11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Субханаллаһ

Субханаллаһ

“Аллаһу та'аланы кемшілік және нұқсан сипаттардан пәк деп білемін, ұзақ деп қабылдаймын” (яғни Аллаһу та’аланың кемшілік сипаттары жоқ) деген мағынадағы мүбәрәк, қасиетті сөз.

«Әр намаздан кейін 33 тәсбих (Сүбханаллаһ), 33 тахмид (Әлхамдулиллаһ), 33 тәкбір (Аллаһу әкбар) және бір тәһлил: “Лә илаһә иллаллаһ уаһдәһу лә шәрикә-ләһ ләһул-мулку уә ләһул хамду уә һуә ала кулли шәйин қадир” деген адамның теңіз көбігіндей күнәсі болса да кешіріледі.» (Хадис шәриф – Халеби)

«Айтылуы өте оңай, таразыда өте ауыр басатын екі сөз бар. Аллаһу та'ала бұл екі сөзді өте жақсы көреді. “Субханаллаһи уә би хамдиһи, субханаллаһил азыйм”» (Хадис шәриф – Мәктубати Раббани)

Субханаллаһ деу тәубенің кілті, тіпті нағыз өзі. Сондықтан субханаллаһ деп айту күнәлардың жойылуына және жамандықтардың кешірілуіне себеп болады. Сол себепті таразыда хасанат (ізгілік), жақсылық тарапын толтырып, өте ауыр басады. Аллаһу та'аланың сүйікті құлы болады. Субханаллаһ деген және хамд (шүкір) еткен мұсылман барлық кемел және жамал қасиеттердің Аллаһта бар екенін, Оған лайық болмаған қасиеттердің, сипаттардың, кемшіліктердің жоқ екенін білдіргенде кәрим және ихсан иесі болған Аллаһу та’аланың сол құлын пайдасыз нәрселерден алыстатуы және оған кемелдік сипаттарын ихсан етуі үміт етіледі. (Имам Раббани)