көретін еді. Оның жолында жандарын, малдарын, мүліктерін, бала-шағаларын, әке-шешелерін, отандарын тәрк және пида етті. (Мұхаммед Масум-и Фаруқи)