17 - Шәууал, 1445 жыл.
     26 - Сәуір, 2024 жыл.   


Мизан

1) Таразы, өлшеу құралы.

Аллаһу та'ала Құран кәрімде былай деген: «... (Шуайб алейһиссалам), Қауымына былай деді: Раббыларың тарапынан сендерге ашық мұғжиза келді. Бұдан былай мизандарың (тараздарың) дұрыс болсын. Адамдардың ақыларына мән беруде кемшілік жасамаңдар. (Пайғамбарлар және олардың ізінде болғандардың көмегімен) тазарған жер жүзін (күпір және қулықтарыңмен) бүлікке салмаңдар. Егер менің сөзімді құптасаңдар, (осы айтқандарым) сендер үшін қайырлы.» (Араф сүресі 85)

Шуайб алейһиссалам Әйке халқын өлшеу құралдарын, мизандарын (тараздарын) дұрыс өлшеуге, адамдардың ақыларын жемеуге, жер бетіне жамандықты жаймауға, Аллаһу та'аладан қорқуға жене тақуалыққа шақырды. (Фахруддин Рази)

2) Қиямет күні адамдардың күнәсімен сауабын тартатын (өлшейтін) және қандай екені білінбеген таразы.

Аллаһу та'ала Құран кәрімде былай деген:

«Біз қиямет күніне тән әділдік мизандарын құрамыз. Сонда ешкім ешнәрсемен әділетсіздікке ұшырамайды. (Жасалған амал) қыша данасындай болса да, оны алып келеміз (мизанға қоямыз). Есепке алушы ретінде біз (бәріне) жеткіліктіміз.» (Әнбиа сүресі 47)

«Сонда кімнің (сауап) мизаны ауыр басса, олар қорыққандарынан амандықта болып, үміт еткендеріне жеткендердің дәл өздері. Ал кімнің мизаны жеңіл басса, олар өздерін масқаралағандар. (Олар) Тозақта мәңгі қалушылар.» (Муминун сүресі 102, 103)

«Мизанда жақсы мінезден ауыр басатын еш нәрсе жоқ.» (Хадис шәриф – Әдәбул-Муфрәд)

«Бір адам қияметте мизанға әкелінеді. Кейін әр қайсысының үлкендігі, көзінің көре алатындай ұзындықта болған тоқсан тоғыз амал дәптері әкелінеді. Бұл дәптерде әлгінің жақсылығымен жамандығы жазылған. Күнәсі сауабынан көп болып, жаһаннамға жіберіледі. Жаһаннамға әкетіп бара жатқанда, Аллаһу та'аланың дәргейінен бір дауыс естіледі; "Асықпаңдар. Оның тартылмаған бір нәрсесі бар" дейді. Бас бармақтың ұшындай бір нәрсе әкелінеді. Үстінде “Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммәдун расулуллаһ” деп жазылған болады. Тараздың сауап табағына қойылады. Осылайша сауабы, күнәларынан ауыр болып,  жаннатқа кіруі әмір етіледі.» (Хадис шәриф – Ахлақул-Уләма)

Жақсы амалдар әдемі түрлерде, ал жаман амалдар жаман  пішіндерде келіп, мизанға қойылады. (Ибн Аббас)