18 Қараша 2017   



Амин

"Қабыл ет" деген мағынадағы, дұға соңында айтылатын сөз.

«Кімде-кім намаздан кейін имаммен дұға етіп, амин десе, амин сөзінің әріптері төртеу, әрбір әрпіне мың періште түседі. Бұлар қиямет күніне дейін бұл кісіге дұға етеді.» (Хадис шәриф – Мифтаһ-ул Жәннә)

Аллаһым, бізге жеткілікті ризық, денімізге саулық, өлместен бұрын тәубе, өлген кезде рахаттық, өлімнен кейін кешірім және тозақ отынан құтылуды, жаннатқа кіруді, дүние мен ахиретте кешірімге қауышуды нәсіп ет! Амин. (Китаб-ус-салат)

Бір адам қолындағы харам болған малынан садақа беріп, одан сауап күтсе, алған кедей де оның харам екендігін біле тұра берген адамға «Аллаһ разы болсын!» десе, берген адам немесе басқа біреу оған «Амин!» десе барлығы да күпірлікке түседі. (Ахи Юсуф Челеби)

Жамағатпен намаз оқыған кезде имам “Уәләд-даллин” дегенде имаммен жамағаттың және жалғыз оқыған адамның «Фатиха» сүресін оқып біткен кезде ішінен «Амин» деулері сүннет. (Халәбии Сағир)