10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Ад қауымы

Ад қауымы

Худ алейһиссаламның қауымы. (Хұд алейһиссалам бөлімін қараңыз) Бұл қауым Нұх алейһиссаламның немерелерінен болған Адтың балаларынан тарағандықтан осылай аталған. Бұл тайпа Йеменде Хадрамут аймағына, Умман мен Аден арасында Ахкаф деп аталатын жерді мекендеді. Йемен мен Шам арасында тұрғандықтары да риуаят етіледі.

Құран кәрімде былай делінеді:

«Ад қауымына бауырлары Худты пайғамбар етіп жібердік. Хұд (алейһиссалам) оларға: “Ей қауымым! Аллаһу та’алаға ғибадат етіңдер. Ғибадат етілетін Одан басқа (тәңір) жоқ. Әлі де Оның азабынан қорқпаймысыңдар?” деді.» (Араф сүресі 65)

Құран кәрімде Хұд алейһиссалам үшін “Ад қауымының бауыры” делінуі дін бауырлары болғандықтан емес. Сол қауымның ішінен шыққандығы, олармен бір тектен шыққандығынан айтылған. Өйткені діни сенім және ғибадаттары жағынан Хұд алейһиссаламның қауымымен жақындығы және ұқсасты.