19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   


Салих

Жақсы, діндар адам. Дүниеге мән бермейтін, ақидасы (сенімі) дұрыс, Аллаһу та'аланың разылығына, сүйіспеншілігіне қауышуға тырысатын мұсылман.

Аллаһу та'ала Құран кәрімде: «Сендерден біреулеріңе өлім (белгілері) келіп: "Йа, Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең, садақа берсем және салихтардан болсам " деуден бұрын өздеріңе ризық ретінде берілген нәрселерден (Аллаһ жолында) жұмсаңдар» делінген. (Мунафиқун сүресі 10)

«Салих құлдарым үшін жаннатта ешбір көз көрмеген, ешбір құлақ естімеген, ешқандай адамның ойына кіріп шықпайтын түрлі ниғметтер дайындадым.» (Хадис құдси – Әт-Тәрғиб уәт-Тәрхиб)

«Үмбетімнің ішіндегі салихтарының жаннатқа кірулері оқыған намаздары және тұтқан оразаларының арқасында емес. Олардың жаннатқа кірулері жомарттықтары, көңілдерінде (жүректерінде) мұсылмандарға қарсы кек сақтамаулары және мұсылмандарға айтқан насихаттарының арқасында болмақ.» (Хадис шариф -  Дара Қутни)

Салихтармен сұхбатта бірге болыңдар. Олар дүниенің қазыналары. Олармен бірге болу – мәңгілік бақыттың кілті. (Жафар Хүлди)

Кімде-кім жаннаттықтардан болуды қаласа, салих адамдармен бірге болсын. (Харис әл-Мухасиби)

Салихтардың қызметінде болған адамның дәрежесі көтеріледі. Аллаһу та'ала өзін салихтарға құрмет көрсетуден махрұм қылған адамды адамдардан келетін қиыншылықтарға тап қылады. (Әбу Мидиән Мағриби)

Аллаһым! Қалауларымыздың төмендігінен және жамандығынан, амалдарымыздың құсыр, кемшіліктерінен, ажалымыздың жақындауынан, салих құлдарыңның арамыздан кетуінен саған сиынамыз. (Абдуллаһ бин Ғалиб)