23 Шілде 2017   


  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Ібіліс

Шайтанның есімдерінен бірі және шайтандардың басшысы.

Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Біз періштелерге Адамға сәжде етіңдер деген кезімізде Ібілістен басқа бүкіл періштелер сәжде етті. Бірақ Ібіліс тәкаппарланып сәжде жасамай, кәпірлерден болды.» (Бақара сүресі 34)

«Аллаhу та’ала Ібіліске: «Саған мен әмір еткенде сені сәжде етуден не тыйды?» деді. Ол: «Мен адамнан артықпын, өйткені мені оттан жараттың, ал оны балшықтан жараттың» деді.» (Араф сүресі 12)  

Үш тайпа адам Ібілістің және оның тобының жамандықтарынан қорғанады: Аллаhу та’аланы күні-түні зікір еткендер (еске алғандар), таң ертең истиғфар айтқандар (күнәларының кешірілуін сұрағандар), Аллаhтың азаптарынан қорқып жылағандар. (Хадис шәриф – Тәлбис-ул-Иблис)

Ібіліс пен оның көмекшілері әрдайым адамдарға жамандықтарды істетуге тырысады. Кейде жақсы амалдарды да істеуді еске салады. Бірақ бұл амалдарды істер кезде ужб (өз жақсылықтарын ұнату), рия араласып немесе парыздарды жіберіп алып күнаға батуына себепші болады. (Абдулғафур Лари)

Тәкәппарлық яғни өзін жоғары санау - жаман әдеттерден болып табылады. Ібіліс те осылай тәкәппарлық еткен. Періштелерге Адам алейhиссаламға сәжде ету әмірі берілген кезде; «Мен одан үстеммін. Мені оттан, ал оны балшықтан жараттың. Балшықтан жаратылған Адамға не үшін сәжде етуім керек» деп Аллаhқа қарсы шықты. Ібіліс оттың жалынын, нәзіктігін, айналаға жайған жарықтығын көрген кезде оны судан және топырақтан үстем деп ойлады. Ал негізінде үстемдік, өзін жоғары санауда емес, қарапайым, кішіпейілді болуда. (Мұхаммед Хадими)

Ібілістің жайбарақат, қуанышты халде, адамдарды алдаумен шұғылданбай отырғанын көрген әулие кісі: «Не үшін адамдарды алдамай, бос отырсың?» деп сұрағанда, Ібіліс: Бұл заманның жаман дін адамдары менің қызметімді жақсы атқарып жатыр. Адамдарды алдау үшін маған жұмыс қалдырмауда,- деген. (Имам Раббани)

 


Терминге сілтеме