18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Арасат алаңы

Арасат алаңы

Өлгеннен кейін адамдардың және барлық жандылардың қайта тіріліп жиналатын алаң. Бұл жерге мәуқиф және махшар деп те айтылады.

«Қиямет күні сахабаларымның әрқайсысы қабірлерінен тұрған кезде қайтыс болған елдерінің барлық мұсылмандарының алдына түсіп және оларға нұр және жарық шашып, оларды Арасат алаңына алып келеді.» (Хадис шәриф – Тирмизи)

Қияметте адамдар Арасат алаңында елу мәуқифте (жерде) тұрғызылады. Әр мәуқифте мың жылдан қалады. (Қадызада Ахмед)

Арасат алаңында машақат (зорлық) және қиындық тартатындар кәпірлер мен пасықтар (күнәһарлар) болады. Олардың жағдайлары өте қорқынышты күйде болып, күн найзаның биіктігіндей тас төбеде тұрады. Әркім жасаған күнәлары бойынша терлейді. Кейбіреуі тізесіне, кейбіреуі алқымына, кейбіреуі төбесіне дейін терлеп, қара терге түседі. (Имам Биргиуи)