15 - Шәууал, 1445 жыл.
     24 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Ашура күні

Ашура күні

Хижра жылының алғашқы айы болған Мухаррам айының оныншы күні.

«Кімде-кім Ашура күні ораза тұтса, Аллаһу та’ала оған шәһид сауабын береді. Ашура күні ауыз бекіткен адамға жеті қат көк иелерінің сауабын жазады. Ашура күні бір мұсылманға ауызашар берген адамға Мұхаммед алейһиссаламның үмбеттерінің барлығына ауызашар бергендей сауап жазылады. Ашура күні бір жетімнің басын сипаған адамға Аллаһу та’ала сол жетімнің басындағы қылдарының санынша жаннатта дәреже береді.» (Хадис шәриф – Ғунйәт-ут Талибин)

Мухаррам айы Ислам дінінде қасиетті деп білдірілген төрт айдың бірі. Ашура түні – бұл айдың ең қадірлі түні. Нұх алейһиссалам топанда кемесінде ашура тәттісін пісіргені үшін мұсылмандардың мухаррам айының оныншы күні ашура тамағын пісіруі ғибадат емес. Қазіргі таңда ашура тамағын ғибадат деп санау күнә болып табылады. (Мұхаммед Сыддық бин Саид)