18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   


Шәһуат

Нәпістің армандары мен қалаулары.

«Жаһаннам шәһуат пердесімен  қоршалған. Ол жерге шәһуаттарға еру арқылы кіріледі. Жаннат да нәпсінің қаламаған ғибадаттарымен қоршалған. Ол жерге ғибадат машақаттары арқылы кіріледі.» (Хадис шәриф – Бұхари)

Шәһуат үш түрлі болады: ішіп-жеуге құмарлық, сөйлеуге және көруге құмарлық. Тамақ жеген халіңді Аллаһу та’алаға сеніп және тәуекел етумен, тіліңді дұрыс сөз айтумен және көзіңді ғибратпен қарау арқылы қорға! (Хатеми Әсам)

Шәһуат – шайтанның тізгіндері болып табылады. Осы тізгіндерін шайтанға ұстатқан адам оған құл болады. (Әбу Бәкір Кәттани)

Ислам діні шәһуатты және ашу-ызаны жоқ қылуды емес, осы екеуін де тізгіндеп, дінге сай қолдануды бұйыруда. (Шәрәфуддин Ахмед Мунири)

Жастық шақ – нәпсінің қайнаған, шәһуаттың ойнаған, адам мен жын-шайтандардың бас салған заманы. Сондай заманда жасалған аз амалға өте көп сауап беріледі. (Ахмед Фаруқи)