19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Алим (Әл-Алим)

Алим (Әл-Алим)

Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Жасырын, ашық, болған және болатын барлық нәрсені әзәли (бастауы жоқ ежелгі) және мәңгі ілімімен ең керемет білуші дегенді білдіреді.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Ол барлық нәрсені алим (білуші)» (Хадид сүресі 6)

Әл-Алим есім шәрифті айтуды әдетке айналдырған адамға рухани сырлар ашылады, хикмет және марифатқа қауышады. (Юсуф Набхани)