11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Ашара-и мубашшара

Ашара-и мубашшара

         Пайғамбарымыз алейһиссалам тарапынан жаннатқа кіретіндері туралы дүниеде сүйіншіленген он сахаба.

         «Әбу Бәкір жаннатта. Омар жаннатта. Осман жаннатта. Әли жаннатта. Талха жаннатта. Зубайр жаннатта. Абдуррахман бин Ауф жаннатта. Са’д ибн Әби Уаққас жаннатта. Саид ибн Зәйд жаннатта. Әбу Убайда ибн Жаррах жаннатта. (Хадис шәриф – Муснәди Ахмед бин Ханбәл)

         Мұхаммед алейһиссаламның үмбетінің ішіндегі ең үстемдері оған иман келтіріп, мүбәрәк жүзін көрумен мәртебеленген сахабалары. Бұлардың ішіндегі ең үстемдері Худәйбийада Расулуллаһ алейһиссаламға ант бергендер. Бұлардан да ең үстемдері Бәдр соғысына қатысқандар. Бұлардан да ең үстемдері алғаш мұсылман болған қырық кісі. Бұлардың да ең үстемі ашара-и мубашшара. (Тәфтазани)