11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Афуу (Әл-Афуу)

Афуу (Әл-Афуу)

Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Кешірімі көп болған, күнәлар, қате және кемшіліктердің салдарынан жазаландырмайтын, күнәларды кешіріп, амал дәптерден өшіруші дегенді білдіреді.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Егер бір жақсылықты ашықтасаңдар немесе оны жасырсаңдар не (сендерге жасалған) бір жамандықты кешірсеңдер, біліңдер Аллаһу та’ала Афуу (аса кешірімді) және қадир (барлық нәрсеге күші жетуші, құдіретті)Аяти кәримада кешірімді болуға, мазлұмның (зұлымдыққа ұшыраған адамның) зұлымдық еткен адамды кешіруі үгіттелуде. (Ниса 149)

«Аллаһым! Мені кешіре гөр. Өйткені сен Афуусың (кешірушісің) және Кәримсің (ілтипаты мен мейірімі мол) (Хадис шәриф - Табарани)