19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Хызыр алейһиссалам (Қыдыр ата)

Хызыр алейһиссалам (Қыдыр ата)

Ибраһим алейһиссаламнан кейін өмір сүрген пайғамбар немесе әулие. Еуропа және Азия құрлығын билеген Зұлқарнайын алейһиссаламның әскерінің қолбасшысы және бөлесі болған. Атының Бәлқа бин Мәлқан лақап атының Әбул-Аббас болғаны және тегінің Нұх алейһиссаламның Сам деген ұлына тірелетіні білдірілген. Кейбіреулер Хызыр алейһиссаламның Исраил ұрпақтарынан екенін айтқан. Хызыр деген лақап атпен мәшһүр болуының себебі – тақыр бір жерге отырып, ол жерден тұрған кезінде сол жердің жап-жасыл болуы. Сахих Бұхари кітабында білдірілген бір хадис шәрифте пайғамбарымыздың «Хызыр алейһиссалам шөпсіз, тақыр бір жерге отырғанында ол жер бірден жап-жасыл болып, артынша желмен тербеліп тұратын» дегені хабар берілген. Өлімінен кейін рухы адам бейнесінде көрініп, қиналған жандарға көмектесуде.  

Хызыр алейһиссалам Аллаһу та'аланың сүйікті құлдарының бірі. Туылды, үлкейді және қайтыс болды. Тек, Аллаһу та'ала оның рухына адам кейпінде көріну және қияметке дейін көмек сұраған мұсылмандардың жәрдеміне жетіп бару,  көмектесу, сөйлесу, ілім үйрену және үйрету қасиеттерін берді. Кейбір ғұламалар «Нәби» (пайғамбар) десе, кейбіреулері «әулие» болған дейді. Хызыр алейһиссалам көркем мінезді, жомарт және адамдарға өте мейірімді еді. Аллаһу та'аланың рұқсатымен керемет иесі болып, химия ғылымын білетін еді. Аллаһу та'аланың білдіруімен ләдун ілімін де білді. Хызыр алейһиссаламның Мұса алейһиссаламмен кездесуі, бірге сапар шегуі Құран кәрімде Кәһф сүресінің 60 пен 80-ші аяттарында және хадис шәрифтерде білдірілген. Пайғамбарымыз алейһиссалам сахабаларымен бірге Тәбук соғысында екінді намазын оқығаннан кейін екі шумақ есітті. Бірақ, бұл шумақтарды айтқан адам жоқ еді. Расулуллаһ алейһиссалам: «Бұл шумақтарды айтқан бауырым Хызыр, сендерді мақтап жатыр» деді. Хызыр алейһиссалам көптеген әулиелердің тасаууфта ілгерілеуінде жол сілтеуші болған, файз-береке берген. Хызыр алейһиссаламның тасаууфта жетілдірген ең мәшһүр шәкірті - ғалым, әулиелердің бірі Абдулхалиқ Ғиждуани. Хызыр алейһиссалам Ілияс алейһиссаламмен бірге пайғамбарымыздың қайтыс болғанында бөлмесіне келіп әһли бәйт үшін сабыр етулерін айтады. Олардың келгендерін және сабыр етуді айтқандарын әһли бәйтке хазреті Әбу Бәкір білдірді.