14 - Шәууал, 1445 жыл.
     23 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Харижилер (харижит)

Харижилер (харижит)

Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ. Өйткені Әһли сүннет сенімінде сахабаларды бөліп-жармай барлығын жақсы көру керек, ал харижилер сахабалардың кейбіреулерін жек көрмек түгілі, кәпір деп те жала жабады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Барлық нәрсенің негізі бар. Мұсылмандықтың негізі – сахабаларымды және әһли бәйтімді жақсы көру.» (И. Нәжжар)

Харижилер «Амал иманның бөлігі» деп айтады, ал амал иманның бөлігі емес. Күпірліктің терісі – иман, ал күнәнің терісі – ғибадат. Иманды тәрк еткен адам кәпір болады. Ал ғибадатты тәрк еткен адам күнәһар болады. Ғибадатсыз иман өтеді, қабыл болады. Ал имансыз жасалған ғибадат қабыл болмайды. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Зина жасаған, ұрлық жасаған, ішімдік ішкен мұсылмандар да жаннатқа кіреді.» (Бұхари)

«Жүрегінде зередей (титімдей) иманы болған адам тозақта мәңгі қалмайды.» (Бұхари)

«Үлкен күнә істеген мұсылмандарға шапағат етемін.» (Нәсаи, Тирмизи)