15 - Шәууал, 1445 жыл.
     24 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Сүннети Сәйия (жаман жол, жаман әдет)

Сүннети Сәйия (жаман жол, жаман әдет)

Ислам дінінің тыйым салған, кейіннен пайда болған жаман, ұнатылмаған нәрселері. Сүйікті пайғамбарымыздың және төрт халифасынының заманында болмай, олардан кейін дінде пайда болған, ғибадат ретінде жасалатын нәрселер. Бидғат дегенді білдіреді. (Бидғат бөлімін қараңыз)

«Кім ислам дінінде бір сүннети сәйия (жаман жол) ашатын болса, мұның күнәсы және мұны істегендердің күнәсы оған жазылады.» (Хадис шәриф – Сахихи Мүслим)

"Бидғаттар, яғни діндегі реформалар, кейіннен пайда болған жаңалықтар сүннети сәйия болып табылады. Намаздан кейін дереу “Аятәл-күрси”дің орнына салатән тунжина немесе басқа дұғаларды оқу сүннети сәйияға (жаман әдетке) жатады. Діни үкімдерде және ғибадаттарда өзгерістер жасалуына Ислам діні қатаң түрде тыйым салған." (Әли Махфуз)